Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация



жүктеу 2,9 Kb.
Pdf просмотр
бет33/33
Дата20.05.2018
өлшемі2,9 Kb.
#15272
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

123
- абыройлы міндет
Қызметіңіздің маңыздылығы неде?
- Патриоттық парыз.
- Асқақ мұраттарға адал қызмет.
-  Тәуелсіз  Қазақстанның  өркендеуіне  өз 
үле сін қосу.
Қызметкердің бойындағы қасиеттері?
Cауатты
Тәрбиелі 
Білімді
Үш тілділік
Сыпайы
Шешен сөйлеу мәдениеті
Сонымен, мемлекеттік қызметте жүру  
ең абыройлы, ең мәртебелі жарқын жол.
Біздің орталықта да рухани жаңғыру ба-
рысында  «Әдемі  сөйле»  атты  шешендік 
шеберлік мектебі жобасы іске асырылуда 
(5 жылдық).
3-Фильмнен үзінді 
көру
«Раунд Робин» 
әдісі
Мақсаты:Сабаққа
өзінің сабақтан 
сөздік қорларына 
қосқан шешендік 
сөздерді пайдалану 
арқылы бір сөзбен 
жеткізу.
Көрсетілген  үзіндідегі  айтылған  қанатты 
сөздерді    мағынасын,  қазіргі  уақытқа  сай 
мысал келтіру. 
Ақ түйенің қарны жарылған күн – қуа-
ныш, мереке 
Мысалы:  (Елімізде  ЭКСПО  ашылуы  ақ 
түйенің қарны жарылған күн болды. 
Елімізде ЭКСПО ашылуы   қуанышты күн 
болды; Астананың 20 жылдығы – қуаныш-
ты мереке).
Халқым үшін жаным құрбан - патриот-
тық сезім, еліңе адал қызмет ету.


124
Қорытынды сөз: 
(2 мин)                                                                                                                                               
                                                                                                                                                      
                                                                                                                                                      
                                                                                                                                                      
                                                                                                                                                      
      
Бүгінгі сабағымыздың  мақсаты тыңдау-
шыларға көркем фильмдерді көрсете оты-
рып  шешен сөйлеудің мәнерін ұғындыру, 
тапқырлықпен  және  көркем  сөздермен 
сөйлеуге машықтандыру, сөйлеу мәдение-
тін жетілдіру жолдарын көрсету болды. 
Оқыту  процесін  жеделдету  және  жетіл-
діру үшін сабақта техникалық құралдарды, 
соның  ішінде  бейнефильмдерді  пайдала-
нудың дидактика тұрғысынан маңызы зор.
Менің  ойымша,  бейнефильмдер  тіл  үй-
ренушінің  тыңдап,  түсіну,  есте  сақтау 
қабілеттерін  дамытуға,  және  сол  түсін-
гендерін  ауызша  шешендік  сөздермен  
баян дауға арналатын тіл құралы. 
Сабақта бейнефильмдерді қолдану нәти-
жесінде  тыңдаушылар  өздері  меңгерген 
қанатты  сөздерді шебер қолдануға дағды-
ландыру. 
Сондықтан  мен  сабағымда  ой  толғаныс, 
диалог  құру,  РаундРобин  әдістерін    қол-
дандым.
Осы фильмнің үзінділері арқылы  өз ой-
ларын  шебер,  еркін    және  шешендік  сөз-
дерді,  мақалдарды  тыңдата  отырып,  тіл 
байлықтарын жетілдіруді, дамытуды  көз-
дедім.
Тіл – халық тарихы, тіл - ұлттық қазына, 
тіл өз халқымыздың рухани байлығы, өт-
кені мен болашағы. 
Әрбір  күніміз  мерекелі,  әрбір  ісіміз  бе-
рекелі болсын! Дамуымыз жедел, келеше-
гіміз кемел болсын! 


125
Гүлнұр Құрманғалиева 
Шығыс Қазақстан облысы 
Тілдер жөніндегі басқармасы
Шығыс Қазақстан лингвистикалық 
орталығының оқытушысы
Сабақтың тақы-
рыбы:
Сөйлеу  әрекеттеріне  дағдыландырудың 
тиімді құралы – топтық жұмысты ересек-
тер арасында ұйымдастыру.
Сабақтың лекси-
калық тақырыбы: 
«Бала жүрегі мейірімділікті сүйеді»
Сабақтың грам-
матикалық тақы-
рыбы:
Тұрақты тіркестер
Деңгейі:
С 1 жоғары деңгей
Сабақтың түрі:
Панорамалық сабақ
Сабақтың мақса-
ты:
Қазақ  тілін  үйретуде  топтық  жұмысты 
дұрыс  ұйымдастыру  әдістемесімен  та-
ныстыру  арқылы  қатысушыларға  тіл  үй-
ренушінің  өтілген  материалды  тиянақты 
меңгеруіне,  тақырып  төңірегінде  ойын 
еркін,  жатық  жеткізуіне,  тыңдаушының 
шығармашылық  ізденістерін  арттыруына 
машықтандыру жолдарымен таныстыру.
Сабақта қолданы-
латын әдіс-тәсіл-
дер:
Топтастыру,  ой  шақыру,  рефлексивті 
сұрақтар, миға шабуыл, кері байланыс.
Көрнекілігі: 
Үлестірмелі материалдар, бейнеролик, 
суреттер, смайликтер, слайдтар.
Лексикалық мини-
мум:
Замана  дерті,  тастанды  бала,  тағдыр  тау-
қыметі, ананың зары, баз кешу, адами құн-
дылық, жетім бала, өзекті мәселе, қамқор-
лықсыз қалу, қайтыс болу, толық


126
жетім, ана мейірімі, бауырына баспау, тағ-
дырдың  талқысы,  зардап  шегу,  зиянды 
әдет, адамның бұзылуы, кері кету, дүниеге 
келу, кемтар бала, қадамын ойлау, от басу, 
қыршыннан қию, бас тарту.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру 
(1 мин)
1. Ой шақыру 
(3 мин)
Бейнеролик
көрсету.
Мақсаты: Тіл үй-
ренушілерге бей-
нероликті көрсету 
арқылы тақырып-
ты ашу, пікірта-
ласқа бағыттау.
Құрметті әріптестер! Бүгінгі семинарға 
қош келдіңіздер!  
Менің  әдістемелік  тақырыбым:  Сөйлеу 
әре кет теріне  дағдыландырудың  тиім-
ді  құра  лы  –  топтық  жұмысты  ере сек тер 
арасын  да ұйымдастыру.  
Лексикалық  тақырып:  «Бала  жүрегі 
мейірім ділікті сүйеді».  Жоғары деңгей. 
Сабақтың  мақсаты:  Қазақ  тілін  үйретуде 
топтық  жұмыстарды  дұрыс  ұйымдастыру 
әдістемесімен  таныстыру  арқылы  қаты-
сушыларға  тіл  үйренушінің  өтілген  ма-
териалды  тиянақты  меңгеруіне,  тақырып 
төңірегінде ойын еркін, жатық жеткізуіне, 
тыңдаушының  шығармашылық  ізденіс те-
рін арттыруына машықтандыру жолдарын 
көрсету. 
Экранға зер салыңыздар!


127
Ф.Оңғарсынова  Жетімнің монологы  
Жетекші сұрақтар: 
1. Бұл бейнеролик қандай мақсатта көр-
сетілді деп ойлайсыздар?
2.  Осы  мәселенің  бүгінгі  күнде  маңыз-
дылығы  қандай?
3. Бүгінгі қоғамда мұндай жағдайлар не-
ге көбейді?
Соңғы  кездері  елімізді  «жаңа  туған  бала-
сын жолда тастап кетті, қоқысқа лақтырып 
кетті»  деген  жаңалықтар  дүр  сілкіндірді. 
Жаңа  ғана  бой  түзеген  бойжеткендеріміз 
бен  кейбір  жас  аналарымыз  өз  туған  ба-
лаларынан  кез  келген  жолмен  баз  кешіп 
жатыр.  Ендеше,  бүгінгі  «Бала  жүрегі 
мейірім ділікті  сүйеді»  атты  пікірталасы-
мыз тастанды балалар тағдыры мәселесін 
көтеруге  арналады.  Тыңдаушылардың  са-
палы білім алуына ықпал ету үшін топтық 
жұмыстарды  қолданамыз.  Сабақ  соңын-
да  топ  аралық  және  жеке  бағалау  жүр-
гізілетіндіктен, әрбір топ мүшесінің бер-
ген жауабына мұқият болыңыздар.
Әрбір топ сағат тілінің бағытымен тап-
сыр маларға жауап береді.
2. Топқа бөлу: 
Таратылған қима 
қағаздардағы 
тұрақты тіркес-
терді құрастыру 
арқылы тыңдау-
шылар топтасты-
рылады. 
(3 мин)
Тыңдаушылар «Алтын сандыққа» салын-
ған қима қағаздарын таңдап  алады.
№ 1 топ: «
Алпыс екі – тамыры – боса-
ды
» – 
мейірімі түсті
.
№  2  топ:  «
Ат  тонын  –  ала  -  қашу
»  - 
жауап кершіліктен қашу
.
№3 топ: «
Кең – дүние – тар болу
» - 
дүние-
ден түңілу
.


128
3. «ПОПС» форму-
ласы: 
Әрбір топ мүшесі 
«ПОПС» формула-
сын пайдалана 
оты рып идея тіз-
бек терін дамыта-
ды. 
Мақсаты: Нәти-
желі ұсыныстар 
беру арқылы 
идеяның туында-
уы, ойды күрде-
лендіріп, болжам 
жасау, ой толғау. 
(5 мин)
«Жетім  көрсең,  жебей  жүр»  деп  дана  ба-
баларымыз  жетім-жесірін  жылатпаған. 
Тұл  жетім  қылған  тағдырға  дауа  бар  ма, 
ал қазіргі заманда жетімнен тастанды бала 
көп. Осындай мәселенің тууына себепкер 
болатын жағдайлар туралы ойымызды өр-
бітейік.

№1  топ: 
«Тастанды,  жетім  балалар-
дың  көбеюі  сол  баланы  тапқан  ананың 
сана-сезіміне, біліміне байланысты»
.

№2  топ: 
«Тастанды,  жетім  балалар-
дың көбеюі сол сол елдің экономикасына 
тікелей байланысты»
.

№3  топ: 
«Тастанды,  жетім  балалар-
дың  көбеюі  сол  баланы  тапқан  ананың 
тұрмыс жағдайына  байланысты».
1. 
Бірінші  тыңдаушы  «Менің  ойымша, 
...» 2. 
Екінші тыңдаушы «Себебі мен оны 
былай түсіндіремін … » 
3. 
Үшінші  тыңдаушы  «Оны  мен  мына 
фактілермен,  мысалдармен  дәлелдей  ала-
мын … » 4. 
Төртінші тыңдаушы «Осыған 
байланысты  мен  мынадай  қорытынды 
шешімге келдім ...


129
4. Мәтінді оқып 
шығып, беріл-
ген тапсырманы 
орын дау.
 (1 мин)
 
«Пирами-
далық талқылау» 
әдісін пайдалана 
отырып, оп мүше-
лері бағдарлама 
қатысушылары 
ретінде өз пікір-
лерін жеке жазып, 
ортада талқылап, 
ортақ пікір қалып-
тастырады. 
Мақсаты: Қаты-
сушылардың 
берілген проблема-
ны шешу жолдары 
туралы идеялар 
ұсынуы арқылы 
ойды күрделендіру, 
болжам жасау, ой 
толғау.
(3 мин)
Адами  құндылықтардың  орны  мен  реті 
ауы сып бара жатқан бұл заманда елімізде-
гі  жетім  балалар  санының  жоғары  болуы 
өзекті мәселе болып отыр. Жетімін жылат-
паған,  жесірін  еліне  қайтармаған,  бала-
лар  үйін  қажет  етпеген  еліміздің  бүгінгі 
жағдайы тым басқа. Жалпы Қазақстан Рес-
публикасы бойынша 2016 жылғы мәлімет-
тер бойын ша жетім балаларға және ата-ана-
ның қарауынсыз қалған баларға арналған 
188 балалар үйі жұмыс жасайды. Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министр-
лігі балалардың құқықтарын қорғау коми-
тетінің 2015 жылы жасаған баяндамасына 
сүйенсек,  елімізде  32362  жетім  және  ата-
ана сының  қамқорлығынсыз  қалған  бала-
лар тіркелген. Бұл балалардың барлығы то-
лық жетім емес, көпшілігінен ата-аналары 
бас тартқан немесе балаларына құқықтары 
шектелген. Барлық балалар үйінде тәрбие-
ленушілердің  82  пайызының  ата-анала-
ры тірі, қалған 18 пайызының бір немесе 
ата-анасының  екеуі  де  қайтыс  болғандар. 
Демек, 6000-ға жуық баланы толық жетім-
дер деп айтуға болады деген сөз.
(«edu.e-history.kz»  электрондық  ғылыми  журна-
лы  №3) 
Мәтінде  берілген  статистикалық 
мә ліметтерді  басшылыққа  ала  отырып 
1)  «Бүгінгі  заманның  дертіне  айналып 
отырған  тастанды  балаларды  азайту 
үшін  қандай  ұсыныстар  айтар  едіңіз-
дер?» атты сауалға біздің бүгінгі 
«Сырла-
су»  бағдарламасына  психолог  ғалымдар 
тобы арнайы келіп отыр екен. Олай болса, 
сөз сіздерге беріледі.


130
- Осы мәселе бойынша  заңгерлер тобына 
сөз беріледі.
-  Ендеше  келесі  сөз  кезегі  тілшілерге 
беріледі.
2)  Ұлттық  құндылық  пен  отбасы  құн-
дылығының  қазіргі  қоғамдағы  көрінісі 
қандай?
Әрбір бағдарламаға қатысушы топ бір-бір 
сөйлеммен түйін жасайды.
 5. «Эссе» 
жазу.
Мақсаты: Белсен-
ді түрде шығар-
машылықпен 
жұмыс жүргізуге, 
болжам жасауға 
негіз қаланады.
(10 мин)
Эссе жазу тәртібі 
бойынша тірек сөз-
дер ретінде әрбір 
суретке сөз тірке-
стері беріледі.
Мұстафа  Аңсағанның  анимациялық 
суреттерін  пайдалана  отырып,  әр  топ  бес 
минуттық  эссе  жазады  және    топ  болып 
қорғайды.  Эссені  аталмыш  тақырыптағы  
белгілі бір тұрақты тіркеспен қорытынды-
лау ұсынылады.
- ана мейірімі, 
- бауырына баспау, 
- тағдырдың талқысы, 
- маскүнемдіктің зардабы, 
- тастанды бала.
- зиянды әдет
- адамның бұзылуы,


131
- кері кету,
- дүниеге келу,
- кемтар бала
- қадамын ойлау
- от басу
- тастап кету
- қыршыннан қию
- бас тарту
Әрине, ана есімі ардақты да қасиетті. Ана 
махаббаты  мен  жылуынсыз  –  мына  өмір 
жетім. Осындай киелі «ана» есімін кірлетіп 
жүрген кейбір безбүйрек аналарымыз қоға-
мымызда жоғалады деген сенім білдірейік. 
Ұлттық құндылықтарымызды, оның ішін-
де отбасы құндылықтарын рухани, ұлттық 
санамызды, дәстүрлерімізді қайта жаңғыр-
ту арқылы дамыған ел болатынымызға се-
неміз. «Бала жүрегі мейірімділікті сүйеді, 
бала ата-анасымен бақытты».
6. 
«Бағалау пара-
ғы» таратылады. 
Мақсаты: Бір-
бірімен қарым-қа-
тынас жасай 
отырып, рефлек-
сивті ойлау, өз-
гені және өзін-өзі 
бағалау дағдысын 
қалыптастыруға, 
сараптама жасау-
ға ықпал етеді. 
(5 мин)
Әрбір  топ  өзара  бір-біріне  баға  беріп  ке-
теді. Бағалау 5 балдық жүйеде жүргізіледі.  
(Топтар  өзара  талқылау  жасап,  бағалау 
парағын талдайды). 


132
7. Рефлексия: 
Смайликтер 
арқылы – кері 
байланыс жасау.
Мақсаты: 
Субъектілердің 
өзіндік басқару 
қабілеттерін 
дамытуға, өз әре-
кеттерінің (та-
нымдық, білімдік, 
қарым-қатына-
стық) нәтижелі 
болуына, олардың 
өз жауапкершілі-
гін арттыруға 
бағытталады. 
Орындалып өткен 
әрекеттің нәти-
жесін зерттеу 
көзделеді. 
(1 мин)
 - керегімді алдым.
  - түсінбедім.
  - талқылау керек. 
Не  ұнады?  Не  ұнамады?  Стикерге  жазып 
суреттерге жапсырып кету керек.
Қорытынды сөз:
(2 мин)
Біздің бүгінгі мақсатымыз қазақ тілін үй-
ретуде  топтық  жұмысты  дұрыс  ұйымда-
стыру  әдістемесімен  таныстыру  арқылы 
қатысушыларға  тіл  үйренушінің  өтілген 
материалды  тиянақты  меңгеруіне,  тақы-
рып  төңірегінде  ойын  еркін,  жатық  жет-
кізуіне,  тыңдаушының  шығармашылық 
ізденістерін 
арттыруына 
машықтан-
дыру  жолдарын  көрсету  болатын. 
Өз де   рі  ңіз  ге  белгілі  С1  –  жоғары  деңгей-
дегі  тілді  қолданушы  әр  түрлі  тақырып-
тарда  қиын  мәтіндерді  түсіне  алады,  жа-
сырын мағынаны ажырата біледі, жоғары


133
қарқында  бірден  тез  сөйлейді.  Тіл  қолда-
нушы ауызекі сөйлеу тілі элементтері мен 
түрлі  тұрақты  тіркестерді  тани  алады, 
күр делі  тақырыпқа  құрылған  мәтіндердің 
маңызды  мәселелерін  нақтылап,  қосым-
ша  талқылаулар,  тұжырымдар,  тиісті  мы-
салдар арқылы түйіндей отырып, анық та 
нақты жеткізе алуы керек. 
Біздің  жалпы  барлық  сабақтарымыз  мо-
дульдік  технологияға  негізделген.  Бүгінгі 
көрсетілген  пікірталас  сабағы  қорытын-
ды сабақ үлгісінде ұйымдастырылды. Са-
бақты қызықты етіп өткізу, оқыту үрдісін 
тартымды  етіп,  қорытынды  сабақтарды  
ұйымдастыру  мәселесін  шешу  жолында 
ойымызға  келетін  ең  негізгі  жолдардың 
бірі  –  ойын  технологияларының  ішіндегі 
іскери  ойындарды  қолдану.  Оқытушы  өз 
пәнінің  теориясын  қаншалық  жетік  біл-
се де, оның ісінің нәтижелі болуының ең 
басты  кепілі  –  әдіс  -  тәсілдерінің  дұрыс 
таңдалуы,  тиімді  жұмыс  түрлерінің  жүр-
гізілуі.


134
Сондықтан 
ересектерді  оқытуда  іскери 
ойындарды дұрыс қолдану педагогикалық 
шеберлікті, ізденіс пен шығармашылықты, 
алдына айқын мақсат қоя біліп, оған жету-
дің жолдарын жан - жақты ойластыра алу-
ды, сонымен қатар психологиялық білімді 
де талап етеді.
Бүгінгі  сабағымда  мынадай  әдіс-тәсілдер 
қол  дан дым:  олар  Ресей  профессоры  ойлап 
тапқан  «ПОПС  формуласы,  оқытудың  ин-
терактивті  әдістерінің  бірі  «Миға  шабуыл» 
әдісі,  пирамидалық  талқылау  әдіс те рі,  топ-
тас  тыру, ой шақыру, рефлексивті сұрақ тар т.б.
Сабақ соңында бағалау парағы таратылып 
өзін-өзі және өзгені бағалау әрекеті жаса-
лып, кері байланыс арқылы сабақ  нәтиже-
сін зерттеу көзделді.            
Іскери  ойындар  көбінесе  қорытынды  са-
бақта  жинақталған  білімдерін  көрсетуде 
қолданылатын болғандықтан, сабақты топ-
тық  жұмыс  арқылы  ұйымдастыру  тиімді 
деп ойлаймын.


Мазмұны
Аңдату................................................................................................3
I бөлім
Е.Тілешов. Қазақ тілін үйренудің  ең бастапқы сөздік қоры: сөз 
таңдаудың қағидаттары, халықаралық тәжірибелер және негізгі 
лексикалық минимумды игерту........................................................6
К. Жақсылықова. Мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту 
мәселесі.............................................................................................12
Қ.Төлекеев. Оқыту орталықтарының кешегісі, бүгіні, 
ертеңгісі.............................................................................................21
А.Әбдіхалықов. Ересек азаматтарға қазақ тілін оқыту 
әдіснамасын стандарттау және жүйелеу мәселесі........................25
Қ.Балабеков.  Мемлекеттік тілді  оқытуда  тиімді әдістерді 
қолдану жолдары ............................................................................36
Ж. Ізтұяқ. Жаңа инновациялық технологияларды оқыту 
үдерісіне енгізу және оның тиімділігі ..........................................39
Ж.Елесбаева. Мемлекеттік тілді оқытудағы интерактивті 
әдіс-тәсілдер ....................................................................................45
Г.Мұсаева. Қазақ тіліндегі жай сөйлем құрылымын 
меңгерту............................................................................................50
Н.Төленбергенова.  Ересек аудиторияның тілдік 
коммуникативтік құзыреттілігін жетілдірудің өзекті 
мәселелері ........................................................................................55
II бөлім
Ә.Жүнісбек. Кірме таңбалардың морфологиялық 
талданымы .......................................................................................70
А.Жүндібаева. Қазақ тілін оқытуда қолданылатын 
инновациялық технологиялар .......................................................76
А.Ботабаева. Ересектерді мемлекеттік тілді оқыту тәжірибесі:
жетістіктер мен нәтижелер ............................................................80


Тәжірибелік сабақтар 
А.Сағатова. Қазақ тілі сабақтарын ойын әдісін пайдалану 
арқылы тиімді ұйымдастыру...........................................................87
А.Әменова. Қарым-қатынас, танысу, амандасу............................92
А.Мурсалимова. Қазақ тілін оқытуда жағдаяттық 
тапсырмаларды тиімді қолданудың әдіс-тәсілдері.....................101
Б.Шөкеева. Мәтінмен жұмыс түрлерін ұйымдастыру..............113
Л.Әбілмәжінова. Сөйлеу әрекетін машықтандыруда көркем 
фильмдерді қолда...........................................................................119
Г.Құрманғалиева. Сөйлеу әрекеттеріне дағдыландырудың 
тиімді құралы – топтық жұмысты ересек тыңдаушылар 
арасында дұрыс ұйымдастыру......................................................125


Редакторы: М. Шіменбаева
Компьютерлік нұсқасын дайындаған: С.Баубекова
Редакцияның мекенжайы
Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы,
Сауран көшесі, 7 А,
Тел: 8 (7172) 40-83-67
Tilortalyk@mail.ru
Терілуге берілген күні 13.10.2017
Басуға қол қойған күні 17.10.2017
Пішімі 60х84 1/16
Шартты баспа табағы 8,0
Таралымы 50 дана
 

жүктеу 2,9 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау