41
Жоғарыда ұйымдастырылған іс-шаралардан бөлек, онлайн ре-
жимі арқылы аудандық оқыту бөлімшелерде өткізілетін сабақтар-
дың өтілуін қадағалау жұмысы қолға алынған.
Апта сайынғы аудандық оқыту бөлімшелері меңгерушілерінің
қатысумен өтетін оқыту орталығының жиналыстары да онлайн
режимде өткізіледі.
Осы сияқты іс-шаралар мен күнделікті жұмыс барысында он-
лайн бағдарламасын қолдану айтарлықтай орталықтың жоспарлы
жұмыстарына тың өзгерістер алып келді. Онлайн бағдарламасы-
ның келесі тиімділіктерін анықтадық:
• іс-шараға бір мезетте үлкен аудиторияны қамтуға мүмкіндік
береді;
• шалғай орналасқан аудандармен жедел байланыс орнатуға
болады;
• аудандардағы өткізіліп жатқан оқыту курстарын бақылап, қа-
дағалау мүмкіндігі
беріледі;
• оқытушыларға оқыту жүйесінде өзара еркін тәжірибе алма-
суға мүмкіндік туғызады.
Тілдерді үйрету жүйесіне жаңа ақпараттық технологияны ен-
гізу мақсатында Тілдерді оқыту орталығының www.tilzhambyl.kz
сайты жаңартылып, әрбір тіл үйренушіге сайтта онлайн режимін-
де тіркелу арқылы қалаған курстарына жазыла алу мүмкіндігі
беріліп отыр. Сонымен қатар мекеме басшылары өз қызметкер-
лерінің сабаққа қатысуы туралы мәліметті сайттан білуіне бола-
ды және сайттың мобильді нұсқасы бойынша әрбір тыңдаушы өз
сабақ кестесін кез келген уақытта өзінің ұялы телефоны арқылы
біле алады. 2017 жылы оқыту орталығының ресми сайтына бірқа-
тар өзгерістер енгізіліп, тіл үйренушілерге тілді еркін меңгеруіне
қолайлы жағдай жасалды. Атап айтсақ, сайт контентіне экспери-
мент ретінде бейне сабақтар айдары енгізіліп, онда тіл үйренуші
курс барысында өткізілген сабақтарды қажеттілігіне қарай қайта
көре алады.
2016 жылғы Қазақ тілі А1 деңгейінің оқулығына негізделіп
жасалған бұл бейне сабақтар оқытушының жұмысын жеңілдетіп
42
қана қоймай, қазақ тілін меңгертудің тиімділігін арттыруда да өз
үлесін қосуда. Қазіргі кездегі орталықтағы А1, А2 деңгейіндегі
қазақ тілі курстары толығымен екінші басылымдағы Қазақ тілі
оқулықтарымен жүргізілгендіктен, бейне сабақтардағы жаттығу-
лар мен грамматика, жаңа сөздер толығымен оқулықтан алынған.
Сондықтан тыңдаушы түсінбеген немесе есінен шыққан жаңа
сөздер мен ережелерді кез-келген өзіне ыңғайлы уақытта қайта
қарау мүмкіндігіне ие болады. Тілдерді оқыту орталықтары әр
түрлі салада қызмет атқарып жүрген ересек тұрғындарды оқыта-
тындықтан, курс барысында қандай да бір себептермен курсқа қа-
тыса алмаған тыңдаушы өз тобындағы тіл үйренушілерден артта
қалып қоймай, өз бетімен тілді үйрене алады. Осы орайда тіл мең-
гертудің тиімділігін арттыру үшін осы бейне сабақтарды дамыта
отырып электронды (word) нұсқасын қоса енгізетін болсақ, бейне
сабақтардың нәтижелілігі артары сөзсіз. Әрине, бұл әлі экспери-
ментті жоба болғандықтан, кемшін тұстары көп болуы мүмкін.
Қазақ тілін оқытудағы бірүлгі бағдарламаның жасалуы бізге жаңа
мүмкіндіктер ашты. Ендігі кезекте бірүлгі бағдарлама негізінде
В1, В2, С1 деңгейлеріне арналған оқулықтар әзірленсе және осы
оқулықтарға қосымша ретінде жұмыс дәптері жасалынса, мемле-
кеттік тілді барлық өңірлерде бірдей деңгейде меңгертуге мүм-
кіндік туады. Жұмыс дәптері жасалынатын болса, жинақ жасап
баспадан басып
шығарудың қажеттілігі жоқ,
әр деңгейге оңайдан
күрделіге принципімен 120 сағатқа арналған «Word» нұсқалары
таратылым ретінде электронды нұсқасы дайындалса жеткілікті.
Әр облыс өз өңірінің тілдік ахуалына қарай сағат санын қысқар-
тып немесе толығымен пайдалана алар еді.
Оқытушылардың қазақ тілін меңгерту барысында кездесетін
тағы бір өзекті мәселесі – мемлекеттік тілді ересек тұрғындарға
үйрету үшін пайдаланатын ойындар тапшылығы. Бүгінгі зама-
нымыздың өзі технологиялар кезеңі болғандықтан, қазіргі таңда
оқыту технологияларының түрлері өте көп. Атап айтсақ: ынты-
мақтастық технологиясы, ойын арқылы оқыту технологиясы,
білім беруді ізгілендіру технологиясы, дидактикалық бірліктерді
ірілендіру технологиясы, оқытудың модульдік технологиясы, да-