164
Темір
3
8
3
Марганец
14
2
2
3
Хром
99
1
100
1
Мыс
28
2
30
2
Қорғасын
38
1
64
1
Мырыш
35
2
56
1
Боксит
22
2
36
2
Вольфрам
54
1
4
3
Қалайы
2
3
2
2
Кӛмір
12
3
19
3
Молибден
29
2
5
4
Фосфорит
65
1
65
1
Шикі мұнай
8
2
4
2
Республика ғалымдары Ӛскемен қорғасын-мырыш комбинатының мамандарымен бірге
Ертіс мыс балқыту зауытынан шығарылатын қалдықтардан металдарды бӛліп алудың жаңа
технологиясын жасап шығарды. Мұндай қалдықтардың құрамында, 30 пайызға дейін темір,
6-8 пайыз мырыш, 1 пайыз мыс, қорғасын және басқа металдар кездеседі. Жаңа технология
оларды түгелдей дерлік бӛліп алуға мүмкіндік береді.
1.1 Табиғат ресурстарына экономикалық-географиялық
сипаттама
Табиғи ресурстарға минералды, жер, су, биологиялық және рекреациялық ресурстар
жатады. Кейбір табиғи ресурстар ӛндірісте тікелей пайдаланылып, оның шикізат және
энергетикалық базасын құрайды. Минералды ресурстар
. Біздің еліміз дүние жүзінде кейбір
пайдалы қазбалардың қоры жӛнінен алдыңғы орындардың бірін алады.
Менделеев кестесіндегі 105 элементгің Қазақстан жер қойнауында 99 - ы ашылып, оның
66-сы қоры зерттеліп, ӛндіріске тартылған. Ғалымдар мен экономистердің пайымдауынша
Қазақстан Республикасы дүние жүзінде вольфрамның қорынан бірінші, хромит, фосфор
кенінен екінші, ал марганецтен АҚШ, Украинадан соң үшінші, қорғасын және молибденнен
тӛртінші, темір кенінен Бразилия, Австралия, Канада, АҚШ, Үндістан, Ресей және
Украинадан кейін сегізінші орында.
Кенді Алтай полиметалл кеніне, Сарыарқа кӛмір, темір, алтын, молибден, полиметалға,
Торғай ӛңірі темір, боксит, қоңыр кӛмірге, Мұғалжар хромит пен никельге, Қаратау
фосфорит, полиметалға, Қоңырат мыс пен молибденге, Атырау, Ембі және Маңғыстау мұнай
мен газға бай. Құрылыс материалдарынан Жетіқарада асбест, Шымкент маңындағы Сазтӛбе
мен Семей маңындағы Суықбұлақ станциясында әктас, Текеліде мрамор, Қорбай мен
Қаскелеңде гранит, Маңғыстауда ұлутас кездеседі.
Жер ресурстары. Жер туралы жарлықтың 6 - бабына сәйкес Қазақстан Республикасы
жер (272490,2 мың га) құрамы тӛмендегідей бӛлінген:
1) Ауыл шаруашылығына арналған жер (201099,5 мың га);
2) Халық қоныстанған елді мекендер (18914,4 мың га);
3) Ӛнеркәсіп, кӛлік, байланыс және қорғанысқа арналған жер (1800,5 мың га);
4) Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (851,9 мың га);
5) Орман қорына арналған жер (10222,1 мың га);
6) Су қорына арналған жер (846,0 мың га);
7) Қосалқы жер (22149,9 мың га).
Қазақстанда жалпы жер кӛлемінің 82 пайызы ауыл шаруашылығына жарамды жер,
соның 182 млн га мал жайылымы, 15 пайызы жыртылған жер, яғни егістіктің кӛлемі 36 млн
га, оның 4 пайызы шабындық. Жыртылған жердің кӛлемі жӛнінен Қазақстан дүние жүзінде
алтыншы орында. Ең құнарлы қара, одан соң каштан топырақ орманды дала, дала