Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация



жүктеу 2,9 Kb.
Pdf просмотр
бет20/33
Дата20.05.2018
өлшемі2,9 Kb.
#15272
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33

68
1. Мемлекеттік қызметшілерді оқытуға арналған бағдарлама-
лар мобильді (икемді болуы тиіс). Мемлекеттік қызметке қандай 
семинарлар қажет, сондай бағдарламалар әзірленуі тиіс.
Облыстардағы  мемлекеттік  қызметшілерді  Казтестпен  ғана 
оқытпай, Академияның тілдік біліктілікті арттыру бағдарламала-
рымен де оқыту керек. Казтестті мемлекеттік қызметке орнала-
сатын мемлекеттік қызметшінің тілдік білім деңгейін анықтауда 
қолданған дұрыс, ал кәсіби, салалық тілдік білім беру Академия-
ның бағдарламалары арқылы жүзеге асырылуы тиіс.


ІІ БӨЛІМ


70
Ә.Жүнісбек
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының
бас ғылыми қызметкері,филология ғылымдарының
докторы, профессор
КІРМЕ ТАҢБАЛАРДЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ 
ТАЛДАНЫМЫ
  Өтпелі  дәуір  кезіндегі  кез  келген  ауқымды  шара,  ол  эконо-
микалық  шара  болсын,  әлеуметтік  шара  болсын,  елді  бір  дүр-
ліктірмей қоймайды. Өйткені ондай шараның, жұртшылық жап-
пай қатыспаса да, өз жақтаушылары мен қарсыластары болады. 
Әліпби ауыстыру мәселесі де осы жайды басынан кешіріп отыр. 
Сондықтан оған таң қалуға болмайды, тек оның себебін дұрыс 
түсінуге тырысуымыз керек.
Ендеше бұл бағыттағы шараны тек әліпби ауыстыру деп қа-
рамай,  кең  қамтып,  жазу  реформасына  айналдыру  қажет.  Сон-
дықтан әңгімені тек әліпби ауыстыру төңірегінде ғана қалдырмай 
немесе бір таңбаны екінші таңбаға қалай ауыстырамыз дегенге 
ғана саймай, жазу төңрегіндегі өзге де мәселелерді қамтып отыру 
керек болады. 
Қазіргі әліпбиімізді «қазақ әліпбиі» деп атаудың еш реті жоқ. 
Өйткені  ол  «қазақ  әліпбиі»  емес,  «қазақ-орыс  әліпбиі»,  тіптен 
ақиқатын  айтып  «орыс-қазақ  әліпбиі»  десе  де  болады.  Өйткені 
әліпбиіміз  бір  тілдің  емес,  әлдеқашан  қос  тілдің  әліпбиі  болып 
орнығып алды. 
Тіл  мамандары  қазақ  жазуына  жасалар  болашақ  реформаны 
(тек  қана  әліпби  ауыстыру  емес)  тіл  бұзар  емле-ережелерден 
құтылудың бір амалы деп түсініп отыр. Өйткені кез келген қазақ 
тілінің оқулығын алыңыз да бетін ашыңызшы. Қайран қаласыз! 
Қазақ  тілінің  өзіне  тән  дыбыстары  деп  7-8  әріпті  бөліп  қояды. 
Сонда не, өзге дыбыстардың бәрі қазақтікі емес пе? Қазақ дыбыс-
тарын  осылай  бөлектеудің  өзі  шәкірт  санасын  тұмшалап,  есей-
генде мәңгүрт қылады. Сөйтіп, 26 (28) дыбысымыздың бәрінің де 
(!) дыбысталуы сол іспеттес орыс тілінің (сол іспеттес араб, ағыл-


71
шын  т.б.)  дыбыстарына  баспа-бас  ұқсай  қоймайтыны,  дыбыс-
тардың өзара тіркесім емле-ережелері мүлдем бөлек екендігі не 
тіл мамандары –  біздің санамызға жетпей-ақ қойды, не  оқулық 
авторларының қаперіне ілінбей-ақ қойды.
Сондықтан да әліпби ауыстыруды әліпби сауатымызды ашудан 
бастауымыз  керек.  Әліпби  сауат  ашу  арқылы  төл  сөздеріміздің 
жазылымына  орынсыз  еніп  кеткен  кірме  таңбалардан  бастаған 
жөн.  Әзірге  ерін  үндестігі  мен  өзге  дыбыстардың  үйлесім  түр-
леніміне тоқталмай қоя тұрамыз.
Сонымен,  жоғарыда  ескерткеніміздей,  оқытушы-мұғалім  қа-
уымның назарына төмендегі жайды ұсынамыз.
Морфем талданым:
-
оқы  етістігінің  көсемше  түрі  оқи  болса,  сонда  көсемшенің 
көрсеткіші дауысты 
и дыбысы болғаны ма? Онда көсемшенің бір 
«көрсеткіші 
дауыссыз й [y]» деген ереже қайда қалады?
-оқы етістігінің тұйық рай түрі оқу болса, сонда тұйық райдың 
көрсеткіші дауысты 
у дыбысы болғаны ма? Онда тұйық райдың 
«көрсеткіші 
дауыссыз у [w]» деген ереже қайда қалады?
   Ең сорақысы, осы жердегі «дауысты 
ы дауысты у-мен алма-
сады» деп түсіндіретін ереженің барын қайтерсің! Ал 
оқы етісті-
гі дауысты 
ұ-ға (жарайды, тіптен, көз елес ы дауыстысы бола қой-
сын) аяқталып тұрғаны, оған келіп дауыссыз 
у[w] тіркесіп, тұйық 
рай 
оқұу [oquw] жасалатыны қаперімізге кірмей-ақ қойды. 
Қазақтың 
ұу дыбыс тіркесінің естілімі орыстың у дауыстысы-
ның, қазақтың 
ый(-ій) дыбыс тіркесінің естілімі орыстың ы(-и) 
дауыстысының  естілімімен  жалған  ұқсас  екеніне  сеніп  қалған-
быз (жоқ, сеніп қалғансыз!).
Буын талданым:
-миы сөзінің буын құрамы ми-ы болып, алғашқы буын дауыс-
ты 
и  дыбысына  аяқталып,  келесі  буын  дауысты  ы  дыбысынан 
басталып тұр ма? Онда қазақ сөзінің ішінде 
«буын дауысты ды-
быстан  басталмайды»  (А.Байтұрсынұлы)  деген  ережені  қайда 
қоямыз? Оның үстіне сөз соңында «дауысты буын тұрған деген 
не?» деп, аң-таң боламыз.
-суы сөзінің буын құрамы су-ы болып, алғашқы буын дауыс-


72
ты 
у  дыбысына  аяқталып,  келесі  буын  дауысты  ы  дыбысынан 
басталып тұр ма? Ендеше қазақ сөзінің ішінде
 «буын дауысты 
дыбыс тан басталмайды» деген ережені тағы еске сала кетеміз. 
Оның үстіне «сөз соңында дауысты буын неге тұр?» деп, тағы аң-
таң боламыз.
Тасымал талданым:
-жиын сөзі жи-ын болып тасымалданып, тасымал жігі екі да-
уыстының арасынан өтіп тұрады ма? Онда 
«қазақ сөзінің ішін-
де екі дауысты қатар тұрмайды» деген ережені қайда қоямыз? 
Оның үстіне «сөз соңында тұйық буын тұрған деген не?» деп, әрі-
сәрі боламыз.
-суық  сөзі  су-ық  болып  тасымалданып,  тасымал  жігі  екі 
дауыс тының  арасынан  өтіп  тұрады  ма?  Ендеше 
«қазақ  сөзінің 
ішінде екі дауысты қатар тұрмайды» деген ережені тағы қай-
талаймыз. Оның үстіне «сөз соңында тұйық буын неге тұр?» деп, 
әрі-сәрінің үстіне дел-сал боламыз.
Көріп  отырғанымыздай,  аттаған  сайын  сұрақ  белгісі  алды-
мыздан шығып отыр. Бұл – бүгінгі қазақ жазуының, жұмсартып 
айтқанда, күманды тұстары көп деген сөз. Сондықтан да бүгінгі 
әліпби  ауыстыру  науқанын  жазу  реформасына  айналдару  керек 
деп отырмыз.
Бұл кірме таңбалардың бір тобы ғана, соның өзі тіліміздің ұзын 
тұрқын түгел бұзып болған екен. 
Анық тіркестер:
Көмескі тіркес-
тер
ай
ій
айт
ійт
тай
тый
тій
айақ
ыйық
қайық
қыйық
кійік
сайа
сыйа
сайла
сыйла
Анық тіркестер:
Көмескі тіркес-
тер
ау
ұу
тау
тұу
асау
ысұу
үсүу
айау
айұу
айау
ұйұу
үйүу
тауыс
тұуыс
Дауысты Ы [ɪ] және İ [i] дыбыстарының жазылымы.
Жуан  (қысаң)  әуезді  Ы  [ɪ]  мен  үнді  (жуысыңқы)  Й  [y] 
дауыссызы ның тіркесі сөздің морфем және буын тұрқын бұзбай, 
тасымал ретін сақтау үшін ЫЙ [ɪy] болып жазылады: 


жүктеу 2,9 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау