154
ГЕОГРАФИЯ, БИОЛОГИЯ, ХИМИЯ, ЭКОЛОГИЯ
ӘОЖ 658.58
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ӚЛКЕТАНУ
ЖҦМЫСТАРЫНДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Абдельденова Д.
Кӛктӛбе орта мектебі, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы,
Қазіргі таңда табиғаттың жағдайы туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев та «Қазақстан-2030»
бағдарламасында табиғат жағдайының қиын кезеңде тұрғанын нақты атап ӛтіп:
«...экологиялық нашар ахуал бүгінде адам ӛлімінің жиырма пайызына себеп болып отыр.
Қоршаған ортаны ластаушыларға берік тосқауыл қойылу қажет», - деген болатын. Бұл
мәселенің тиімді шешілуі мектеп оқушыларын экологиялық білім мен тәрбие беру арқылы
олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру барысында мүмкін болатыны анық [1].
Дүниежүзілік қауымдастықтың қазіргі кезеңдегі дамуында адам мен табиғат
арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы экологиялық мәселелерді шешу жолын іздестіруді талап
етеді. Адамзаттың жаһандық дағдарысы жер шарының экологиялық үйлесімділігінің жеке
бӛліктері болып саналатын аймақтық деңгейдегі мәселелерден туындап отыр. Бұл жағдайда
антропогенді ӛркениеттің қоршаған табиғи ортамен тиімді арақатынасын ұйымдастыруға
бағытталған барлық әлеуметтік институттарын жұмылдыру қажет.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «…білім беру жүйесі міндеттерінің
бірі ретінде белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың
қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени ӛміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның ӛз
құқықтары мен міндеттеріне саналы кӛзқарасын қалыптастыру» атап кӛрсетілген. Осы
тұрғыдан келгенде, үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны болып саналатын жалпы
орта білім беру мектептерінің оқушыларына саналы тәртіп пен сапалы білім беріп, туған
жерінің табиғатын қорғайтын мәдениетті тұлға етіп қалыптастырудағы атқарар рӛлі зор екені
даусыз [2].
Қазіргі кезде қоғамның саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуындағы жаңару
процестері ӛткен тарихымыз бен мәдени мұраларымызды қайта қарауға, рухани
құндылықтарымызды саралап, оны мектептің оқу-тәрбие процесіне ендіру арқылы
оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға қолайлы жағдайлар жасалып отыр.
Экологиялық мәдениетті халық педагогикасы арқылы қалыптастыруда ӛлкетану
жұмыстарының мүмкіндіктері мол. Ӛлкетану жұмыстары оқушылардың қоршаған табиғи
құбылыстары мен заттары туралы, олардың ӛзара байланыс заңдылықтары туралы
түсініктерін қалыптастыруға кӛмектесіп, ӛмірге деген қызығушылықтарын арттырады.
Ӛлкетану материалдары қоршаған ортаға тікелей бақылау жасауға мүмкіндік береді. Ол
туған ӛлке табиғатын, оның байлықтарын, даму заңдылықтарын, жергілікті жердің халқы
мен шаруашылық түрлерін және олардың байланыстарын ұғынуға кӛмектеседі. Оқу-тәрбие
процесінде халық педагогикасының құралдарын ӛлкетану жұмысында пайдалану арқылы
оқушылар тек нақты білім мен ұғымды меңгеріп қана қоймай, дүниенің біртұтастығы мен әр
түрлілігі, дамудың үздіксіздігі, ӛзара байланыс пен әрекеттестік, дүниенің нақты заттар мен
құбылыстардан тұратындығын танып, олардың дүниетанымдық кӛзқарастары кеңейеді.
Ӛскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыра отырып, жаңа заманның
кӛкірегі ояу, ұлттық сана-сезімі жоғары саналы азаматын тәрбиелеу ұзақ әрі күрделі процесі
болып табылады. Сондықтан бұл мәселе бүгінгі таңда ӛткір қойылып, ӛз шешімін табуды
қажет етіп отыр. Аталмыш мәселені шешуде кӛптеген ғалымдар ӛз үлестерін қосқан.
Қазақ халқының біртуар данышпандары А.Құнанбаев [3], Ы.Алтынсарин [4],
Ш.Уәлиханов [5], Ш.Құдайбердиев [6], А.Байтұрсынов [7] еңбектерінде табиғат пен адам