62
А2 тез сатылатын активтер: қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар, қысқа мерзімге
берілген аванстар
А3 жай сатылатын активтер: ҚМА-ң қалған баптары жатады, қорлар
А4 сатылуы қиын активтер: ҰМА-ң барлық баптары жатады
Баланс пассивтері оларды тӛлеу мерзімділіктері бойынша 4 топқа бӛлінеді:
П1 неғұрлым тез тӛленуі қажетті міндеттемелер: қысқа мерзімді кредиторлық
қарыздар жатады
П2 қысқа мерзімді міндеттемелер: ҚММ : қысқа мерзімді қаржылық
міндеттемелер, салыӛтар бойынша міндеттемелер, басқа ерікті және міндетті тӛлемдер
бойынша мәндетттемелер
П3 ҰММ: баланстың ҰММ барлық баптар жатады
П4 тұрақты міндеттемелер: баланстың 5 бӛліміндегі барлық баптар жатады
Баланс ӛтімділігін анықтау үшін активтер және пассивтер бойынша топтарда
кӛрсетілген қорытындыларды салыстыру қажет. Шағын кәсіпкерлік субъектісінің балансы
келесідей қатынастар сақталған жағдайда ӛтімді деп саналады:
1. А1 ≥ П1
2. А2 ≥ П2
3. А3 ≥ П3
4. А4 ≤ П4
Яғни алынған активтердің алғашқы 3 тобы сәйкес пассив топтарын толығымен
жапқан жағдайда немесе соған тең болса баланс ӛтімді деп саналады. Алғашқы 3
теңсіздіктің орындалуы 4 теңсіздіктің орындалуына әкеледі.
Ӛз білімін бақылау сҧрақтары:
1. Ұйым активтері мен пассивтерінің құрылымын талдау.
2. Ұйым активтерін ӛтімділік дәрежесі бойынша топтастыру.
3. Ұйым пассивтерін жедел ӛтеу дәрежесіне қарай топтастыру.
4. Ұйым ӛтімділігін талдау
Ҧсынылған әдебиеттер:
1 Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа: Учебник. - М.:
Финансы и статистика, 2001. - 416 с.
2 Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учебное пособие. - М.: ИНФРА-
М, 2001. - 222 с.
3 Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Учебник. М.:
ИНФРА-М, 2002. - 336 с.
4 Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами: теория и
методология. - Алматы: Экономика, 2000. - 294 с.
5 Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия: Учебное пособие.
- Алматы: Экономика, 2005. – 128 с.
6 Дюсембаев К.Ш. Анализ финансовой отчетности: Учебник. – Алматы:
Экономика, 2009. – 384 с.
Тақырып 12. Баланс ӛтімділігін талдау.
Дәрістің мақсаты: студенттерге баланс мәліметтері бойынша ӛтімділігіне талдау
жасау әдістемесін түсіндіру
Дәріс сҧрақтар:
1.Кәсіпорын активтері мен пассивтерінің құрылымын талдау
2.Қаржылық тұрақтылықты талдау.
3.Тӛлем қабілеттілігін және ӛтімділікті талдау.
Дәрістің мазмҧны
1.Кәсіпорын активтері мен пассивтерінің құрылымын талдау.
Баланс ӛтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтердің,
баланстың және кәсіпорынның "ӛтімділігін" анықтап алу керек.
63
Ӛтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша ӛтімділік:
кәсіпорынның ӛзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін ӛтеу қабілеттілігі ұғынылады.
Екінші тұжырымдама бойынша, ӛтімділік -бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына
айналуға дайындығы мен жылдамдығы.
Баланс ӛтімділігін талдаудың мәні - активтегі ӛтімділік дәрежесі бойынша топталған
қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары
белгілі бір тәртіппен топталады, — ӛтімділігі жоғарылардан бастап ӛтімділігі
тӛменгілерге (актив), яғни ӛтімділігінің тӛмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты
ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарылату
тәртібі бойынша болады. Кейде керісінше тәртіп болуы да мүмкін, мысалы батыс
европалық елдерде осыны қолданады.
Ӛтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты
кәсіпорын активтері келесідей топтарға бӛлінеді.
А
1
. Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша
қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.
Ақша қаражаттары мен құнды қағаздар (қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар)-
айналым қаражатының ең мобильді бӛлігі. Ақшамен бірден есеп айырысуға болады, ал
құнды қағаздар қолма-қол ақшаға тез айналады.
А
2
. Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да
активтерді жатқызады. Дебиторлық борыш сомалары есеп айырысу шотына белгілі бір
уақытта келіп түсіп, бұлар да ӛз міндеттеме-лерін тӛлеуге жұмсалуы мүмкін. Есеп
айырысу құжаттары бойынша жіберілген, сатып алушылар уақытында геленбеген
тауарлар бойынша, тӛлеу уақыты ұзарып кеткен борыштардың ӛтімділігі анағұрлым
тӛмен, себебі тәлемнің қашан келіп түскені белгісіз. Бірақ нарықтық экономикада
уақытында қайтарылмайтын борыштар кӛбіне болмайды, себебі оны қайтарып алуға
алдын ала шаралар қолданылады. Кез келген дебитор айыппұл тӛлеу қаупінен тіпті
банкрот болып жарияланудан қорқып, ӛзінің қарыздарын уақытында тӛлеуге тырьь сады.
Сондықтан нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеп жатқан кәсіпорынның ӛтімді
қаражаттарын есептегенде ақша қаражаттарына қысқа мерзімді дебиторлық борышын да
қосады. Бірақ әлі қалыптаспаған нарықтық экономика, инфляция, әріптестер арасында
шаруашылық байланыстар бұзылған жағдайларда дебигорлық борыштың барлығы бірдей
ақша қаражатына тез айнала алмайды.
Күмәнді дебиторлық борыштың үлесінің кӛп болуы кәсіпорынның қаржылық -
тұрақтылығына қауіп тӛндіруі мүмкін.
Сатуға арналған дайын ӛнім және материалдық құндылықтар қорының ӛтімділігі
бұдан да тӛмен болады, олар негізінен келесі топты құрайды.
A
3
. Баяу өткізілетін активтер. Баланс активінің II бӛлімінің "Тауарлы-
материалдық қорлар" бабы және баланс активтінің I бӛліміндегі "Ұзақ мерзімді
инвестициялар" (жарғылық қорға басқа кәсіпорындардың салған салымдар мӛлшеріне
азайтылған) бабы.
Бірақ бұл кезде "Алдағы кезең шығындары" бабы есепке алынбайды. Бұл топтың
активтерін ақшаға айналдыру қиынырақ: бірінші сатьш алушыны тауып алу қажет, ал бұл
оңай емес және белгілі бір уақытты керек етеді. Әсіресе бұл аяқталмаған ӛндіріске тиісті;
егер, мысалы, темір қаңылтырды сатып алушыны табу оңай болса, одан жасалған
штампталған жартылай ӛнімді сатып алушыны табу анағұрлым қиын. Бұл белгілі бір
бұйымды дайьшдауға арналған жартылай ӛнім барлық адамға бірдей керек емес болуы
мумкін, Сондықтан немістер ӛтімді активтерді есепке алғанда аяқталмаған ӛндірістің
құнын қоспайды. Алайда американ кәсіпорындарда аяқталмаған ӛндіріс құнын ӛтімді
активтердің қунына қосуға жол беріледі.
А
4
. Қиын өткізілетін активтер - баланс активінің I бӛлімінің алдындағы топтарға
еңгізілген баптарынан басқа барлық баптары. I бӛлім жиынынан "Ұзақ мерзімді қаржылық
инвестициялар" бабы бойынша соманьщ бір бӛлігі ғана алынып тасталынғандықтан, қиын
ӛткізілетін активтер құрамында басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған
салымдары ғана есепке алынады.