43
Бiр жарым жасқа толмаған балалары бар жұмыс iстейтiн әйел-
дерге тынығуға және тамақтануға арналған үзiлiстен бөлек бала-
ны тамақтандыруға арналған қосымша үзiлiстер берiледi (бұдан
әрі ЕК-нің 82-бабын қараңыз).
Қызметкердiң жұмыстың аяқталуы мен оның келесi күнi
басталуы арасындағы күнделiктi (ауысымаралық) тынығуының
ұзақтығы он екi сағаттан кем болмауға тиiс (ЕК-нің 83-бабы).
Демалыс күндерi қызметкерлерге апта сайын берiледi.
Оларды «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы»
13.12.2001 жылғы ҚР Заңында белгіленген мереке күндерімен
шатастыруға болмайды.
Үздiксiз өндiрiстерде немесе өндiрiстiк-техникалық жағ-дайлар
бойынша немесе халыққа ұдайы үздiксiз қызмет ету қажеттiгi сал-
дарынан демалыс күндерi жұмысты тоқтату мүмкiн болмайтын
өндiрiстерде iстейтiн қызметкерлерге демалыс күндерi ауысым-
дық кестеге сәйкес қызметкерлерге аптаның әр күндерi кезекпен
берiледi. Iссапарда жүрген қызметкер демалыс күндерiн өзi жi-
берiлген жұмыс берушiнiң еңбек тәртiптемесiне сәйкес пайдала-
нады.
Қазақстан Республикасындағы
мереке күндері жұмыс iсте-
мейтiн күндер болып табылады. Олар ұлттық және мемлекеттiк
мерекелер болып бөлінеді. Демалыс және мереке күндерi сәй-
кес келген жағдайда мерекеден кейiнгi жұмыс күнi демалыс күнi
болады.
44
Қазақстан Республикасындағы
Ұлттық мереке – 16-17
желтоқсанда атап өтiлетiн 16-желтоқсан – Тәуелсiздiк
күнi болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттiк мереке-
лер:
1-2 қаңтар – Жаңа жыл;
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнi;
21-23 наурыз – Наурыз мейрамы;
1 мамыр – Қазақстан халқының бiрлiгi мерекесi;
7 мамыр- Отан қорғаушылар күні
9 мамыр – Жеңiс күнi;
6 шiлде – Астана күнi;
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конститу-
циясы күнi.
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш
Президентi күнi.
Тынығудың тағы бір түрі демалыстар болып табылады. ЕК-
нің 87-бабына сәйкес қызметкерлерге демалыстардың мынадай
түрлерi:
1) жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары;
2) әлеуметтiк демалыстар берiледi.
Ақылы жылсайынғы еңбек демалыстарының түрлері:
1) негізгі ақылы жылсайынғы еңбек демалысы;
2) қосымша ақылы жылсайынғы еңбек демалысы.
Әлеуметтiк демалыстардың түрлерi:
1) жалақы сақталмайтын демалыс;
2) оқу демалысы;
3) жүктілікке және бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы
(балаларды) асырап алуға байланысты демалыс;
Жыл сайынғы негiзгi ақылы еңбек демалысының ұзақтығы
өзге нормативтiк құқықтық актiлерде, еңбек, ұжым-дық шарттар-
да және жұмыс берушiнiң актiлерiнде көп күн саны, жыл сайынғы
негiзгi ақылы еңбек демалысының ұзақтығы күнтiзбелiк 24 күнді
құрайды.
45
«Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шiлдедегi ҚР Заңының 53-бабы
педагог қызметкерлердің жалпы орта, техникалық және кәсiптiк,
орта бiлiмнен кейiнгi жоғары және жоғары оқу орны-нан кейiн-
гi бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi мен оларға
теңестiрiлген адамдар үшiн ұзақтығы күнтiзбелiк 56 күнге;
оқу-әдiстемелiк қамтамасыз ету ұйымдарының, мектепке дейiнгi
және қосымша бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi
үшiн - күнтiзбелiк 42 күнге ақы төленетiн жыл сайынғы демалысқа
құқығы болатындығын бекітеді.
Негізгі демалыспен қоса:
1) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және қа-
уiптi жұмыстарды атқаратын қызметкерлерге ұзақтығы ең кемі 6
күнтiзбелiк күн;
2) 1 және 2 топтардағы мүгедектер үшiн ұзақтығы ең кемі 6
күнтiзбелiк күн
жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалы-
сы беріледі.
Қызметкерлердің өзге санаттарына
қосымша жыл сай-
ынғы демалыс беру және оның ең аз ұзақтығы Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленуі мүмкін.
Сонымен, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәр-
тебесі туралы» ҚР Заңының 46-бабының 2-тармағымен әскери
қызметшілерге жыл сайынғы негізгі демалыспен қоса қосымша
демалыс беріледі. Жыл сайынғы негізгі және қосымша демалы-
стардың жалпы ұзақтығы тиісті жылға 60 тәуліктен аспауы қажет,
бұл ретте демалыс орнына баруға және кері қайтуға жол жүруге
қажетті уақыт қосымша беріледі.
Еңбек, ұжымдық шарттарда қызметкерлерге үздiксiз ұзақ жұ-
мысы, маңызды, күрделi, жедел жұмыстарды, сондай-ақ өзге де
сипаттағы жұмыстарды орындағаны үшiн көтермелеу сипатында
жыл сайынғы ақылы қосымша демалыстар белгiленуi мүмкiн.
Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы қолданы-
латын жұмыс режимдерi мен кестелерiне қарамастан, еңбек де-
малысы күндерiне тура келетiн мереке күндерi есепке алынбай,
күнтiзбелiк күндермен есептеледi. Жыл сайынғы еңбек демалы-
сының жалпы ұзақтығын есептеу кезiнде жыл сайынғы қосымша
еңбек демалыстары жыл сайынғы негiзгi еңбек демалысына қо-
сылады. Бірақ жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығы
ең жоғарғы шекпен шектелмейдi.