7
4.12.
Зақымдану, сыну, батареясының қолдыныс мерзімінің аяқталуы салдарынан Токенді
пайдалану мүмкін болмаған жағдайда, Банк Келісімде қарастырылған тәртіппен, Банктің
Тарифтеріне сәйкес Токенді жаңасына ауыстыра алады.
4.13.
Токен жоғалған, ұрланған, жойылған жағдайда, жаңа Токенді ұсыну Банктiң Тарифтеріне
сәйкес жүзеге асырылады.
4.14.
Банк берген БТН мен Құпиясөз Жүйеде Клиенттің Тіркелгісін жасау үшін қажет және
Клиенттің Жүйенің пайдаланушысы ретінде бастапқы тіркелуі кезінде ғана пайдаланылады. Одан
кейін Жүйеге қолжетімділік БТН-н/Пайдаланушының атын (Клиент Жүйеге бірінші рет кіргеннен
кейін БТН-н өзіне ыңғайлы кез келген Пайдаланушының атына ауыстыруға құқылы), Құпиясөзді
және Қауіпсіздік кодын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Интернет-банкинг қызметiне OTP СМС-тің көмегiмен қосылған жағдайда.
4.15.
Клиент Phone banking пен Байланыс орталығы арқылы көрсетілетін Электрондық банктiк
қызметтердi алуға Клиенттiң құқығын растайтын Қауіпсіздік рәсімдерінен өтіп, Банктің
www.myaltyn.kz веб-порталында немесе www.altynbank.kz интернет ресурсында, және/немесе
Интернет-банкинг жүйесінде осы Ережелер мен Келісімнің шарттарын қабылдайтынын
растағаннан кейін Банк Клиентке БТН мен OTP СМС-ті ұсынады.
4.16.
Осы арқылы Клиент осы Ережелер мен Келісімнің шарттарына сәйкес OTР СМС
жіберілген жағдайда, үшінші тұлғаның БТН-н, OTР СМС-ті заңды/заңсыз алуына/жариялауына
байланысты Клиентте және/немесе кез келген үшінші тұлғада туындаған кез келген шығындар,
залал, шығыстар, сондай-ақ үшінші тұлғаның БТН-н, Құпиясөзді, OTР СМС-ті пайдалануы
нәтижесінде Клиентте және/немесе кез келген үшінші тұлғада туындаған кез келген шығындар,
залал, шығыстар үшін Банктің жауапкершілік көтермейтіндігімен шүбәсіз және сөзсіз келіседі.
4.17.
Осы арқылы Клиент OTР СМС-тің жіберілуі БТН-нің, OTР СМС-тің құпиялылығын
қамтамасыз етпейтіндігімен, нәтижесінде БТН-н, OTР СМС-ті үшінші тұлғалардың
алуы/көшіруі/жариялауы/оқуы немесе басқаша қабылдауы және/немесе жаңғыртуы, сондай-ақ
жоюы мүмкін екендігімен, осылайша Клиентке шығындар, залал немесе басқа шығыстар келтіруі
ықтимал екендігімен шүбәсіз және сөзсіз келісіп, оны толығымен түсінеді. Осы арқылы Клиент
OTР СМС-тің жіберілуіне байланысты туындайтын барлық шығындарды, залалды, шығыстарды,
зиянды толығымен өзіне қабылдайды.
4.18.
OTР СМС-ті алу мақсатында, Клиент көрсеткен ұялы (мобильді) телефон нөмірі дұрыс,
Клиентпен тиісті түрде тексерілген болып табылады, және Банк Клиент көрсеткен нөмірді
тексеруге, сондай-ақ Клиент нөмірді түсініксіз көрсеткен жағдайда, OTР СМС-ті жіберуге міндетті
емес.
4.19.
Осы арқылы Клиент пошта байланысы операторының, OTР СМС-ті жіберуге
және/немесе алуға тартылған, оның ішінде СМС-тің кез келген себептермен уақытылы
жеткізілмегендігі, жеткізілмегендігі, басқа мекенжайға жеткізілгендігі үшін жауапты өзге
тұлғалардың әрекеттері және/немесе әрекетсіздігі үшін Банктің жауапкершілік көтермейтіндігімен
шүбәсіз және сөзсіз келіседі.
5. Клиентті Жүйенi пайдаланушы ретінде тіркеу және Клиенттің Тіркелгісін жасау рәсімі
5.1.
Клиентті Жүйені пайдаланушы ретінде Жүйеге тіркеу қажеттi электрондық тіркеу
нысандарын толтыру және Жүйені пайдаланушы ретінде тіркелу барысында Клиенттен талап
етілетін белгілі бір әрекеттерді жасау арқылы жүзеге асырылады.
5.2.
Клиент Интернет-банкинг жүйесінің пайдаланушысы ретінде бірінші рет тіркелгенде, оған
тиісті электрондық тіркеу нысанға БТН-н, Құпиясөзді (ДСН-конверттің ішіндегі), Қауіпсіздік
кодын немесе ОТР СМС-ті енгізіп, содан кейін қалауынша БТН-н Пайдаланушының атына
ауыстырып, міндетті түрде Құпиясөзді өзгерту қажет, әрі қарай тіркелу барысында Клиент Жеке
тұлғаларға арналған электрондық банктік қызметтер көрсету туралы Келісіммен танысып шығып,
оны акцепттейді де, Интернет-банкинг жүйесінің пайдаланушысы болады. Клиент Жеке
тұлғаларға арналған электрондық банктік қызметтер көрсету туралы Келісімді акцепттемеген
жағдайда, тіркелу рәсімі аяқталмаған болып есептеледі, бұл Клиенттің әлі Интернет-банкинг
жүйесінің пайдаланушысы еместігін білдіреді. Клиент өзі көрсеткен Пайдаланушының атын,
Құпиясөзді кейін Интернет-банкинг жүйесіне қолжеткізу үшін пайдаланатын болады. Бұл ретте
Банк берген БТН мен Құпиясөз тек бастапқы тіркелім үшін ғана қолданылады, ал кейін Клиент
Құпиясөзді міндетті түрде өз бетінше басқасына өзгертеді, қаласа, Пайдаланушының атына
8
өзгертеді. Жүйеге бірінші рет және кейін кіру үш параметрлер бойынша жүзеге асырылады:
Пайдаланушының аты, Құпиясөз, Қауіпсіздік коды/ОТР СМС.
5.3.
Клиент өзі көрсеткен Пайдаланушының атын, Құпиясөзді кейін Жүйеге кіру үшін
пайдаланатын болады. Бұл ретте Банк берген БТН мен Құпиясөз тек бастапқы тіркелім кезінде
ғана қолданылады, кейін Құпиясөзді Клиент өз бетінше өзгертеді, қаласа, Пайдаланушының атына
өзгертеді.
5.4.
Тиiстi электрондық тiркеу нысандарын толтырып, барлық қажетті әрекеттер
жасалынғаннан кейiн, Банк Клиенттің сұрауын өңдейді.
5.5.
Банк Клиенттің өзін Жүйені пайдаланушы ретінде тіркеуге сұрауын мақұлдаған
жағдайда, Клиент Жүйеге тіркелуден сәтті өткендігі туралы хабарландырылады. Жүйеге
қолжетімділікті ұсыну Жүйеге тіркелуден сәтті өткендік туралы хабарландыруға теңестіріледі.
5.6.
Клиенттің тіркелу кезінде енгізген Пайдаланушының аты мен Құпиясөзі Клиенттің
Жүйеге қол жеткізуі үшін Тіркелгісі болып табылады.
5.7.
Жүйеге пайдаланушы ретінде тiркелуді, Клиенттiң Тіркелгісін жасауды қажетті анық және
толық ақпаратты ұсынған, Келісімнің шарттарын тиісті түрде орындаған және тіркелу кезінде
барлық қажетті әрекеттерді жасаған Клиент қана жүзеге асырады.
6.
Қауiпсiздiк рәсiмдері
6.1.
Қауiпсiздiк рәсiмдері Клиентті және оның Электрондық банктiк қызметтердi алуға
құқығын анық сәйкестендіруге, негізінде Клиентке Электрондық банктiк қызметтер көрсетілетін
электрондық құжаттардың мазмұнындағы бұрмалаушылықтарды және/немесе өзгерістерді
анықтауға, банк құпиясы болып табылатын ақпаратқа рұқсат етілмеген қолжетімділіктен
қорғанысты қамтамасыз етуге, және ол ақпараттың тұтастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік
береді.
6.2.
Ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі барлық рәсімдер Клиенттің
пайдаланылатын дербес компьютерлерінде, интернет желісінде және Клиент пен Банктің
серверлерінде, Phone banking пен Байланыс орталығы арқылы көрсетілетін Электрондық банктiк
қызметтерге арналған байланыс желілері бойынша орындалады.
6.3.
Жүйе арқылы Электрондық банктiк қызметтер көрсету Клиентке келесi Қауiпсiздiк
рәсiмдерiне сәйкес жүзеге асырылады:
6.3.1.
Жүйеде табысталатын және қабылдап алынатын ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз
ету мақсатында, интернет арқылы банктік қызметтер көрсету қосымшалары үшін пайдаланылатын
стандартты салалық шифрлау болып табылатын 128-bit SSL шифрлау (қауіпсіз қосылыстар
хаттамасы) интернет арқылы жеке банктік қызметтер көрсетудің барлық қосымшаларымен бірге
пайдаланылады.
6.3.2.
Клиент 128-bit шифрлауды қолдау мүмкiндiгін анықтау үшiн браузердi тексеруi керек.
6.3.3.
Жүйеге қолжетімділікті жүзеге асырғанда және Банк Электрондық банктiк қызметтер
көрсеткенде Клиенттi сәйкестендiру мақсатында, Жүйеде келесі сәйкестендіруші деректер
қарастырылады: – бастапқы тiркеудiң жанында келесi сәйкестендiретiн мәлiметтерiн ескерiледi:
бастапқы тіркелімде – БТН, Құпиясөз, Қауіпсіздік коды/ОТР СМС, кейінгі қолжеткізілімде –
БТН/Пайдаланушының аты, Құпиясөз, Қауіпсіздік коды/ОТР СМС.
6.3.4.
Интернет-банкинг жүйесінің пайдаланушысы ретінде бірінші рет тіркелгенде Клиент
Келісімде көрсетілген тіркелу рәсіміне сәйкес, Клиенттің Тіркелгі жасауы және Интернет-банкинг
жүйесіне қол жеткізу үшін Банк берген БТН-н, Құпиясөз бен Токенді немесе ОТР СМС-ті
пайдаланады.
6.3.5.
Жүйеге бірінші рет кіргеннен кейін Клиент Құпиясөзді өзгертуге, БТН-н қалдыруға немесе
қалауынша Пайдаланушының атына ауыстыруға, Интернет-банкинг жүйесінде Токен жасаған
Қауіпсіздік кодын енгізуге немесе ОТР СМС-ті пайдалануға міндетті.
6.3.6.
Интернет-банкинг жүйесіне кейінгі қолжетімділік, Клиенттi сәйкестендіру және Анықтап
тану, Электрондық банктiк қызметтер көрсету, Клиенттің Нұсқауларын орындау бастапқы
тіркелім кезінде (немесе Тіркелгі өзгергенде) Клиенттің өз бетінше көрсеткен БТН-
нің/Пайдаланушының атының, Құпиясөздің және Интернет қауіпсіздігі құрылғысы (Токен)/ОТР
СМС жасаған Қауіпсіздік кодының негізінде ғана жүзеге асырылады. Сонымен бірге Клиент
Қауіпсіздік кодын өз бетінше өзгерте алмайды. Ауызша жүгіну арқылы Интернет-банкинг
жүйесіне қосылған Клиенттер үшін Интернет-банкинг жүйесіне кейінгі қолжетімділік ОТР
СМС/БТН/Пайдаланушының аты арқылы ұсынылады.