Мектебінде



жүктеу 0,82 Mb.
Pdf просмотр
бет5/28
Дата16.05.2018
өлшемі0,82 Mb.
#14142
түріЛитература
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

16

17

тілінен  терең,  жинақ  білім  алуға  үйтету  және 



қалыптастыру.

     Осы мақсатты жүзеге асыруда менің алға қойған 

міндеттерім:

-бастауыш  сынып  оқушыларының  ауызекі 

сөйлеу  дағдысын  тірек  және  белгі  үлгілер  арқылы 

қалыптастыру әдістемесін жасау;

-әдістемелік  әдебиеттерді  пайдаланып,  ауызекі 

сөйлеуін  қалыптастыруға  байланысты  талдаулар 

жүргізу;

-ауызекі  тілдің  оқытудың  әдістері  мен  ғылыми 

негіздерін, дағдыларын қалыптастыруды анықтау;

-ауызша  сөйлеу  дағдыларын  қалыптастыруға 

бағытталған  тапсырмалар  мен  мәтіндер  жүйесін 

жасау;


-оқушы тілін дамыту әдістемесінің ұтымдылығын 

эксперимент нәтижелеріне сүйеніп дәлелдеу.

Оқушыларды  өз  бетінше  жұмыс  істеуге,  ауызекі 

сөйлеуге  үйрету,  қазақ  тілінде  сөйлесу  құралына 

айналдыру.  Бірнеше  түрлерін  көрсетуге  болады: 

дәптер сөздіктерін дұрыс толтыру, өз бетінше  оқулық, 

сөздіктермен жұмыс істеу, жазбаша үй тапсырмасын 

орындау, тән дыбыстармен жұмыс жүргізу; өз бетінше 

жұмыс  жүргізу,  т.б.  және  жоғарыда  білімдерін 

уәждемелеуі  қажет,  оны  жоспарлау,  мазмұнын, 

мақсатын анықтау, өзін-өзі бағылау, баға беру.

Өздеріңіз білесіздер, әрбір өмірге келген жаңалық, 

бұрында өмірде қолданалып келе жатқан жаңалықтан 

бастау алады. Соны негізге ұстайды. Халқымыздың 

рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы «Мұғалім әдісті 

көп  білуге  тырысу  керек.  Оларды  өзіне  сүйеніп, 

қолғабыс  нәрсе  есебінде  қолдануы  керек»  дегендей 

мен  оқу-тәрбие  үрдісінде  ұйымдастыруда  нәтижелі 

болатын әдістерді сұрыптап пайдаланамын.

  Сондықтан, мен өз тәжірибемде оқушыларды өз 

бетінше жұмыс істеуге, ауызекі сөйлеуге үйрету үшін 

төмендегі әдістерді жүйелі қолдануға тырысамын:

-сұрақ-жауап  әдісі  –  бұл  ең  тиімді  әдіс. 

Оқушылардың көру қабілеттерін ойлау қабілеттерімен 

ұштастыра дамытады;

-өз ойын айту әдісі – оқушылардың ойлану, ойлау 

үрдісі  арқылы  ойын  ауызша  жүйелі  айтып  беруге 

дағдыландыру;

- жағдаят арқылы сөйлесу – сөздер, сөз тіркестерін, 

сөйлем құрау, болған, көрген, естіген уақиға жайлы 

атын жеткізу.

Мысалы: сурет бойынша әңгіме құрастыру 

-баяндау  әдісі  –  оқушылардың  логикалық  ойлау 

қабілеттерін дамыту, өз бетінше сөзге дағдыландыру; 

-сұхбаттасу  әдісі  –  оқушылардың  өз  ойларын 

сыртқа мәнерлі, жүйелі түрде беруге үйрету;

-монолог  әдісі  –  оқушылардың  өз  білім 

деңгейлеріне сай өз ойларын айтқызуға ұмтылдыру;

-аударма әдісі – екі тілде де жазуды, оқуды, сөйлеуді 

үйрететін пайдалы әдіс:

1)  кейбір  жеңіл  мәтіндерді  бірден  қазақшадан 

орысшаға аудару арқылы;

2) сөздік жұмыстарын жүргізу арқылы аударту;

3) орысшадан қазақшаға аударту біраз қиынырақ, 

сондықтан ол мұғалімнің көмегімен жүзеге асады.

Міне,  осы  жоғарыда  көрсетілген  әдістерді  өз 

сабағында  қолданамын.  Қазіргі  кезде  өзіңді  табу 



18

19

оңай емес, қазіргі өмір талабы оқыту әдістемесінде 



ұстаздан  үнемі  ізденісті  талап  етеді,  өйткені  білім 

беру  жүйесіндегі  жаңа  құбылыстар  кімді  болса  да 

тіпті тәжірибесі, еңбек өтілі көп адамды адастыруы 

мүмкін.


 

Бастауыш 

сыныптарда 

көрнекіліктердің 

мәні  зор,  ал  жаңа  оқулықтарға  қолданылатын 

көрнекіліктердің  ерекшеліктері  өзгеше.  Оқушылар 

қолымен  ұстап,  көзімен  көріп,  қазақша  қайталап 

айтып үйрететін сабақтар өте ұтымды. Әр сабақтың 

таным үлгімен таныстырудан басталады.          

 

Сондықтан, тақырыпқа байланысты қызықты 



элементтерді  пайдалану,  оқыту  әр  оқушымен  жеке-

дара  жұмыс  жүргізу,  өзіндік  жұмыс  пен  ізденістің  

үлесін  арттыру,  меңгерген  білімді  жаңа  немесе 

өзгерткен  жағдайда  қолдану  тұрғысында  әрдайым 

ізденуге  тура  келеді.  Осы  негізде  жеке  тұлғаны 

дамыта оқытуда көрнекіліктің алатын орны ерекше.

 

Оған: таблица, ойыншықтар, плакаттар, заттық 



модельдер, техникалық құралдар, т.б. жатады.

 

Сол көрнекіліктің бірі – тірек-сызбасы.



Көрнекілікті  ХVІІ  ғасырда  прогресшіл  ұлы 

педагог Я.А.Коменский енгізді. Шет ел педагогтары                          

Ж.Ж.Руссо,  И.Г.Песталоцци  «көрнекілікті  тек 

арифметика,  геометрия  сабақтарында  қолдану 

мүмкін»  десе,  Я.А.Коменский  мен  оның  идеясын 

қолданушы  неміс  педагогы  Ф.В.Дистервег  пен 

орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский «көрнекілікті 

барлық пәндерде қолдану мүмкін және қажет» деген.

Тірек-сызба  дегеніміз  –  көрнекіліктің  бір  түрі, 

өзімнің  жұмыс  тәжірибемде  практикалық  қазақ 

тілі  сабақтарында  тірек-сызбаларын  пайдаланып 

отырамын. Нәтижесі өте жақсы. Оқушылар сабаққа 

қызыға қатысады.

Оқу  үдерісінде  тірек-сызбаларды  пайдаланудағы 

мақсатымыз – өмір талабына сай оқушыларды дамыта 

оқытып, шығармашылыққа, нақтылы тұжырымдауға 

жетелей  отырып,  қазақ  тілінен  терең,  жинақ  білім 

алуға үйрету және қалыптастыру.

Тірек-сызбасын жүзеге асырудағы мақсатым – ол 

үнемі  оқу  үдерісінде  жүйелі  тұрғыда  қолданылып 

отырылуы керек.

Фонетика  саласы  дыбыс  пен  әріпті  оқыту 

әдістемесін  зерттейтін  болғандықтан,  бастауыш 

сынып  оқушыларына  негізгі  білімдік  мағлұмат  пен 

практикалық дағды біршама жеткілікті беріледі.

Қазақ  тілі  бастауыш  курсында  дыбыс,  әріп, 

олардың  мәні,  жазылу  емлесі,  алфавит,  буын  және 

тасымал  жайлы  бастапқы  ұғымдармен  танысады. 

Әліппені  өту  кезеңінде  сөзді,  буынды  талдау 

жолымен  дыбыстарды  ажыратып  үйренеді.  Мұнда 

да тіл дыбыстарының бір-бірінен өзгешілік үлгілерін 

толық тани қоймайды. Өзіндік айырмашылықтарын 

білудің балаларды сауаттандыру үшін, ауызша және 

жазбаша тіл дамыту үшін де маңызы күшті.

«Дыбыс  пен  әріп»  тақырыбы  ең  негізгі 

мәселе  ретінде  бірінші  сыныпта  оқытылып, 

бастауыш  буында  ол  меңгерілген  білік  пен  дағды 

тереңдетіліп, бекітіле түседі. Оқушыларға үйретілген 

алғашқы  ғылыми  ұғымның  дұрыс  болуына 

айрықша  жауапкершілікпен  қарау  керек,  өйткені 

психологиялық  бір  ерекшелік-ең  алғашқы  алған 



жүктеу 0,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау