3
Кешендi шарт
Құрамдас бөліктері ретінде өзіне Жалпы шарттарды, Шарттарды
қамтитын Банк пен Клиенттiң арасында жасалған кешенді банктік
қызмет көрсету шарты.
Жалпы шарттар
Егер өзгеше көрсетiлмесе, өзіне Кешендi шартқа сiлтемені қамтитын
және оның ажырамас бөлігі болып табылатын Жалпы шарттардың кез
келгені, оның ішінде:
Жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарын ашудың, жүргiзудің
және жабудың, төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізудің
және «Altyn Bank» АҚ-ның («Қазақстан Халық Банкi» АҚ ЕБ)
есеп айырысу-кассалық қызметінің Жалпы шарттары;
Салымдар (депозиттер) ашудың
жалпы шарттары мен салым
(депозит) бойынша амалдарды жүргізу шарттары;
«Altyn Bank» АҚ-ның («Қазақстан Халық Банкi» АҚ ЕБ)
халықаралық төлем жүйелерiнiң төлем карталарын берудің
және пайдаланудың жалпы шарттары;
«Altyn Bank» АҚ-ның («Қазақстан Халық Банкi» АҚ ЕБ) жеке
тұлғаларға банк қарыздарын берудің жалпы шарттары;
Амалдық күн
Амалдық күн – Банк белгілеген Жұмыс күні ішіндегі Банктің
Клиенттің нұсқауларын/Клиенттің нұсқауларын орындауды тоқтату
туралы өкімдерін қабылдау, өңдеу, сондай-ақ банктік және басқа
амалдарды жүргізу үшін ашық тұратын уақыт кезеңi. Амалдық күн
жүзеге асырылатын түрлі амалдар/Банк көрсететін қызметтер үшін
өзгеше болуы мүмкін. Банктің Амалдық күні туралы мәліметтер
Клиентке тиісті ақпаратты Банктің үй жайларында және
www.altynbank.kz
Банктің ресми интернет-ресурсында жайғастыру
арқылы жеткізіледі.
Құпиясөз (ДСН-
конвертке басылған)
Жеке тұлғаларға арналған интернет-банкинг қызметiне қосылған кезде
Банктің бөлімшелерінде ұсынылатын ДСН-конверттегі әрiптiк-сандық
мән. Жүйеге тiркелгенде, Жүйеге бірінші рет кіргенде пайдаланылады.
Ережелер
Банктiң ресми сайтында (
www.altynbank.kz
) жайғастырылған «Altyn
Bank» АҚ-ның («Қазақстан Халық Банкi» АҚ-ның еншiлес банкі)
www.myaltyn.kz веб-порталындағы интернет-банкинг жүйесiнде
электрондық банктiк қызметтер көрсету ережелері.
Қауiпсiздiк рәсiмдері
Электрондық құжаттарды құрағанда, табыстағанда және алғанда
Клиенттің Электрондық банктік қызметтерді алу құқығын анықтау
мақсатында, сондай-ақ Анықтап танылып, Банкке жіберілгеннен кейін
Электрондық құжаттардың құпиялығын сақтау және олардың
мазмұнына өзгерістердің енгізілуіне жол бермеуді қамтамасыз ету
үшін Клиентті сәйкестендіруге және қуаттауға арналған ақпаратты
қорғаудың ұйымдастыру шаралары мен бағдарламалық техникалық
құралдар кешені.
Жұмыс күндерi
Банктің амалдарды жүргізу және мәмілелерді жасау үшін ашық
тұратын күндері (сенбiні, жексенбiні және Қазақстан
Республикасындағы басқа ресми демалыстарды қоспағанда) немесе
қаржының шетел валютасында халықаралық аударымы жағдайында,
Қазақстан Республикасында және ондай валюта заңды төлем құралы
болып табылатын елде банктердің амалдарды жүргізу үшін ашық
тұратын күні.
Банктiк тіркеу
нөмiрi/Тіркелудің
Электрондық банктiк қызметтерге қосылған кезде Банктiң
бөлiмшелерінде Клиентке берілетін Жүйені Пайдаланушының
4
банктік нөмірі
(БТН/ТБН)
бастапқы аты.
Жүйе
«Altyn Bank» АҚ-ның («Қазақстан Халық Банкi» АҚ ЕБ) интернет-
банкинг жүйесі, Клиентке Банкте ашылған өзінің банк шоттарын
интернет желісі арқылы Клиент пен Банк арасында Электрондық
құжаттар алмасу жолымен қашықтықтан басқаруға мүмкіндік беретін
бағдарламалық жасақтама.
СМС-хабарландыру
Қысқа хабарламалар сервисі – Банктің мобильді байланыс операторы
арқылы Банкке белгілі Клиенттің соңғы мобильді телефон нөміріне
жолдайтын мәтiндiк хабарламасы; бір реттік қуаттау құпиясөзін алу
үшін пайдаланылады.
Шот
Клиенттің банк шоты шартының, банк салымы шартының және
аясында банк Шоттары ашылатын Банк пен Клиенттің арасында
жасалған басқа да шарттардың негізінде ашылған Банктегі кез-келген
валютадағы Шоты. Мұнда тиісті шарт бойынша бір немесе бірнеше
банк Шоттары ашылатын жағдайлар да ескерiледi.
Келiсiм
«Altyn Bank» АҚ-ның («Қазақстан Халық Банкi» АҚ ЕБ) жеке
тұлғасына электрондық банктiк қызметтер көрсету туралы келiсiм.
Тарифтер
Егер Қолданыстағы заңнамада өзгеше көрсетілмесе, Банктің біржақты
тәртіппен өзгертуі мүмкін және Банктің www.altynbank.kz ресми
интернет ресурсында жарияланатын, Банк көрсететін банктік және
басқа қызметтер үшін алынатын, Банк анықтайтын Банк
комиссиясының қолданыстағы мөлшерлері.
Токен
Жүйеге кіргенде Клиентті сәйкестендіруге және Электронды
құжаттарды Анықтап тануға арналған, Клиентке сұрау бойынша өз
бетінше электрондық сандық таңбалардың бірегей реттілігін жасауға
мүмкіндік беретін серпінді сәйкестендіру құрылғысы (бұдан әрi – Бір
реттік Қауіпсіздік коды).
Клиенттiң тіркелімі
Электрондық банктiк қызметтерге қолжеткiзілімді ұсыну мақсатында,
Клиентті сәйкестендіретін Клиенттің Жүйедегі тіркелім деректері.
Клиенттiң тіркелімі Пайдаланушының атынан және Құпиясөзден
тұрады.
Электрондық төлем
қызметтерi
Банк Шотын пайдалану және ақпараттық банктік қызметтерге
жатпайтын банк амалдарының басқа түрлерін жүзеге асыру арқылы
төлемдердi жүргізумен және (немесе) ақша аударымымен, шетел
валютасын айырбастау амалдарымен байланысты электрондық банктiк
қызметтер.
Электрондық банктiк
қызметтер
Банктің Клиентке банктiк қызметтерді Жүйенің көмегімен, байланыс
желілері бойынша, оның ішінде Байланыс орталығы мен Phone banking
арқылы және осы Келісімде көрсетілген өзге де тәсілдермен интернет
арқылы қашықтықтан көрсетуімен байланысты қызметтер.
Электрондық құжат
Жіберуші құраған, қолданыстағы заңнамада қарастырылған тәртіппен
құралғаннан кейін бұрмаланбаған (немесе) өзгерістер енгізілмеген,
ақпараты электрондық-сандық түрде келтірілген, сәйкестендіру
құралдарымен куәландырылған құжат.
3. Электрондық банктiк қызметтердiң тiзбесі
3.1.
Банк Клиентке келесi Электрондық банктiк қызметтер көрсетеді: