62
Жоғарыда көрсетілген проблемалар бойынша келесідей әдіс-
темелік ұсыныстар беріледі:
• мемлекеттік қызметшілер көбінесе орфографиялық нормалар
бойынша сөз сөйлейді. Осыдан барып ауызша айтылған мәтінде
жазбаша заңдылықтар білініп тұрады. Бұдан кейбір адамдардың
орфоэпиялық ережелерді қаншама жақсы біліп тұрса да, оның
көз жадында сөздердің жазылған түрі мықты сақталып, сол қал-
пында айтуға бейімделу болатыны байқалады. Оның үстіне әрбір
сөйлеу ші аузынан шығатын сөзін тыңдаушыға неғұрлым анық,
айқын, түсінікті етіп жеткізуге тырысады. Мұндайда әдеттегі
ауызша сөйлеуге тән интуитивті автоматизмге, яғни сөздің дыбыс-
талуының дұрыс-бұрысын ойламастан, сөйлеу дағдысы бойынша
өзінен-өзі дұрыс шығуына (айтылуына) емес, керісінше, осылай
айтсам, сөзім тыңдаушыға анығырақ, түсініктірек жетеді-ау деген
ойға жол беріледі [3, 17 б.].
• дауыстап оқи білу өз кезегінде кәсіби даярлықты қажет етеді.
Өйткені «Дауыстап оқу – таза байланыс жасау, жазбадағы әре-
кетсіз, әсері аз ойлардың жандануы. Егер дауыстап оқуға ұқыпты
дайындалмаса, әдетте, оқып беруші берілген ойды немесе оның
тілдік көрнекілігін толық игере алмауы мүмкін» .
• дискурстың орфоэпиялық нормалары төменде берілген ере-
желер қатарынан тұрады:
Әртүрлі сөзформалардың құрамында кездесетін бір морфема-
ның бір дыбысының көрші дыбыстың әсерінен басқа дыбысқа
өзгеруі дыбыс алмасуы деп аталады.Тілдің ауызша формасын-
да дыбыстар үндестік заңына сәйкес үнемі үйлесіп, жымдасып
қолданылады. Егер дискурсты көпшілік алдында жеткізуде осы
үндестік сақталмай, бұзылатын болса, мұның өзі сөздің айтылуы
мен жазылуының арасын айыра алмауды көрсетеді. Өйткені жазу
сөздің айтылуын дәл бере алмайды. Дауысты дыбыстардың бір
сөз көлемінде еріннің қызметі жағынан ыңғайласып, үйлесіп ке-
луі ерін үндестігі деп аталады. Ерін үндестігі қазақ тілінің бірегей
белгісі болып табылады. Бұл заң бойынша сөздің бірінші буы-
нында еріндік дауысты болса, қалған буындарында да еріндіктер
айтылуға тиіс.
63
Зерттеу жұмыстарында сөздің бірыңғай жуан немесе жіңішке,
бірыңғай езулік немесе еріндік болып айтылуының фонология-
лық мәні бар деп көрсетіледі. Сондықтан буын үндестігі қазақ
тілінің негізгі орфоэпиялық нормаларының бірі болып табылады.
Қазақ тілінің сөздік қорындағы төл сөздер үндестік заңына
бағынады. Мәселен, сөз түбірі жуан / жіңішке болса, оған жалға-
натын қосымша да жуан /жіңішке болып келеді. Бірақ қазақ
тілінің сөздік құрамындағы сөздердің барлығы қазақ тілінің заң-
дылығына бағынады деп айтуға болмайды. Мысалы, кірме сөздер
ерін үндестігі заңдылықтарын сақтамайды.
Сонымен қатар дауыссыздардың бір-бірімен үйлестілігінің (ас-
симиляция) орфоэпиялық норма үшін ерекше мәні бар. Морфема-
лардың жігінде көрші келген дауыссыздардың акустикалық-арти-
куляциялық жақтан бір-біріне ұқсауы, бейімделуі ассимиляция деп
аталады. Дауыссыздардың бір-біріне ықпалы прогрессивті, регрес-
сивті және тоғыспалы түрде қарастырылады. Мысалы, Сараптама
жасаған мемлекеттік қызметші Астана қаласының биылғы қысқа
дайындығы жайлы хабарлады. Қала басшылары жылу маусымына
қажетті сұйық отынды мемлекеттік сатып алу бойынша толық әзір-
леген. Қазір 5 000 тонна мазут қоймада сақтаулы. Жақын күндері
тағы да 20 000 тонна сұйық отын жеткізіледі.
«Орфоэпия ұлттық тілдің қалыптасуы мен дамуына тікелей бай-
ланысты. Мемлекеттік қызметте шаршысөз (публичная речь) түр-
лерінің (театр, кино, радио-теледидар хабарлары т.б.) пайда болып,
олардың әлеуметтік мәнінің артуы орфоэпиялық нормалардың ор-
нығып, ұлттық сипатқа ие болуын жеделдете түсті. Алайда қатаң
дыбыстарды «сындырып», «ұяңдатып» айту нормасы соңғы жыл-
дары, әсіресе, мемлекеттік қызметте әріп қуалай, сөз қалай жазыл-
са, солай оқу дағдысымен байланысты бұзылып, «қатқылдата» ды-
быстау жиі ұшырай бастады. Бұл жай орфоэпия тұрғысынан қазақ
сөзінің әуезділігіне нұқсан келтіретін жағымсыз құбылыс, норма-
дан жөнсіз ауытқу болып табылады» [3, 48 б.].
Дискурс құрамында әртүрлі дыбыстық өзгерістер дыбыстық
құбылыстар деп аталады. Олардың бәрі де айтуды жеңілдетуден
64
тұрады. Мәселен, тіліміздегі кірме сөздің айтылуын жеңілдету
үшін, сөздің алдынан басы артық дыбыстың қосылуын білдіретін
протеза құбылысы қажет. Сол сияқты дискурс ішінде дауыссыз-
дардың арасына дауыстының қыстырылуын көрсететін эпенте-
за, бунақтағы сөздердің арасында қатар келген екі дауыстының
алдыңғысының түсіп қалуын білдіретін элизия және оған қара-
ма-қарсы (қазақ тілінде сирек кездессе де) аферезис пен сөз ішін-
дегі дыбыстардың не буындардың өзара орын ауысуында көрініс
табатын метатеза және сөз ішінде біркелкі (ұқсас) буындардың
бірінің түсіп қалуынан көрінетін гаплология құбылыстарының
қыр-сырын білу керек. Мысалы: арластыр (а-ра-лас-тыр).
Дискурстағы сөздер сөйлеу кезінде тұтасып немесе жеке-жеке
тұрмай, топ құрап, әрқайсысы өзіндік екпін, ырғақпен айтылаты-
нын аңғаруға болады. Қазақ тілінде бунақтағы сөздердің жұбын
жазбай, араларында қатар келген дыбыстарды үндестіріп, бір
ырғақ, екпінмен айтудың маңызы зор. Олай болмаған жағдайда
дискурс құрамындағы сөздердің байланыс реті бұзылады да, тіл
табиғи жарасымынан айрылады, құлаққа жағымсыз естіледі, бәрі-
нен бұрын, айтылған ой көмескіленіп, тіпті, түсініксіз болып ке-
туі де қиын емес. Мысалы: Бүгін мемлекет басшысы // Ақордада //
еліміздегі дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесті. Бас қосуда
Президент // Қазақстанның даму барысы мен // алдағы мақсат-мін-
деттеріне тоқталса, // елшіліктер мен халықаралық ұйымдардың
өкілдері // республикадағы жағдайға өз бағаларын берді.
Қазақ тіліндегі екпін көбінесе сөздің соңғы буынына қойыла-
ды. Дегенмен сөз аяғында келген қосымшаның барлығы бірдей
екпінді қабылдай бермейтіні салыстырмалы деректерден айқын
көрінеді (-дай қосымшасы, көмектес септік жалғаулары, т.б.).
Мысалы: Соңғы’ кездері’ іске’р адамдарды’ қала’ инфрақұрылы-
мыны’ң даму’ қарқыны’ көбіре’к мазала’йды еке’н. Кездесуде’
«жылды’ң ең үзді’к кәсіпкері’» атағы’н жеңі’п алға’н адамда’р
арнайы’ мақта’у қағазы’мен марапатталды’.
Орфография мен орфоэпия бір-бірімен тығыз байланысты, өйт-
кені сауатсыз жазу мәтінді дұрыс оқуға және оны дұрыс қабылдауға
Достарыңызбен бөлісу: |