36
Тақырып 1. Экономикалық талдаудың пәні мен міндеті, объектіci және мазмұны.
Дәрістің мақсаты: студенттерге экономикалық талдау негіздері бойынша
теориялық аспектілерін қарастыру және түсіндіру.
Дәріс сҧрақтар:
1. Экономикалық талдаудың мазмұны, пәні, объектілері және міндеттері.
2. Экономикалық талдау және шектес ғылымдар.
3. Шаруашылық субъектісін басқарудағы экономикалық талдаудың рӛлі.
Дәрістің мазмҧны
1 Экономикалық талдаудың мазмұны, пәні, объектілері және міндеттері.
«Талдау» сӛзі грек тілінен аударғанда «бӛлу, бӛлшектеу» деген мағынаны білдіреді.
Бӛлшектеп, зерттеліп отырған құбылыстар мен процесстердің адам саны, деңгейіне,
қоршаған ортада қарастыруға мүмкіндік береді. Алайда, жинақтамалы тәжірибеде
кӛрсеткендей талдау «таза» күйінде экономикалық құбылысты түсіндіре алмайды және
сол себепті зеттеліп отырған пәннің жеке бӛліктері арасында байланыс орнатып, бір-біріне
тәуелділігін анықтап және оны біртұтас жүйеге келтіру керек.
Экономикалық талдау негіздері дегеніміз ол экономикалық құбылыстар мен
процесстердің оларды құралдарға, бӛліктерге бӛлшектеу негізінде және олрды жан-жақты
байланыстырып зерттейтін ғылым теориясы.
Экономикалық талдаудың мақсаттары:
1. Объектінің жағдайларына нақты баға беру
2. Қойылған талаптан айырмашылығын кӛрсету
3. Активтер мен міндеттемелердің ӛзгерістеріне әсер ететін факторларды зерттеу
4. Ӛндіріс тиімділігін арттыру, резервтерді анықтау
Экономикалық талдаудың негізгі объектісі болып шаруашылық қызметтің
экономикалық нәтижелері:
2. Экономикалық талдау және шектес ғылымдар.
Экономикалық талдаудың даму кезеңдері 3 бӛлінеді:
1.
5-18 ғғ. Бұл кезеңде экономикалық ғылым ӛзінің мінез-құлқын жарата
бастаған кезі
2.
18-19 ғғ. Бұл кезеңде материалдық ресурстарды ӛндіру, бӛлу, пайдалануды
іске асырып мысалы: экономикалық қатынастарды үй шаруашылық процессіне жатқызған
3.
19-21 ғғ. Мұнда адам тәрбиесінің оптималды етуіне жағдай жасайды. Осы
кезеңнен соң ӛз орнын шаруашылықта пайда кӛзімен таба алады
Табиғаттың және қоғамдық ӛмірдің құбылыстарын зерделеу талдаусыз мүмкін емес.
Талдау термині – грек сӛзінің «анализ», яғни аударғанда «бӛлу», «бӛлшектеу» деген
мағынаны білдіреді. Осыған орай, талдау – қысқартып айтқанда құбылыстарды бӛлшектеу
немесе қатты толық зерделеу үшін, олардың бӛліктерін, элементтерін құрамдарға
бӛлшектеу. Бұл жағдай экономикалық құбылыстар мен процестерге тікелей қатысты.
Мысалы: Пайданың мәнін түсіну, оның алудың кӛздерін білуді, сонымен қатар оның
ауқымын анықтайтын факторларды анықтауды қажет етеді. Бірақ, талдау зерттеліп жатқан
затты синтезсіз, толық ашып, кӛрсете алмайды. Яғни, байланыс пен тәуелділікті оның
бӛліктерімен алмасу, яғни оның толық бӛлінуге болмайды. Мысалы: Пайданы зерттеген
кезде, оған әсер ететін факторлардың ӛзара байланысын, қарым-қатынасын бірге зерттеу
керек. Тек, талдау мен синтез бірге болғанда ғана заттар мен құбылыстарды ғылыми
зерттеу қамтамасыз етіледі.
Экономикалық талдау – ол экономикалық құбылыстар мен процестерді, оларды
құралдарға, бӛліктерге бӛлшектеу негізінде және оларды жан-жақты байланыстырып
зерттейді. Экономикалық талдау жеке ғылым болып XX ғасырдың I-жартысында пайда
болды. Яғни, осы талдаудың кӛмегімен басқару шешімдерін қабылдау жүзеге асырылды.
Мысалы: Талдау – үлкен кәсіпорын менеджерлеріне қашан және қанша экспорт, импорт
алуы туралы кӛмектеседі. Экономикалық талдау – нарық жағдайын зерттейді. Яғни, осы
талдаудың кӛмегімен белгілі-бір уақыт аралығында ӛзгерістерге баға белгіленеді.
37
Экономикалық талдау пәні объективті және субъективті факторлырының әсерінен
жинақталып, экономикалық ақпарат жүйесі арқылы алынған кәсіпорындардың,
бірлестіктердің шаруашылық процесстерінің әлеуметтік-экономикалық тиімділігі және
олардың қызметтерінің шаруашылық нәтижелері болып табылады.
Теориялық, саяси-экономикалық талдау – абстракцияның жоғарғы дәрежесіне
негізделген сапалы логикалық талдау, дәлме-дәл айтқанда экономикалық заңдылықтар,
категориялар мен түсініктердің талдауы.
Нақты экономикалық талдау – нақты есептеулер мен формулалар арқылы берілген
сандық талдау.
Теориялық талдау және нақты талдау бір-бірімен әрқашанда байланысты. Кез-
келген формула немесе модель математикалы дұрыс болып қана қоймай, қарастырылып
отырған құбылысқа немесе кӛрсеткішке теориялық жағынан негізделуі керек.
Макроэкономикалық талдау – бұл әлемдік шаруашылықтың талдауы, мемлекеттің
халық шаруашылығының жүйелі талдауы. Халық шаруашылығына қатысты сандар ӛз
алдына маңызды сандар, бірақ оларды салалық, аймақтық, халық-шаруашылық, ғылыми
техникалық және экономикалық программалар сияқты топтарға бӛле білу қажет. Осыған
байланысты талдаудың салалық экономикалық, аумақтық экономикалық және
программалық бағытталған түрлері туындайды.
Макроэкономикалық талдау теориялық талдауды да, нақты экономикалық талдауды
да қолданады.
Микроэкономикалық талдау дегеніміз мекеменің халық шаруашылығының негізгі
бӛлімдерін жүргізудің талдауы. Мекеменің шаруашылық жүргізуін талдау дегеніміз
зерттеулер мен ақпараттық базада ӛзінің ерекшелігі бар экономикалық талдау. Әр
мекеменің салалық бӛлімдері, аумақтары бар екендігін және олар ғылыми-техникалық,
экономикалық бағдарламаларды орындауға мемлекеттік тапсырыстар ала алатынын айта
кету керек. Мекеменің нәтижесі халық шаруашылығының кӛрсеткіштерінде кӛрінеді.
Микроэкономикалық және макроэкономикалық талдаулардың ӛздерінің ерекшелігі
болғанмен, олар әрқашан салыстырылып отыру керек.
Экономикалық зерттеулер ішінде экономикалық талдау ӛз алдына ӛзінің пәні мен
әдістері бар ғылым ретінде қалыптасты.
Ғылым ретінде экономикалық талдау дегеніміз мекеменің қызметі туралы
экономикалық ақпараттарды ӛңдеу және талдауға қолданатын әдіс-тәсілдердің арнайы
жүйесінің жиыны.
2. Шаруашылық субъектісін басқарудағы экономикалық талдаудың рӛлі
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық талдау басқарудағы және
қаржылық болып екіге бӛлінеді.
Экономикалық талдау
Басқарудағы талдау Қаржылық талдау
Ішкі талдау Сыртқы талдау
Мұндай бӛлу коммериялық құпияларды сақтау заңы іс-ірекетіменен негізделген
және тәжірибе жүзінде бухгалтерлік есеп жүйесінің кәсіпорын кӛлемінде басқару және
қаржылық есепке бӛлуіне байланысты, ал есеп беру басқарудағы және қаржылық есеп
беру болып бӛлінеді. Басқарудағы есеп беру ӛнімнің жекелеген түрлерінің ӛзіндік құны
жайлы немесе ӛтпей қалған тауарлар тӛменгі сападағы тауарлар туралы сыртқы
тұлғалардан қатал құпияда ұсталынатын деректері бар есеп қисап.
Ал қаржылық есеп беру - бұл кәсіпорын жағдайын білу үшін оның қаржы жағдайы
мен шаруашылық қызметінің есеп беру жылындағы нәтижесімен танысу үшін
акционерлерге, банктерге, сақтандыру компанияларына, мемлекеттік ұйымдарға арналған
арнайы анықтама және қаржы газеттерінде, бухгалтерлік бюллетеньдерінде жарияланатын