1
«Altyn Bank» АҚ-ның ( «Қазақстан Халық Банкi» АҚ ЕБ)
Директорлар кеңесiмен
БЕКІТІЛГЕН
(2017 жылғы «10» Ақпан №4 хаттама)
Жеке тұлғаға
электрондық банктiк қызметтер
көрсету туралы келiсiмге
№ 1 қосымша
«Altyn Bank» АҚ-ның («Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕБ) интернет-банкинг жүйесiнде
электрондық банктiк қызметтер көрсету ережелерi
1.
Жалпы ережелер
1.1.
Осы«Altyn Bank» АҚ-ның («Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕБ) интернет-банкинг жүйесiнде
электрондық банктiк қызметтер көрсету ережелерi (бұдан әрi – «Ережелер») Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңнамасына, Банктiң және Акционер Тобының iшкi рәсiмдерiне
сәйкестiкте әзірленген және Жүйе арқылы Электрондық банктiк қызметтер көрсету тәртібі мен
шарттарын қарастырады, және Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
1.2.
Банктің Жүйеде Электрондық банктiк қызметтер көрсетуі Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасымен, Келiсiммен, осы Ережелермен және Банктiң басқа да iшкi
нормативтiк құжаттарымен реттеледі, ал осы құжаттармен реттелмеген бөлігінде Кешендi
шартпен реттеледі.
1.3.
Ережелер Клиенттің сақтауға міндетті Қауіпсіздік рәсімдерін қоса алғанда, Электрондық
құжаттар мен басқа құжаттарды ресiмдеу, оларды Жүйені пайдалану арқылы табыстау тәртiбiн
белгілейді.
1.4.
Ережелер
Банктiң
интернет-ресурсында
және/немесе
Жүйеде
жарияланады/жайғастырылады.
1.5.
Жүйеде жүргізілген амалдар бойынша Банк қызметтерiн төлеу Банктiң интернет-
ресурсында жайғастырылған Тарифтерге сәйкес жүзеге асырылады.
2. Пайдаланылатын терминдер
2.1.
Егер мәтіннің өзінде басқа түсіндірме болмаса, Келiсiм мен Ережелердің мәтiнінде
пайдаланылатын бас әріппен жазылған терминдер осы Ережелерде берілген түсіндірмеге ие.
One Time
Password (OTP СМС)
Банктің Келiсiмге сәйкес СМС арқылы Клиентке берген бiр реттік
құпиясөзі Клиентке Электрондық банктiк қызметтерге қолжетімділікті
ұсынғанда және Клиент Электрондық банктiк қызметтерді алғанда бір
рет пайдалануға арналған. Клиенттің Электрондық банктiк
қызметтерге қайта қол жеткізуі үшін жаңа құпиясөзді қолдану қажет.
Phone banking
Шоттардағы қалдықтар және/немесе өтеу сомасына және кредит
Картасы бойынша берешек сомасына минималды қолжетімді кредит
лимиті туралы ақпаратқа Дебет картасы арқылы Клиенттің қол
жеткізуімен байланысты Банктің Клиентке қашықтықтан байланыс
желілері бойынша телефон арқылы ұсынатын Электрондық банктiк
қызметі.
Акционер
Банк акцияларының иесі/иелері болып табылатын тұлға/тұлғалар
Анықтап тану
Қауiпсiздiк рәсiмдерiнiң талаптарына сәйкес Электрондық құжаттың
тұпнұсқалылығы мен құралуының дұрыстығын растау.
Банк
Филиалдарын, бөлiмшелерін қоса алғанда, «Altyn Bank» АҚ
(«Қазақстан Халық Банкi» АҚ-ның Еншілес банкі)
Үзiндi-көшiрме
Клиент шотының белгілі уақын кезеңіндегі жағдайы туралы тиісті
түрде ресiмделген құжат (қағаз нұсқасындағы немесе электрондық
2
нысандағы).
Акционердiң тобы
Банктiң акционерi, оның кез келген үлестес тұлғалары, еншiлес
ұйымдар, байланысты тұлғалар, немесе олардың кез келген
филиалдары мен бөлiмшелері, «Акционер тобының кез келген
мүшесi».
Шарт
Егер өзгерше көрсетілмесе, шарттардың кез келгені:
Жеке тұлғаның ағымдағы шоты;
Төлем картасы шоты;
Жеке тұлғаларға арналған кредит желісі шарты
Мерзiмдi салым шарты;
Тұтынушылар кредиті шарты/Банктің ішкi саясаттарында,
стандарттары мен рәсімдерінде қарастырылған, Кешенді
шарттың аясында тиісті Жалпы шарттарда белгіленген
тәртіппен жасалынатын басқа шарт.
Серпінді сәйкестендiру Клиенттiң Электрондық банктiк қызметтерді алуға құқықтарын растау
мақсатында, Қауiпсiздiк кодын пайдалану жолымен оның
түпнұсқалылығын анықтау рәсімі.
Пайдаланушының аты
(Жүйедегі құпиясөз)
Интернет арқылы Жүйенің көмегімен көрсетілетін Электрондық
банктiк қызметтерге қолжетімділікті ұсынуға арналған Клиенттi
сәйкестендiру параметрлерi.
Клиенттiң нұсқауы
Банктің Қауіпсіздік рәсімдерін сақтай отырып, Клиенттi Жүйе арқылы
серпінді сәйкестендiруді пайдалану немесе Phone banking пен
Байланыс орталығы арқылы Клиенттен алған кез-келген хабарламасы,
iс-әрекеті, нұсқауы немесе ақпараты.
Карта
Клиентке/Карта иеленушісне ағымдағы Шоттағы карта амалдарына
арналған қолжетімді теңгерім шегінде және/немесе кредит сомасы
шегінде карта амалдарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретiн төлем
картасы. Карта Банктiң меншiгiн болып табылады.
Клиент
Осы Ережелерге және Шартқа сәйкес, Банкпен Кешенді шартты
жасасқан жеке тұлға, Шоттың иесі.
Қауiпсiздiк коды
Келісімге сәйкес Банктің Клиентке беретін және Клиетке Электрондық
банктiк қызметтерге қолжетімділікті ұсынғанда және Клиент
Электрондық банктiк қызметтерді алғанда бір реттік пайдалануға
арналған Интернет қауіпсіздігінің арнайы құрылғысы (Токен)
жасайтын Электрондық сандық таңбалардың бірегей реттілігі.
Электрондық банктiк қызметтерге қайта қол жеткізу үшін жаңа
Қауiпсiздiк кодын пайдалану қажет.
Тексеру коды
Phone banking арқылы байланыс желілері бойынша көрсетілетін
Электрондық банктiк қызметтердi бірінші рет пайдаланған кезде
Клиенттің Банкке белгілі Клиенттің мобильді телефонының соңғы
нөміріне алған таңбаларының бірегей реттілігі.
Банктiң байланыс
орталығы
Банк бөлімшелерінің ақпараттық-кеңестік қолдауын жүзеге асыратын
және Клиенттерге Банктің өнімдері мен қызметтері бойынша қажетті
ақпарат ұсынатын, сондай-ақ қарастырылған жағдайларда және
шектерде, Жүйені интерактивті қолдауды, және Электрондық банктiк
қызметтерді Келісімде көрсетілген шектерде жүзеге асыратын Банктің
ақпараттық-анықтамалық қызметі. Қажетті ақпараттың көлемі мен
мазмұнын Банк өз бетінше анықтайды. Банктің Байланыс
орталығының телефоны - +7 (727) 2596900, жұмыс уақыты – тәулік
бойы, мерекелік және демалыс күндерінсіз.