167
қуаңшылық салдарынан 3 млн.-га жуық адам қырылған. Мұнда бәрі табиғатқа
анторпогендік келеңсіз әсерлер нәтижесінде болып жатқан құбылыс. Климаттың
жаһандық жылынуына байланысты шӛлдену үрдісі Еуропаның оңтүстік белдемдерін
және Оңтүстік – Батыс Азия, Оңтүстік Азия, Орталық Азия елдерінің орталық және
солтүстік белдемдерін қамти бастады.
Орман – жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде ӛсімдіктер жамылғысының басты
бір типі. Ормандкарда ағаш, бұта шӛптесін ӛсімдіктер, мүк, қына ӛседі. Орман қорлары бүкіл
биосферадағы тіршілік үшін, оның ішінде адамзат қоғамы үшін аса маңызды. Тиімді
пайдаланған жағдайда ӛз - ӛзінен қайта қалпына келіп тұратын таусылмайтын табиғи қор.
Шӛлдену процесі - адамның шаруашылық әрекетінің ықпалы мен ӛсімдік жамылғысы сирек
шӛлге ұқсас ландшафтардың пайда болуы.
Құрлықтың 2,83 млрд гектары - шӛлейттенген.Шӛлейттену – адамның шаруашылық
іс - әрекетінің ықпалымен ӛсімдік жамылғысы сиреп, шӛлге ұқсас ландшафтардың
пайда болуы. Дүние жүзінің климаттық ӛзгеруі мен қуаңдануының ӛсуіне байланысты
шӛлейттену процесі қарқынды жүруде.
Шӛлейттену нәтижесінде биологиялық ӛнім мен түр санының азайып, топырақ
құнарсыздана бастайды. Қазірге кезде құрлық бетінің 1/3 бӛлігінде топырақтың
құнарлы қабатының жоғалу қаупі ьар, ал оның әсерінен Жер шары халқының 1/5
зардап шегуі мүмкін . Соңғы 50 жыл бойында дүние жүзінде 800 млн.га-дан астам
жердер шӛлейттенуге ұшыраған. Мұның негізгі бӛлігі Африка құрлығына келеді.
Мысалы, Сахара шӛлі оңтүстікке қарай 650-700 км шамасында жылжыған,
Ғалымдардың болжамы бойынша 2020 жылы Оңтүстік Африканың 60 млн тұрғыны
жарамды жерлердің шӛлейттенуі салдарынан ӛздерінің атамекенінен басқа аудандарға
қоныс аударуға мәжбүр болады. Шӛлейттену процесі Орта Азия елдерімен
Қазақстанда да жылдам қарқынмен жүруде. Түкіменстанда ұзындығы 1000 км
Қарақұм каналының бойында 100 км-лік аймақта топырақ қайталама сортаңданып,
шӛлге айналған. Арал теңізінің дейгейі 14 м-ге тӛмендеп, аумағының азаюы
салдарынан 2,5 млн.га – дан астам жер қу тақырға айналды. Бұл ӛңірден жыл сайын
75 млн тонна тұз желмен кӛретіліп, 100 км және одан да шалғай ӛңірлерге жайылуы
салдарынан шӛлейттену процесі одан әрі үдей түсіп отыр. Арал түбінің тұзы Тянь –
Шань мен Памирдің мұздықтарына жетіп, олардың еруіне ықпалын тигізуде. Арал ӛңірі
тұздарының тіпті Солтүстік Мұзды мұхиттан да табылғаны анықталып отыр. Сондықтан
БҰҰ-ның эксперттері Орталық Азия аумағындағы елдер ӛзара бірлесу арқылы кешенді
іс-қимылға (орман- мелиорац,. гидро –тех., сексеуіл егу, т.б.) және табиғатты ұтымды
пайдалануға (малды жайып бағуды ретттеу, жер-су қорларын тиімді қолдану, т.б.)
тезірек кӛшсе ғана бұл мәселе оң шешімін тауып, нәтижесін береді деген тұжырым
жасады.
Су тапшылығын кӛптеген ғалымдар соңғы кездегі атмосферада кӛмір қышқыл газы
мӛлшерінің кӛбеюіне байланысты температураның кӛтерілуімен байланыстырады. Осыдан
бірін-бірі тудыратын проблемалардың тізбегін жасау қиын емес: энергияның кӛп бӛлінуі
(энергетикалық проблемаларды шешу) - парникті эффект — су тапшылығы — азық-түліктің
жетіспеуі (ӛнімнің болмауы). Соңғы 100 жылда температура шамамен 0,6°С-қа кӛтерілді.
Әсіресе 1995-1998 жылдары температура қатты кӛтерілді. Кӛмір қышқыл газы, метан және
басқа да газдар жылу сәулелерін сіңіріп парникті эффектіні (жылу эффектін) күшейтуде.
Одан да маңызды фактор - тұрмыстық және ӛнеркәсіптік мақсатта су шығынының артуы.
Осының әсерінен Үндістан, Қытай, АҚШ-тың кейбір аудандарында жер асты суларының
деңгейі айтарлықтай тӛмендеді. Кейбір жерлерде суғару жұмыстары үшін жаңбыр суын
емес, тереңде орналасқан қазба суларын пайдалануға мәжбүр. Қытайдық ұлы ӛзендерінің
бірі Хуанхэ бұрынғыдай Сары теңізге тек ылғалды жылдары ғана жетеді- АҚШ-тағы ірі
Колорадо ӛзені де Тынық мұхитқа жылдағыдай құя бермейді. Амудария мен Сырдария
ӛзендері де бұрынғыдай Арал теңізіне жете бермейді. Судың тапшылығы кӛптеген
аймақтарда экологиялық ахуалды нашарлатып азық-түлік тапшылығына алып келуде.
168
Орта Азияның таулы аудандарында, Арал және Балқаш тӛңірегінде, Орта Азия мен
Оңтүстік Қазақстанның биік зоналы геожүйелерін қоса (Тянь-Шань, Памир-Алай)
шӛлейттену процесі қарқынды жүруде. Амудария мен Сырдария ӛзендерінің суларын ауыл
шаруашылығының қажетіне пайдалану Арал теңізінің сусыз жерлерінде сортаң, тақыр
жазықтықтардың пайда болуына алып келді. Сондай-ақ Арал тӛңірегі ландшафтарының
деградацияға ұшырауы кӛлді-батпақты және тоғайлы табиғи кешендердің тұздың жиналуы
молая түскен гало-ксерофитті кешендерге алмасуда.
Қазақстанның кӛп бӛлiгi қуаң аймақта орналасқан және оның аумағының шамамен 66%-
i түрлi деңгейде шӛлейттену процестерiне бейiм. Алдын ала есептер бойынша жайылымның
тозуынан залал, егiстiк эрозиясынан, қайталама тұзданудан және басқа да себептен
алынбаған кiрiс шамамен 300 миллиард теңгенi құрайды.
Қазақстан үшiн елеулi iшкi қатердi бiлдiретiн жердiң шӛлейттенуi мен тозу проблемасы
шаң-тұз дауылының пайда болуы және ауа массаларының ластаушы заттарды алыс
қашықтыққа жеткiзуi нәтижесiнде бiртiндеп трансшекаралық проблемаға айналуы
мүмкiн.2004 жылдың барысында шӛлейттенудiң кӛлемi мен құрғақшылықтың терiс әсерiнiң
алдын алуға және қысқартуға, тозған жерлердi және топырақтың құнарлылығын қалпына
келтiруге, ресурстық базаны сақтауды және/немесе қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн,
халықтың экологиялық қауiпсiздiгiн нығайтатын тұрақты жер пайдаланудың экономикалық
тетiктерiн әзiрлеу мен енгiзуге, сондай-ақ шӛлейттенумен күрес процесiнде халықтың кең
қауымының хабардар болуы мен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған шӛлейттенумен
күрес жӛнiнде бағдарлама әзiрлеу және бекiту қажет.
Бағдарламаның негiзгi нәтижелерi шӛлейттену процестерiн болдырмау және жердiң
тозу ауқымын қысқарту, шӛлейттенумен күрестiң экономикалық тетiктерiн енгiзу, ауыл
шаруашылығы жерлерiнiң ӛнiмдiлiгiн арттыру болмақ.
Техногендік ластанған жерлер барлық табиғат белдеулерінде кездеседі және олар
жерлерді ұзақ уақыт пайдалану барысындағы жайылымдардың дегумификациясымен, сор
және сортаңдануымен, жел және су эрозиясының дамуымен, топырақтың ластануы мен
техногендік бұзылуымен, шамадан тыс жайылымға қолданылғандығымен байланысты. Жер
бедерінің түзілу үрдістері – эрозия және дефляция үрдістерінің әсерінен жерлердің
деградациясы жүреді. Халықтың тығыздығы да қоршаған ортаға және шӛлденуге әсерін
тигізеді.
Республиканың табиғи және антропогендік экожүйелерінің бұзылуын интегралды
бағалау әсер ету факторлары мен деградация дәрежесімен, типімен сипатталады.
Биологиялық табиғи ӛзін-ӛзі реттеу түрлі дәрежеде бұзылған барлық экожүйелерге тән. Бірақ
табиғи белдеулік жүйелердің толық қалпына келу үрдісі ӛте сирек кездеседі. Қалпына келу
үрдісі жылдам (10 жылға дейін) немесе ұзақ (50-100 дейін және одан кӛп жыл) мерзімді
болуы мүмкін. Олардың ұзақтығы олардың бұзылу дәрежесі мен сипатына, пайдалану
нұсқасына, бірлестік мелиорациясын қолдану нұсқаларына тәуелді.
Биоалуантүрліліктің жойылу қаупі әлсіз шӛлдену дәрежесі кезінде мүмкін. Орташа
дәрежеде – қауіп ӛте жоғары. Экожүйелердің күшті және ӛте қатты деградация барысында
қауіп те, тиісінше, ӛте жоғары болады.
Антропогендік факторлардың әсер ету салдары әр түрлі, мысалы, дала ӛсімдіктеріндегі
ӛрт ормандағы ӛрт секілді шабындық шӛпті бұзады.
Бұл ӛрттер ағаш ярустылығының толық деградациясына алып келіп, ӛзін-ӛзі қалпына
келтіру үрдісін ӛте баяулатады. Таулы аумақтардың ішкі шӛлдену қаупі ӛздігінен жоғары,
оған дәлел тӛтенше жағдайлардың қалыптасуы, ауыр болжалмаған зардаптарға алып келетін
жарылымдар, кӛшкіндер, тасты селдер және т.б. болып табылады. Соңғы жылдары тау алды
және аласа таулы аумақтарда құрылыстың қарқынды жүруі ормандар мен бұталардың
жойылуымен іске асуы кӛшкіндер, топырақ эрозиясының қалыптасуына итермелейді.
Шӛлдену бойынша материалдарға репроспективті талдау жасау қоршаған ортаның
дестабилизациясына антропогендік әсер факторларының басымдылығын белгілейді. 5,4 млн.
халқы бар Арал және Іле-Балқаш аймақтары ең кӛп дәрежеде бұзылған. Ӛзен ағынын реттеу
Достарыңызбен бөлісу: |