Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация



жүктеу 2,9 Kb.
Pdf просмотр
бет16/33
Дата20.05.2018
өлшемі2,9 Kb.
#15272
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33

56
Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында Тілдерді да-
мыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасы», бес институционалдық реформа мемлекеттік қыз-
метшілердің тілдік құзыреттіліктерін арттыруды қажет етеді. 
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекет-
тік  басқару  академиясында  (бұдан  әрі  -  Академия)  мемлекеттік 
қызметшінің  кәсіби  қызметінде  қазақ  тілін  қолдануын  жетілдіру 
бойынша  бірқатар  әдістемелік  жұмыстар  атқарылды.  Солардың 
негізгілеріне ересек аудиторияның тілдік құзыреттілігін арттыруға 
арналған ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жатқызуға болады. 
Мемлекеттік  қызметшілердің  тілдік  құзыреттілігін  арттыру 
бойынша  үйлестіру  жұмыстары  Мемлекет  Басшысының  №623 
Жар лығын орындау мақсатында Академияның жанынан құ рыл-
ған  Республикалық  Ғылыми-әдістемелік  кеңесте  тұрақты  түрде 
қарастырылып тұрады. 2014 жылдың наурызында, 2015 жылдың 
қаңтар-ақпан айларында барлық мемлекеттік органдарға мемле-
кеттік қызметшілердің тілдік құзыреттілігін арттыру мәселелері 
бойынша сұраухат жолданып, мониторинг жүргізілді. 
2015 жылғы 16 маусымда, 2016 жылғы 31 мамырда Академия-
да  өткен  республикалық  ғылыми-әдістемелік  кеңестерде  мони-
торинг  қорытындылары  жан-жақты    талқыланып,  мемлекеттік 
қызметшілердің ауызша-жазбаша сөйлеу құзыреттілігін арттыру, 
соның ішінде, әр түрлі ресми стильді дискурстарға түсуін, моно-
логты  ойлауын,  аналитикалы-сараптамалық  талдаулар  жасауын 
игертетін  әдіс-тәсілдер,  әдістемелер  арқылы  оқыту  қажеттілігі 
айқындалды.
Мақалада  мемлекеттік  қызметшінің,  яғни  ересек  тыңдаушы-
ның  тілдік  құзыреттілігін  арттыруға  бағытталған  әдіс-тәсілдер, 
авторлық технологиялар талқыланып, тұжырымдалады. 
Мемлекеттік қызметшінің тілдік құзыреттілігі, атап айтқанда, 
көпшіліктің ауызша ресми стильде сөйлеуі, БАҚ, басқа да ақпа-
раттық құралдарда сұхбат беруі, кез келген тақырып бойынша ой-
ларын логикалық жағынан өрбітуі қоғамның өзекті мәселелерінің 
бірі болып табылады. 


57
Егер тарихқа үңілетін болсақ, адам жер бетінде пайда болған-
нан бастап тіл арқылы жанындағылармен қарым-қатынасқа түс-
кен. Өзінің тұрақты түрде өмір сүретін жерін толық игерген тұлға 
әлеуетін  қалыптастыру  барысында  көршілес  мемлекеттерді  де 
зерттей  бастайды.  Аталған  үрдіс  кеме  құрылысы  басталғаннан 
кейін жаппай көрініске ие болды. Мәселен, бүгінгі күні барлық 
Оңтүстік Америка португал және француз тілдерінде сөйлеп, инк, 
майя сияқты тұрғылықты халықтың жазбаша, ауызекі әлеуеті мен 
мәдениеті толығымен жоғалған. Ал солтүстік Америка ағылшын, 
Канада француз, Мексика испан тілдерінде сөйлеп, жазады. Осы 
ойды  жалғастыра  беруге  болады.  Бізді  толғандыратын  мәселе: 
неліктен  мемлекеттік  қызметшілер  өз  тілдерінде  еркін  сөйлеп, 
жазуын аудармасыз мемлекеттік тілде жүргізбейді деген ойлар.         
Бұл проблеманың өрбуін өткен ғасырдың 30 жылдарынан зер-
делеуге болады. Қазақ азаматтарын орыстандыру үрдісі ауылдар-
ды колхоздар мен совхоздарға айналдырып, ҚазССР-дің террито-
риясына  Кавказ  бен  Волга  жағалауының  барлық  аймақтарынан 
халықты көшіру барысында, бұрынғы   ҚазССР-дің жеріне саяси 
және қылмыстық істері үшін бас бостандығынан айырылғандарға 
арналған Қарлаг, АЛЖИР сияқты ірі лагерлер мен жер аударылған-
дарға арналып салынған мекендердерде өмір сүрген адамдармен 
жергілікті халықтың қарым-қатынасқа түсуінен, көп жағдайларда 
ортақ, түсінікті тілді қолдануларынан бастауын алады.  
Аталған ауқымды өзгерістер қазақ тілінде сөйлеу мәдениетінің 
әлсіреуіне  әкелген  бірден-бір  себеп  болып,  мемлекеттік  тілдің 
беделін  түсеретін  негізгі  факторлар  болып  табылады.  Сонымен 
қатар,  тарихи  анықтамадан  кен  орындарына  бай  Қазақстанның 
территориясында  Теміртау,  Сатпаев,  Лисаковск,  Соколов-Сары-
бай  сияқты  қалалардың  пайда  болуы,  сол  мекендерге  орыстіл-
ді мамандардың жаппай тартылуы да тіл мәдениетінің беделіне 
елеу лі әсер етті.
Совет  Өкіметінің  съездері  шешімімен  Маңғышлақ  (АЭС  қа-
ласы), Байқоңыр космодромы, бұрынғы Семей облысының тер-
риториясында  Курчатов  пен  Чаган  қалалары  салынды.  Аталған 


58
қалаларда орыс тілді оқу орындары, көптеген зерттеу институт-
тары  т.б.  жұмыс  істей  бастады.  Көрсетілген  фактілер  орыс  тілі 
мәдениетінің кеңінен қолданылуын, ал мемлекеттік тілдің қолда-
ну өрісінің төмендеуіне әкелді.   
Қазақстандағы жаппай орыстандыру мәдениеті тың жерлерді 
игеру жылдарында жалғасын тапты. Коммунистік партияның бас-
тамасымен, Қазақстанның тың жерлерін көтеруге РСФСР, Украи-
на, Белоруссия республикаларынан жүз мыңдап халық көшіріліп, 
жаһандандыру үрдісі орыс тілінің беделін одан әрі көтеріп, қазақ 
тілінің  қолданылуын  жоққа  шығара  бастады.  Ғылыми,  мәдени, 
білім беру жаңалықтары орталықтан, яғни Мәскеуден орыс тілін-
де келетіндіктен, қазақ халқы орыс тіліне жаппай бет бұрылды, 
қазақ мектептері жабылып, қалаларда орыс мектептерінің саны 
көбейді,  жоғары  оқу  орындары  орыс  тілді  мамандарды  әзірлей 
бастады т.б. Тәуелсіздік алған жылдан бастап қана сөз мәдениеті 
мемлекеттің тіл ретінде қалыптастырыла бастады.  
Патриоттық пен мемлекеттің тілі сияқты ұғымдар бір-бірімен 
тығыз  байланысты.  Қазақ  ұлтының  тілді  білмеуінің  тарихи  се-
бептері жоғарыда айтылды. Орталықтан, Мәскеуден басқарылып, 
орыс тілінде ғана іс қағаздары жүргізілген кеңестік жүйенің қазақ 
тіліне  тигізген  зияны  баршамызға  белгілі.  Алайда  лингвистика 
ғылымы қазақ тілін 3 айда толық меңгеруге болатынын дәлелдеді. 
Мемлекеттік  қызметшілер  ересек  аудиторияға  жатады,  мек-
теп-жоғары оқудың тілдік дайындығынан өткен, көпшілігі «Бо-
лашақ»  бағдарламасы  бойынша  шет  мемлекеттерде  әр  түрлі 
әдіс-тәсілдер арқылы бірнеше тілді игерген жаста. Ал қазақ тілін 
жеткілікті  деңгейде  білмейтіндіктен,  үйреншікті  орыс  тілінде 
сөйлей береді. 
Осы жерде тілді оқытуды ғылыми тұрғыдан «жетілдіру» мәсе-
лесі туындайды. Педагогика ғылымында бірнеше тілді жетік мең-
герген  тыңдаушыға  игерілген  тілдердің  әдіс-тәсілдері  арқылы 
басқа тілді үйрету әдістемесі терең зерттелген. Аталған ғылыми 
зерттеулер үйренушінің «қалыптасқан тілдік фундаментіне» жаңа 
тілді қондыру арқылы жүзеге асырылады. 


жүктеу 2,9 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау