3
МАЗМҰНЫ
Мұғалімдерге көмек
Г.ҚҰРАҚОВА. Орыс тілді мектепте Абайтануды оқытудың
ерекшеліктері.........................................................3
Ғ.ШӘРІПЖАНОВА. -Лық, -лік қосымшасы......................................7
А.РАМАЗАНОВА. Тірек және белгі үлгілер
негізінде қазақ тілі
сабақтарында ауызекі сөйлеуге үйретуді
интенсивтендіру...................................................13
Әдістеме әлемінде: қазақ әдебиеті
А.АБДРАСИЛОВА. Абайдың қара сөздері........................................26
Ойын - ойдың өрісі
Л.АЙТЖАНОВА. Грамматикалық ойын-жаттығулар....................30
Әдістеме әлемінде: қазақ тілі
Г.НСАНОВА. Сан есім түрлері.................................................36
Б.ӘБІЛМӘЖІНОВА. Қазақ халқының салт-дәстүрлері......................40
В.ТАҢАТАРОВА. Менің әуес ісім - спортпен шұғылдану............46
Х.СЕМБАЕВА. Үй жануарлары...................................................51
З.ЖОЛМАНОВА. Жазғы саяхат. Үстеу...........................................54
Л.ӘУБӘКІРОВА,
С.МҰХАМЕТЖАНОВА. Күз әлеміне саяхат...............................................58
И.ЖАНАЛИЕВА. Қыстырма сөздер..................................................65
Н.ТАСТАНБЕКОВА. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас...................71
А.ХАВДРАШ. Менің мектебім...................................................76
А.СҰЛТАНОВА. Қазақстанның табиғаты......................................79
Ә.ЫҚЫЛАСОВА. Етістіктің райларын қайталау.............................84
Тиімді әдіс-баршаға ортақ
А.ТЛЕУҒАЗИНА. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында ойын
технологиясын тиімді пайдалану......................89
Г.БЕРКУТОВА. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін
дамыту.................................................................96
Сыныптан тыс жұмыс
Г.ХАМЗИНА. «Ханталапай» ойыны.......................................100
Қ.ТЫШТЫБАЕВА. «Жұлдызды сәт»...............................................102
А.КАДРУШЕВА. Алтын қақпа.....................................................108
Мұғалім мінбері
Г.САЛИКОВА. Әлем өзгеруімен білім де, ғылым да,
біз де өзгере міз................................................111
Н.БЕЙСЕМБАЕВА. Қазақстанның қалалары...................................140
Білім сынағында
В.СҰЛТАНҚЫЗЫ. Қазақ тілі пәнінен 7-сыныпқа арналған
модульдік тест сұрақтары................................114
Н.АРЫНОВА. Тест тапсырмалары...........................................128
Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл!
Г.АЛАТАЕВА. Қазақтың ұлы ғалымы, тұңғыш зерттеушісі -
Шоқан Уәлиханов...........................................139
Бір өлең - бір әлем
Г.МАДИЯРОВА. Қазақ елі..........................................................143
Мұғалімдерге көмек
Г.ҚҰРАҚОВА,
№10 «ЖОББМ» КММ.
Семей қаласы
ОРЫС ТІЛДІ МЕКТЕПТЕ
АБАЙТАНУДЫ ОҚЫТУДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
«Ұлт тағдыры - ұрпақтан» - дегендей, біздің болашағынан
үлкен үміт күткен жеткіншек ұрпағымызды бәсекеге қабілетті
маман, білімді, тәрбиелі адам етіп тәрбиелеу-қазіргі мұғалім
алдында тұрған үлкен міндет. Қазіргі оқытудың мақсаты тек
қана білім беру емес, сол білімді өмірде қолдана алатын,
болашаққа жаңа көзқараспен қарай білетін, өзгерістерге
өмір сүруге бейім, ой – толғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны
қалыптастыру. Бірақ тарихсыз, мұрасыз адам тәрбиелеу
мүмкін емес. Бұл жағдайда мектептегі «Абайтану» курсы
ерекше орын алады. Өйткені ұлы Абайдың шығармашылық
мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын
рухани қазынасы. Абайды тану, насихаттау, оқыту – оқушы
ой-санасында патриоттық сезім туғызып, мақсаткерлікке
жұмылдырады. Абайдың тағдыры мен рухани ізденістерінің
қиыры мен шиырын жіті пайдаланып, дұрыс қорытындылап,
тәлім тәрбие ала білсек, өткен мен болашақты сабақтастыра
білсек, болашақтан көп мән мен нәр алар едік.
Абай айтқандай «Атаның баласы болма, адамның
баласы бол», «Өнер-білімді ізде, өнер-білім дүниенің
кілті», - деген ой қазіргі уақытта да өзінің өзектілігін
жоғалтқан жоқ.Сондықтан «Абайтану»— қазақ әдебиеттану
ғылымының ең көп зерттелген өнімді саласының бірі. Ақын
шығармаларының алғаш баспасөз бетінде жарық көріп,
оқырман жүрегіне жол табуынан бастасақ, оның бүгін жүз
жылдан астам тарихы бар. Абай өмірі мен шығармашылығы
туралы ғылыми мәні бар алғашқы ой-пікірлердің жарық
көруі де осы ғасырдың бас кезінен басталады. Бірақ
Абайдың алғашқы зерттеушілерінің аты-жөні мен еңбектері
соңғы кезге дейін жабық саналып, Абайтанудың алғашқы