Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет24/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   95

100
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
білгіштер. Түр-түсі, түпкі төркін жұрты тарихқа атам заманнан 
белгілі осы үш типтің жалпы аты, жаћан таныған ныспысы 
НАДАНДЫҚ болатын! Абайдың аз ғана Тобықтыдан көзімен көріп 
көңіліне түйген ћәм бүкіл исі қазаққа тән сол типтік дерті қаншама 
әлеуметтік төңкеріс, жазалау мен аштық, неше түрлі сынақтарды 
басынан кешсе де әлі күнге есін жия алмай қойған бұл жұрттың 
етінен өтіп, сүйегіне шауып барады!
Махамбеттен кейін не болды! «Елу жылда – ел жаңа, жүз 
жылда – қазан» деп ақылгөйситін қазақтың арқасына Махамбет 
алдаспанының жарқылынан аруақ бітіп, шамданса – жығар асау, 
шымырқанса – сынар болат болды ма! Ежелгі дұшпан ел болды 
ма, етектен кескені – жең болды ма? Еділдің бойы ен тоғай еді – ел 
қондыра алды ма, жағалай жатқан сол елге мал толдыра алды ма?!
Сонымен соңы не болды? Ел қорыған Махамбет елінен 
айрылды. Көл қорыған қызғыш құс көлінен айрылды. Аға сұлтан 
Баймағамбеттер мансап лауазымын хатшылық пен министрлікке 
оп-оңай ауыстырып алды да, алып кел, шауып кел, атып кел, сатып 
кел Ықыластар болса кемелденген социализмнің университеттері 
мен институттарында Махамбет поэзиясынан дәріс оқи бастады!
«Пәлсапашылар дүниені әртүрлі бағытпен түсіндірумен келеді, 
бірақ, мәселе оны түбірімен өзгертуде жатыр ғой» (К.Маркс) демекші, 
енді не істейміз деген сауал туындайды. Аты – егемен, заты – тәуелді 
қазақ қалайша жұрт қатарына қосылып, көштен қалмай, көзін 
қияға салады? Жауап біреу: Ықыластардың айтқандарына көніп, 
айдауына ерсең – жылан болып, жырымға қарайсың, Махамбеттің 
соңына еріп, рухына кенелсең – қыран болып, қырымға қарай сың! 
Дәл қазір, өткен мен ертеңнің өлі арасындағы бізге Махамбеттің 
Рухы керек! Туырлықсыз тұл үйге ту байласаң тұрар ма (Махамбет): 
базарың базарлы болуы үшін де Махамбет керек бізге!
…Қазір Күн тұтылып тұр!
АНТИ-ПОЭЗИЯ адамзатқа адырайа қарап келеді. Әсіресе – 
Алашқа. Қазақ ұлы Абайдың 150 жылдығын тойлады. Бұл – Абайға 
дейін алдына ұстар қарасы, ақылы кемел данасы, шарасы болмаған 
қазақтың Абайсыз, санасыз, шарасыз ғұмыр кешуінің 150 жылдығы 
болды! 
-2-
АНТИ-ПОЭЗИЯ азуын Айға білеген 1961 жылдың 12 сәуірі әлі 
көз алдымда. Мен онда он бірде едім. Кеңес империясы жер бетінде 
сайранды салып, енді Көк Тәңірге көз сұғын қадап тұрған. Күні кеше 
Қазан төңкерісімен ғаламды дүр сілкіндірген орыс, капитализмге 


101
Б е к з а т б о л м ы с       Е к і н ш і б ө л і м
соқпай, феодализмнен социализмге бір-ақ секірген иісі қазақ қана ма, 
тарихи даму заңдылығының өзіне тән үрдісіне қиянат жасамай көш 
керуенін түзей бастаған өрелі Батыс пен үшінші дүниедегі бүкіл азалы, 
арманшыл адамзат баласының екі көзі аспанда. 
Ғарышта – Адам!
Адам – Ғарышта… Адамзаттың алғашқы ғарышкері Юрий 
Гагарин жұмыр Жерді айналып, құсша самғап жүр. Жер бетінде үш 
миллион жыл ғұмыр кешкен Гомо-сапиенстің бір нәсілі біздің жыл 
санауымызға дейін және одан кейін бірнеше мыңдаған ұрпақтар 
ғұмыр кешкен, атасы – күйеу болған жер, шешесі – келін болған 
жұмыр Жердің жұдырықтай ғана екенін өз көзімен көрді. Гагарин  нің 
ғарыш кемесі мен Жер-Ананың ара-қашықтығы 88 километр екен. 
Сексен сегіз дегеніміз – радистердің тілінде: «Мен сені сүйе мін!» 
деген сөз. Бір-біріне жау екі тап, бір-біріне қас екі қоғамдық жүйе, 
бір-бірімен алакөз екі пенде: «Мен сені сүйемін!» деп көкке көз сүзіп 
тұр. Бұл – екінші дүниежүзілік қырғыннан кейін, ділі басқа, тілі 
бөлек – адам баласының ұлыстың ұлы күнінде тоқайласып, бір ой, 
бір сезіммен құшақтаса табысуы еді.
Атақты фантаст Рей Бредбери адамның ғарышқа көтерілуін 
балықтың судан құрлыққа шығуымен пара-пар деген еді.
 Осы күні Алматылықтар екінші бір тарихи оқиғаның куәсі бол-
ды. Аспаннан ақ парақтар жауып тұр. Бұл не? Бұған дейін қасиет-
ті төрт кітаптан ғана оқып білген тәңірінің соңғы уағызы шығар 
мүмкін? Құран да көктен түскен демеуші ме еді? Әлде, сонау аспан 
төрінде, Алла тағаланың қасында жүрген ғарышкердің адамзат 
үмбетіне шашқан шашуы ма?
 Өзі жер бетінде қалып, бір үмбетін ғарышқа жіберген біздің әу лет 
әлгі парақтарды құрастырып оқып көріп, таң-тамаша қалды. Өлең! 
Ұлы мәртебелі цивилизация мен оның алғашқы анасы ћәм ару қызы 
сұлу поэзия екінің бірі, сегіздің сыңарындай жарыса сөйлеп тұр:
Жоқ, Шығыс,
Жоқ, Батыс та.
Жыр – Отаным!
Бар кешің,
Бар әдемі бұла таңың.
Жоқ, Шығыс,
Жоқ, Батыс та,
Кәдуелгі
Егіздей екі ұлы бар ұлы атаның.
Қылады атамекен тарлық кімге,
Тұрады сол ойдан ол қарғып түнде.


102
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
Батыс жоқ,
Шығыс та жоқ,
Жер дейтұғын
Бір-ақ сөз,
Ұлы Сөз бар барлық тілде!
 
    
(Тәржімалаған 
Қ. 
Мырзалиев).
Миына бір ұғымды сіңіріп алса, содан өлмей айырыла қоймайтын 
аңғал адам баласының есіне сол күні тағы бір көне классикалық өлең 
жолдары оралған-ды. Ағылшын ақыны Киплингтің өлеңі. Бір кезде 
жалғанды жалпағынан басқан, Ұлыбританияның өркеуде шәйірінің 
бұл өлеңінің ұзынырғасы артта қалған бүгежек Шығыс такаппар 
да, ұлы Батыстың аяғын құшуға жаралған дегенге саяды. Мұны 
кеудесіне нан піскен отаршыл озбыр көштердің әулекі ән-ұраны 
десе де болады. Көзін шел басқан Батыстың кейбір басы жұмыр 
пенделері Шығысқа әлі де өстіп мұрнын шүйіре қарайды. Осынау 
темірдей сомдалған теріс тезисті тас-талқан қылған қазақ ақыны 
Олжас Сүлейменов еді.
 Адамның жер бетінен бауырын көтеріп, Гомо-сапиенске 
айналғаннан кейін,ХХ ғасырдың 60-шы жылдары самғап ғарышқа 
шығуы – қандай ғажайып тарихи оқиға болса, Батыс пен Шығысқа 
бөлініп, қаққа айрылған екі дүние мен екі мәдениеттің басын 
қайтадан адамзаттық бір арнаға қосқан қазақ ақынының асқақ 
мұраты да осыларға жете қабыл тарихи оқиға еді. Бірақ ол кезде ешкім 
де осынау терең ойдың түбіне бойлай алған жоқ. Дегенмен ғарышта 
болып жатқан тарихи оқиға жер бауырлаған пенде атаулының 
сана-сезімін жарық жылдамдығына ілестіріп, адамзат ақыл ойында 
күндердің бір күні болмай қоймайтын ұлы төңкеріске ұмтылдырып 
жатты. Ол кездегі озық ойлы оқырман Олжасты интуициямен 
түсініп, оның қыршын жүрегінде осы заманғы қасаң қағидалармен 
қырқысып жатқан ежелгі шығыс мәдениеті, көне түркі өркениеті 
хақындағы ордалы ойды сезгендей болды.
…Аспаннан жыр жауып тұр.
«Қарындасым көшеден жинап әкеліп, асығыс құрастырып 
оқыған сол листовкалар менің ең алғашқы өлеңдер жинағым еді» 
деп жазды Олжас кейіннен поэмаға жазған соңғы сөзінде.
Бұған дейін Жамбыл атамыздың «Ленинградтық өрендерім» атты 
өлеңі ғана листовкамен тараған еді.
Адамзат шежіресінде айдарынан жел ескен арқалы ақындар 
жетіп артылады. Бірақ, ақындық тағдыры, шығармашылық ғұмыр-
баяны адамзат тарихының жұлдызды сәтімен тұспа-тұс келіп, бір-ақ 
күнде танылып, аты-жөні бір-ақ мезетте ел-жұрттың аузына іліккен 
ақын кемде-кем. Ағылшынның атақты Шекспирінің өзі атышулы 


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау