Конкурс туралы хабарландыру



жүктеу 144,61 Kb.
Дата21.12.2017
өлшемі144,61 Kb.
#5468
түріКонкурс





Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға

орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары Комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы» РММ (060002, Атырау облысы, Атырау қаласы, Абай көшесі, 10 А,  анықтама телефондары: 8 (7122) 32-69-09, факс: 8(7122 32-69-09), e-mail: Mahmetova.b@minagri.gov.kz,) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы жариялайды:
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлық ақылары:

Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық айлық ақы

 

min

max

С-О-5

83 282,08

112 430,81

С-О-5**** мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде

мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;**

6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.**


1) Бас маман-бас бухгалтер (1 бірлік, №18-13-1-2, санаты С-O-5).

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар: С-О-5**** Жоғары білім; Бухгалтерлік есеп және аудит, экономика және бизнес (экономика, менеджмент).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы,

аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандауына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу; осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Функционалдық міндеттері: Мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін жүргізу; мекеменің үш жылдық бюджет жоспарын жасақтау; мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізу; негізгі қорлар мен тауар-материалдық құндылықтардың есебін жүргізу және оларды түгендеу; бюджет қаржысының заңдылықтарға сәйкес мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету; қызметкерлердің еңбек ақыларын мезгілінде төлеуді қамтамасыз ету; міндетті төлемдер мен салықтарды тиісті бюджет пен зейнетақы қорына уақтылы аудару; кредиторлық және дебиторлық бережақтарды мезгілінде өндіруді қамтамасыз ету; тоқсандық және жылдық бухгалтерлік есептерді дайындау, оларды уәкілетті органдарға мезгілінде тапсыру; салық, қазынашылық және статистика органдарымен өзара іс-қимыл жасау; басшылықтың басқа да тапсырмаларын орындау; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыру.
2) Су ресурстарын пайдалану мониторинг, мемлекеттік есеп және кадастр бөлімінің бас маманы (1 бірлік, (уақытша бос негізгі қызметшінің бала күтімі демалысы кезеңіне (24.04.2017-10.01.2018) №18-13-3-2, санаты С-O-5).

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар: С-О-5**** Жоғары білім;

гидромелиорация (гидротехник) немесе ауыл шаруашылығы ғылымы (су ресурстары және суды қолдану) немесе жаратылыстану ғылымы (экология) немесе әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы,

аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандауына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу; осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.



Функционалдық міндеттері: Су нысандарын мемлекеттік есепке алу, мемлекеттік су кадастрын және мемлекеттік мониторингі жүргізу; арнайы су пайдалануға рұқсат беру, іс-әрекет етуін тоқтата тұру, тоқтату және қайтарып алу жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету; судың жай-күйіне әсер ететін құрылыс орнын айқындау жөніндегі ұсыныстарды келісу; судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен құрылыстарды орналастыруға және салуға жобалық құжаттаманы келісу; судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды және падалануға беруді, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргізу шарттарын келісу; кеме жүзу режимін келісу; су пайдаланушылардың су нысандарын сақтау, олардың жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын келісу; су пайдалану лимиттерiн айқындау;

облысаралық, аймақаралық, мемлекетаралық су нысандары бойынша су алу мен су бөлу жоспарларын әзірлеу; жер асты су қорларын бекітуге қатысу; су шаруашылығы баланстарын әзірлеуге қатысу; салық органдарына табыс еткенге дейін жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғандары үшін төлем бойынша салық декларацияларын куәландыру; су ресурстарын пайдаланғаны үшін ақы төлеу мәселесімен салық органдарымен өзара іс-қимыл жасау; су пайдаланушылардың бастапқы су пайдалану және статистикалық 2-ТП (водхоз) есептерін қабылдау; басшылықтың басқа да тапсырмаларын орындау; Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыру.



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар

  1. осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

  2. 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

  3. бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;


  1. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  3. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  4. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат ( немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  5. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі); 10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген

  7. «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама ( немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі ).

3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.



Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы Mahmetova.b@minagri.gov.kz мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Олар ұсынылмаған жағдайда тұлға конкустық комиссиямен әңгімелесуге жіберілмейді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесу кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары Комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы» РММ-де Атырау қаласы, Абай көшесі 10А ғимаратында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде какдиданттарға сұрақтар коймайды.Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс- әрекеттер жасауға, кандиданттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандиданттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдануына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Нысан


___________________________________

(мемлекеттік орган)


Өтініш
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына

Орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.


«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен-жайы және байланыс телефоны___________________________________________


_________ ___________________________________

(қолы) (тегі,аты,әкесінің аты (болған жағдайда))


«_____» _________________201__ж.

«Б» корпусының мемлекеттік


әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы
Нысан
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»




_____________________________________________
тегі, атыжәнеәкесініңаты (болғанжағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлітүсті/ цветное,
3х4)







_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)




ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туғанкүніжәнежері/
Дата и место рождения




2.

Ұлты (қалауыбойынша)/
Национальность (по желанию)




3.

Оқуорнынбітіргенжылыжәнеоныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения




4.

Мамандығыбойыншабіліктілігі, ғылымидәрежесі, ғылымиатағы(болғанжағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)




5.

Шетелтілдерінбілуі/
Владение иностранными языками




6.

Мемлекеттік наградалары, құрметтіатақтары(болғанжағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)




7.

Дипломатиялықдәрежесі, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшені(болғанжағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)




8.

Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі(болғанжағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)




9.

Соңғыүшжылдағықызметініңтиімділігін жыл сайынғыбағалаукүні мен нәтижесі, егерүшжылдан кем жұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі (мемлекеттік әкімшілікқызметшілертолтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)




ЕҢБЕКЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения






























_____________________


Кандидаттыңқолы/
Подпись кандидата

_______________


күні/дата

жүктеу 144,61 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау