69
ралы не ереуiлдi тоқтата тұру туралы шешiмiн қызметкердiң на-
зарына жеткiзілгеннен кейiн ол ереуiлге қаты-суды жалғастырған
жағдайларды қоспағанда, қызметкерлердiң ұжымдық еңбек да-
уына немесе ереуiлге қатысуына байланысты олармен жасалған
еңбек шарттарын жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша бұзуға
тыйым салынады.
Жеке еңбек дауларын қарау ЕК-нің 15-тарауында регламент-
телген (ЕК-нің 159-161-баптары).
Жеке еңбек дауларын қарау
жөніндегі органдар
Егер қызметкер келiспеушiлiктердi жұмыс берушiмен арадағы
өзi немесе өз өкiлi қатысатын тiкелей келiссөздер барысында
реттемеген болса, еңбек дауын
келiсу комиссиясы қарайды.
Келiсу комиссиясы тепе-теңдiк негiзiнде жұмыс берушiнiң және
қызметкерлердiң өкiлдерiнiң бiрдей санынан құрылады. Келiсу
комиссиясының қызметкерлерден құрылатын мүшелерi қызмет-
керлердiң жалпы жиналысында (конференциясында) сайланады;
жұмыс берушiден құрылатын мүшелерi жұмыс берушiнiң актiсiмен
тағайындалады. Келiсу комиссиясы еңбек дауын өтiнiш берген
күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қарайды. Қарау нәтижесi бой-
ынша шешiмi қабылданады, ол қабылданған күннен бастап үш
жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей өтiнiш иесiне берiледi (ЕК-нің 159-
бабы).
келісу комиссия-
лары
соттар
70
Жеке еңбек дауларын қарау жөнiндегi органдарға жү-
гiну үшiн мынадай мерзiмдер белгiленедi:
1) жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша - жұ-
мыс берушiнiң еңбек шартын бұзу туралы актiсiнiң
көшiрмесi табыс етiлген күннен бастап үш ай;
2) басқа еңбек даулары бойынша - қызметкер немесе
жұмыс берушi өз құқығының бұзылғаны туралы бiл-
ген немесе бiлуге тиiстi күннен бастап бiр жыл.
Дау өтiнiш берушiнiң немесе ол уәкiлеттiк берген өкiл-дiң қа-
тысуымен қаралады. Келiсу комиссиясы отырысқа куәгер-лердi
шақыртуға, мамандарды шақыруға құқылы. Ұйымның бас-шысы
оған қажеттi құжаттарды белгiленген мерзiмде табыс етуге мiн-
деттi.
Келiсу комиссиясы отырысқа қатысып отырған комиссия мү-
шелерiнiң жай көпшiлiк даусымен шешiм қабылдайды. Өтiнiш бе-
рушiнiң немесе комиссия мүшелерiнiң бiрiнiң талап етуi бойынша
дауыс беру жасырын өткiзiледi. Келiсу комиссиясының шешiмi
онда белгiленген мерзiмде орындалуға тиiс. Комиссияның шешiмi
белгiленген мерзiмде орындалмаған жағдайда қызметкер неме-
се жұмыс берушi дауды сотқа беруге құқылы.
Бұрынғы жұмысына қайта алынған қызметкерге амалсыз бос
жүрген барлық уақыты үшiн орташа жалақысы немесе төмен ақы
төленетiн жұмысты орындағаны үшiн, бiрақ алты айдан аспайтын
уақытқа жалақыдағы айырма төленедi. Жеке еңбек дауын қарай-
тын орган қызметкердiң өтiнiшi бойынша қызметкерге жалақы
төлеу туралы шешiм шығарумен шектелуi мүмкiн.
Органның қызметкердi бұрынғы жұмысында қайта алу туралы
шешiмi дереу орындалуға тиiс. Жұмыс берушi жұмысқа қайта алу
туралы шешiмнiң орындалуын кiдiрткен кезде, жеке еңбек дауын
қарау жөнiндегi орган қызметкерге шешiмнiң орындалуы кiдiртiл-
ген уақыт үшiн орташа жалақысын немесе жалақысының айыр-
масын төлеу туралы шешiм шығарады.
71
Сотқа талап қою кезінде мына талап қоюшылар
мемлекеттік баж төлеуден босатылады:
Еңбек дауларынан туындайтын істер азаматтық сот ісі жүр-
гізуі тәртібінде соттарда қаралады (ҚР Азаматтық іс жүргізу ко-
дексінің164-бабыда, бұдан әрі – ҚР АІЖК).
АІЖК-нің 30-бабы заңды тұлғаға да талап оның органы-ның
орналасқан жері немесе мүлкi орналасқан жер бойынша қой-
ылуы мүмкiндігін айқындайды. Заңды тұлға филиалының немесе
өкiлдiгiнiң қызметiнен туындайтын талап та филиалдың немесе
өкiлдiктiң орналасқан жерi бойынша қойылуы мүмкiн. Мертiгуден
немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан, сондай-ақ асы-
раушысының қайтыс болуынан келген зиянды өтеу туралы талап-
тарды да талап қоюшы өзiнiң тұрғылықты жерi бойынша немесе
зиян келтiрiлген жер бойынша қоя алады.
Жалақыны, зейнетақы және жәрдемақыны өндiрiп алу тура-
лы талаптар, сондай-ақ заңсыз соттаудан, қылмыстық жауапқа
заңсыз тартудан, бұлтартпау шараларын заңсыз қолданудан не
әкiмшiлiк қамау түрiнде әкiмшiлiк жазаны заңсыз қолданудан аза-
матқа келтiрiлген зиянды өтеуге байланысты еңбек құқықтарын
қалпына келтiру туралы талаптар талап қоюшының тұратын жерi
бойынша қойылуы мүмкiн.
Талап қоюшы iс соттауына жататын бiрнеше соттың арасынан
бiреуiн таңдап алады.
еңбек төлемі және
еңбек қызметімен
байланысты басқа
да талаптардың
сомасын өндіру
туралы талап қою
бойынша
мертiгуден не-ме-
се денсаулығының
өзге де зақымда-
нуынан, келген зи-
янды өтеу туралы
талап қою бойын-
ша
асыраушысының
қайтыс болуынан
келген зиянды
өтеу туралы талап-
тар бойынша
72
9
ЕҢБЕК САЛАСЫНДАҒЫ
ӘЛЕУМЕТТIК ӘРIПТЕСТIК.
Еңбек құқығындағы
«әлеуметтiк әрiптестiк» – бұл қы-
зметкерлер, жұмыс берушiлер, мемлекеттiк билік, жер-
гілікті өзін-өзі басқару органдары арасындағы еңбек және
олармен тiкелей байланысты өзге де қатынастарды
реттеу мәселелерi бойынша
қызметкерлер мен жұмыс
берушілердің мүдделерін келісуге бағытталған өзара
қатынастар жүйесi
Әлеуметтік әріптестік жүйесінде қызметкерлердің мүдделерін
кәсіподақ органдары, олардың бірлестіктері және/немесе өзге де
жеке және/немеесе заңды тұлғалар, уәкілетті қызметкерлер; ал
жұмыс берушілердің мүдделерін – бірінші басшы, оның орын-
басарлары, жұмыс беруші әкімшілігінің өзге қызметкерлері; жеке
кәсіпкер, кәсіпкерлер одақтары (мысалы, Қазақстандық өнер-
кәсiпшiлер мен кәсiпкерлер одағы) білдіреді. Оған қоса жұмыс
берушілердің өкілдері сондай-ақ құрылтай құжаттарының немесе
сенімхаттың негізінде жұмыс берушінің немесе жұмыс берушілер
топтарының мүдделерін білдіруге өкілетті жеке тұлғалар мен (не-
месе) заңды тұлғалар болуы мүмкін.
Оған қоса мүдделерді келісуге келіссөздер арқылы қол жет-
кізіледі, олардың барысында тараптар еңбек жағдайлары мен
оның төлемі, қызметкерлерге берілетін әлеуметтік кепілдіктер
мен кәсіпорыны қызметіндегі олардың рөлі туралы уағдаласады.
Әлеуметтік әріптестік жүйесін дамыту ынтымақтастық, ымырала-
су негізінде қызметкерлер мен жұмыс берушілердің мүдделерінің
тепе-теңдігіне қатысты қол жеткізу мүмкіндігін жасайды, әлеумет-
тік келісімге әкеледі, әлеуметтік әділдікке қол жеткізуге жәрдем-
деседі.
Достарыңызбен бөлісу: |