53
3) сөйлемнің N – субъектісі жіктеу есімдігі, тәуелдеулі зат
есімнен, ілік септігі + зат есімнен, V – предикаты зат есім, сын
есімнен болған сөйлемдер:
Мен студентпін. Сіздің әкеңіз дәрігер
ме? Менің ағам жақсы жігіт. т.с.с.;
4) сөйлемнің N – субъектісі жіктеу есімдіктері немесе адам
аттары мен тәуелдеулі туыс атаулары, V – предикаты шығыс
септігіндегі ел, жер, қала атауларын білдіретін жалқы есімдер-
ден болған сөйлемдер:
Мен Жаркенттенмін. Сіздің досыңыз қай
жерден? Ғалым Қарағандыдан.;
5) сөйлемнің N – субъектісі жіктеу есімдіктері немесе адам
аттары мен тәуелдеулі туыс атаулары, V – предикаты бесінші
объек ті жалғауын қабылдаған сан есімдер, есімдік немесе зат
есімдерден болған сөйлемдер меңгеріледі:
Мен жиырмадамын.
Сіз нешедесіз? Менің үлкен ағам ауылда.;
6) келесі қадамда баяндауышы етістіктерден болған жай сөй-
лемдермен жұмыс істелінеді. Етістік негізді сөйлемдер етістік-
тің шақ формаларын меңгеруден басталады да, оның сөйлемнің
Adv. пысықтауыш мүшесімен қабыса байланысу ерекшелігі
түсіндіріліп, моделі беріледі. Етістік негізді жай сөйлемді мең-
геру үдерісіндегі ең маңызды мәселе етістіктің объектілерді
меңгеру алгоритмі болып табылады. Сөйлемнің объектілерінің
берілу тәртібі: О5 – алгоритмі; О4 – алгоритмі; О3 – алгоритмі;
О6 – алгоритмі; О7 – алгоритмі. Әр объектіні ұсыну барысында
оның анықтауыш мүшесімен (объектінің анықтауыш мүшесі мен
субъек тінің анықтауыш мүшесі ұқсас екені ескеріледі) бірге жай
сөйлемнің толық модельдері қоса беріліп отырады.
N
V;
O
54367
V;
O
54367
A
N A
Мысалы:
Менде сөздік бар. Мен Қазақ университетінде қазақ
тілін оқимын. Келесі жылы саяхатқа Түркияға бармақпыз. Маған
кітап керек. Біз Қазақстанға Кореядан екі ай бұрын келдік.
55
Н.Төленбергенова
Қазақстан Республикасы Президентінің
жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы
Дипломатия институтының профессоры,п.ғ.к.
Ересек аудиторияның тілдік коммуникативтік
құзыреттілігін жетілдірудің өзекті мәселелері
Аңдатпа
Мақалада мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілін сапалы оқыту
әдістемелері қарастырылады. Автор мемлекеттік қызметшілердің
тілдік құзыреттілігін жетілдірудің әдіс-тәсілдерін ұсынады.
Сонымен қатар мақалада мемлекеттік қызметшінің тілдік құ-
зыреттілігін арттыратын материалдармен жұмыс істеу әдістеме-
лері көрсетілген.
Тірек сөздер: сапалы оқыту, әдістеме, тілдік құзыреттілік
Аннотация
В статье рассматриваются современные методики качествен-
ного обучения государственному языку. Автор предлагает новые
подходы обучения, методические рекомендации по совершенст-
вованию языковой компетенции государственного служащего.
Ключевые слова: качественное обучение, методика, языковая
компетенция
Abstract
The paper reviews modern methods of quality teaching of the official
language. The author proposes new ways of teaching, guidelines to
improve the linguistic competence of the civil servant.
Keywords: quality teaching, techniques, language competence
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың кәсіби
мемлекеттік аппаратты қалыптастыру жөніндегі «100 нақты қадам»
Ұлт жоспары, ҚР Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110