Тақырыбы: Жыныс жүйесі. Ер адамдардың жыныс мүшелерінің анатомиясы Дәріс жоспары



жүктеу 38,25 Kb.
Дата05.01.2022
өлшемі38,25 Kb.
#36555
Жыныс жүйесі мүшелерінің анатомиясы


Тақырыбы: Жыныс жүйесі. Ер адамдардың жыныс мүшелерінің анатомиясы

Дәріс жоспары:

  1. Жыныс жүйесіне сипаттама.

  2. Аталық бездің анатомиясы.

  3. Простатаның құрлысы, қызметі.

Аталық жыныс мүшелері ішкі жəне сыртқы мүшелері болып бөлінеді. Ішкі мүшелеріне шəует шығаратын өзек, шəует көпіршіктері, қуық түбінің безі, ал сыртқы жыныс мүшелеріне сыртқы жыныс мүшесі, несеп жолы, ен, ұма жатады.

Атабездің сырт пішіні жұмыртқа тəрізді сопақша, салмағы 25-30 г. Ол анабез сияқты екі түрлі (ішкі жəне сыртқы секрециялық) жұмыс атқарады. Сыртқы секрециялық жұмысы деп жыныс жасушаларын - сперматозоидтарды шығаруын, ішкі секрециялық жүмысы деп қан мен лимфаға бөліп отыратын жыныс гормондарын айтады. Атабездің арт жағында оның қосалқысы жабысып жатады. Оның жоғарғы толықша келген жерін басы, орта жерін денесі, ал төмен қарай жіңішкере келген бөлігін құйрығы деп атайды. Құйрығы жіңішкере келіп, бұрылыс жасаған жері шəует шығарар өзекке жалғасады. Атабез сырт жағынан тығыз дəнекер тінінен тұратын ақ қабықшамен қапталған. Қабықша атабездің арт жағынан атабез ішіне перде-лер беріп, атабез затын 300-дей бөлшектерге бөледі.

Бұл бөлшектер құрылысы жағынан иректі түтікшелерден тұра-ды. Олардың аралығын дəнекер тін байланыстырып жатады. Иректі түтікшелер екі түрлі жасушадан құралады. Олардың бірінші түріне əртүрлі сатыда дамыған сперматозоид жасушалары жатса, екіншісі - Сертоли жасушалары. Соңғылары даму кезіндегі жыныс жасушаларын қоректендіру қызметін атқарады. Дамып жетілген жасушалар (сперматозоидтар) иректі түтікшелердің эпителий жасушаларының көмегімен тік түтікшелерге, олар атабездің бір шетіндегі торлы түтікшелерге көшеді. Сонымен, атабез заты иректі, тік жəне торлы түтікшелерден тұратынын көреміз. Соңғысы торлы түтікшелерден атабезді оның қосалқысымен байланыстыратын 15-16 байланыс түтікшелеріне жалғасады. Олар атабезден қосалқы шығып, иректі түтікшелерге ұласады, қосалқысының төменгі жағында бірігіп, шəует шығарар өзекті түзеді. Оның ұзындығы 40-50 см.



Аталық жыныс жүйесі, сагитальды кесінді.

Атабез косалқысымен, шəует шығарар өзектің басталар бөлігімен бірге ұма ішінде орналасқан. Бұл ағзаларға артерия тамырлары қанды əкеліп, вена тамырлары əкетіп жатады. Сонымен қатар, оларға лимфа тамырларымен жүйке талшықтары да келеді.

Атабезге келетін қан тамырлары мен жүйке талшықтары, шəует шығарар өзек дəнекер тінді қабықшасымен жабылып, шəует бауын түзеді. Ол ұма ішімен жоғары көтеріліп, шат өзегі арқылы жамбас қуысына енеді. Осы жерде шəует шығарар өзек тамырлары мен жүйкелерінен ажырап, жамбас ішінде төмен қарай жүріп отырып, кіші жамбас қуысына өтеді. Бұл несеп жолына ашылмастан бұрын бүйір кеңістігін жасап, шəует қуықшасын түзеді де, ол жыныс жасушаларының қоймасы қызметін атқарады. Шəует қуықшысы да шəует шығарар өзек сияқты үш қабықшадан түзілген: ішкі кілегейлі, ортаңғы бірыңғай салалы ет, сыртқы дəнекер тінді болып келеді. Шəует куықшасының жоғарғы кеңейген жерін денесі десе, төменгі жіңішкеріп келген бөлігін шəует шашар өзегі деп атайды. Куық түбінің безі қуықтың түп жағында несеп жолының басталар жерін айнала қоршап жатқан күрделі түтікті без. Ол ішкі жамбас қуысында жатады. Бұл бездің отыз шақты майда түтікшелері несеп жолына ашылады. Бездің ет талшықтары əртүрлі бағытта орналасып, жиырылған кезде секреттерін шығарумен бірге сфинктерлік қызметін де атқарады. Без сілтілі реакциялы секрет бөледі.

Ұма - атабездің (тастың) қапшығы, оның ортасы ет пердесімен екі бөлікке бөлінген. Қабырғасы алты қабаттан тұрады. Олар: теріасты майы, беткей шандыр, ет қабаты, терең шандыр жəне ішектен түзілген сірнелі қабықша.


Бақылау сұрақтары:

  1. Жыныс жүйесі, құрылысы, анатомиясы.

  2. Сыртқы аталық жыныс мүшелерінің құрылысы: сыртқы жыныс мүшесі мен ұманың, аталық бездің анатомиясы.

  3. Ішкі аталық жыныс ағзаларының анатомиясы: шәует шылбыры, шәует көпіршіктері, шәует шығарушы өзектің анатомиясы, құрылысы, қызметі.

жүктеу 38,25 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау