Вестник таразского государственного педагогического института



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет80/99
Дата20.05.2018
өлшемі5,02 Kb.
#15231
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   99

161 
 
Annotation 
The aim of the article is to create a program that would automate these tasks. branch and bound method 
applies  to  the  combinatorial  methods  for  solving  integer  problems  and  is  applicable  to  both  fully  and 
partially to the integer tasks. The method of branches and borders - in a directed partial exhaustive search of 
feasible solutions. Let us consider the problem of linear programming. 
 
 
ӘОЖ 365.52 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ ЖӘНЕ 
ТАБИҒАТ ЖАҒДАЙЫ 
 
Амандосова С.С., Досанова Г. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Қазақстан Республикасы  Еуразия материгінің орталығында орналасқан, ол солтүстік  
ендіктің  40°-55°,  шығыс  бойлықтың  45°-87°  аралығындағы  аумақты  алып  жатыр.  Батыстан 
шығысқа дейін 3000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке 1750 шақырымға созылып жатыр. 
Қазақстан  аумағы  қоңыржай  белдеудің  орталық  және  оңтүстік  ендіктерін,  ал  оның  қиыр  
оңтүстігі субтропикалық белдеудің солтүстік алабын қамтиды. Оның жер кӛлемі 2 млн. 724,9 
мың шаршы шақырым. Қазақстан жер шарының 2 пайыз, Азия аймағының 6,1 пайыз, ТМД-
ның 12 пайыз жер кӛлемін алып жатыр. 
Қазақстан Республикасы шекарасының жалпы ұзындығы 13034 шақырым, оның 11304 
шақырымы  құрлықтық,  ал  1730  шақырымы  теңіздік  шекара.  Қазақстан  батыс,  солтүстік 
батыс және солтүстігінде Ресей Федерациясымен (шекарасының ұзындығы 6467 шақырым), 
оңтүстік  және  оңтүстік  Азия  елдерімен  -  Ӛзбекстан  (2300  шақырым),  Қырғызстан  (980 
шақырым),  Түркіменстан  (380  шақырым),  ал  оңтүстік-шығысы  мен  шығысында  Қытаймен 
(1460  шақырым)  шектеседі  [1].  Қазақстанның  Еуразия  материгіндегі  орналасуы  ірі  жол 
тораптарының  тоғысуымен  ерекшеленеді.  Ерте  кезден-ақ  біздің  еліміз  арқылы  Еуропа  мен 
Азияны қосатын жолдар болған.  
Оны  тарихта  Ұлы  Жібек  жолы  деп  атаған  [2].  Саяси-экономикалық,  әлеуметтік 
жағдайларда  мұхитқа  тікелей  шығатын  жолы  жоқ  елдер  арасында  ӛзара  тиімді  сауда 
қатынасын  құрлық  арқылы  жүргізу  қажеттілігі  туады  [3].      Қазақстан  аумағы  арқылы  тӛрт 
құрлықтық  -  Трансазиялық  (Қытай-Ресей-Еуропа),  Еуроазиялық  (Қытай-Қазақстан-Ресей-
Еуропа),  Ортаазиялық  және  Батыс  темір  жолы  мен  автомобиль  жолдары  тартылған.  Бұл 
жолдар  арқылы  транзиттік  жүк  тасымалдаудың  халықаралық  бағыттары  ӛтеді.  Еліміздің 
шаруашылық  салаларының  дамуына,  орналасуына  және  олардың  мамандану  бағытына 
республиканың  физикалық-географиялық  орнының  әсері  зор.  Бұл  тұрғыдан  алғанда 
Қазақстан ӛте қолайлы жерде орналасқан (1-кесте). 
Экономикалық-географиялық тұрғыдан Қазақстанның мынандай артықшылықтары бар: 
1.  Тарихи  -  экономикалық  дамыған  елдермен  шектесуі  (Ресей,  Қытай,  Орта  Азия 
елдері). 
2. Транзиттік жол торабы үстінде орналасуы. 
3. Қазақстан аумағы жер бедерінің кӛп бӛлігінде жазық болып келуі. 
Табиғат  жағдайлары  –  күннің  жылуы,  климат,  жер  бедері  және  табиғат  байлықтары  – 
пайдалы қазбалар, су, ӛсімдік және жануарлар дүниесі экономиканың дамуына күшті ықпал 
етеді.  Адамдар  белгілі  бір  табиғат  байлықтарының  басым  болуына  қарай  ежелден 
шаруашылықтың  түрлі  салаларын,  айталық,  ӛнеркәсіпті,  егіншілікті,  мал  шаруашылығын, 
балық аулауды немесе орман шаруашылығын дамытып келеді. 
Мұнда 
табиғат 
жағдайлары 
ӛнеркәсіпте, 
ауыл 
шаруашылығында 
тікелей 
пайдаланылады  да,  еңбек  обьектісі  қызметін  атқарады.  Табиғат  жағдайлары  қолайлы  жӛне 
қолайсыз,  ал  табиғат  байлықтары  –  мол  және  тапшы,  біркелкі  және  әркелкі  болуы  мүмкін. 


162 
 
Әлбетте,  табиғи  орта  неғұрлым  алуан  түрлі  әрі  мол  болса,  экономиканы  дамытуға  қажетті 
жағдайлар  да  соғұрлым  қолайлы  болады  (1-сурет).  Қазақстанның  табиғи  ортасы  –  табиғат 
жағдайлары  мен  табиғат  байлықтары  экономиканы  дамыту  тұрғысынан  алғанда  айрықша 
бай,  ірі,  алуан  түрлі.  Республикада  бағалы  пайдалы  қазбалардың  кӛптеген  түрлерінің  ірі 
қорлары, жыртуға жарамды құнарлы жерлердің кең алқабы, ұлан - байтақ жайылымдар мен 
пішендіктер  бар.  Оның  үстіне  мұндай  табиғат  байлықтары  кӛбіне  бірге  ұшырасып,  кӛп 
салалы  және  ірі  халық  шаруашылығын  дамыту  үшін  табиғи  негіз  құрайды.  Алайда 
Қазақстанның  ӛзіне  тән  қатаң,  шұғыл  континентті  табиғат  жағдайлары  –  климатының 
құрғақтығы  және  зор  кеңістіктегі  тұщы  су  тапшылығы  бірқатар  жағдайларда  белгілі  бір 
табиғат байлықтарын игеруді қиындатады. Бірақ, қалай болғанда да жер мен оның қойнауы, 
су,  ӛсімдіктер  мен  жануарлар  дүниесі  және  басқа  табиғат  байлықтар  мұнда  тек  Қазақстан 
Республикасының  меншігі  болып  саналады  да,  оның  мемлекеттік  тәуелсіздігінің  негізін 
құрайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет- 1. Табиғи орта құрамы 
Табиғат жағдайы 
Табиғи орта 
 
Табиғатты қорғау және оның ресурстарын 
ұтымды пайдалану және қалпына келтіру 
Қоғамдық ӛндірісте 
 тікелей пайдаланылмайды 
Шаруашылықтың даму мен орналасуынан 
белгілі бір мӛлшерде әсер етеді 
Қоғамдық ӛндірісте тікелей 
пайдаланылып, оның шикізат 
және энергетикалық базасын 
құрайды 
Пайдалы қазбалар,су, жер, ӛсімдік  
және жануарлар 
Климат, жер бедері,  
күннің жылуы 
Табиғи ресурстар 


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   99




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау