қайта құрылу) кезеңiнде ұжымдық шарт өз күшiн сақтайды.
5. Ұйым мүлкiнiң меншiк иесi ауысқан кезде ұжымдық шарт үш ай бойы өз
күшiн сақтайды. Осы кезеңде тараптар жаңа ұжымдық шарт жасасу немесе
қолданыстағы шартты сақтау, өзгерту және толықтыру туралы келiссөздердi
бастауға құқылы.
6. Ұйым таратылған, ол банкрот деп жарияланған кезде ұжымдық шарттың
қолданылуы барлық қызметкерлермен еңбек шарттары тоқтатылған кезден бастап
тоқтатылады.
Ескерту. 285-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
286-бап. Тараптардың ұжымдық шартты орындамағаны үшiн
жауапкершiлiгi
Ұжымдық шартта көзделген мiндеттемелердi орындамағаны үшiн тараптар
ұжымдық шартқа және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта
болады.
287-бап. Келiссөздер кезiндегi кепiлдiктер мен
өтемақылар
Қызметкерлердiң өкiлдi органдарының ұжымдық келiссөздерге қатысатын
мүшелерiмен келiссөздер жүргiзу кезеңiнде (ұйымды тарату жағдайларынан басқа)
тиiстi өкiлдi органның келiсiмiнсiз жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша еңбек
шарты бұзылмайды.
Ескерту. 287-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
32-тарау. ҰЖЫМДЫҚ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ҚАРАУ
288-бап. Ұжымдық еңбек дауының туындауы
1. Ұжымдық еңбек дауы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын
қолдану, осы Кодекстiң 289-бабының 1-тармағына сәйкес ресiмделген
келiсiмдердiң, еңбек және (немесе) ұжымдық шарттардың, жұмыс берушi
актiлерiнiң талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелерi бойынша
қызметкерлердiң талаптары туралы жұмыс берушi жазбаша хабардар етiлген күннен
бастап немесе жұмыс берушi, жұмыс берушiлер бiрлестiгi өз шешiмдерiн
хабарламаған жағдайда осы Кодекстiң 290-бабында көрсетiлген мерзiм өткен
күннен бастап туындаған деп есептеледi.
2. Ұжымдық еңбек даулары бiтiмгерлiк рәсiмдер тәртiбiмен және (немесе)
сот тәртiбiмен шешiледi.
Ескерту. 288-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
289-бап. Қызметкерлердiң талаптарын ресiмдеу мен
мәлiмдеу тәртiбi
1. Қызметкерлердiң еңбек жағдайлары мен еңбегiне ақы төлеудi белгiлеу
және өзгерту, қызметкерлер мен жұмыс берушiнiң, жұмыс берушiлер бiрлестiгiнiң
арасындағы ұжымдық шарттар мен келiсiмдердi жасасу, өзгерту және орындау
мәселелерi жөнiндегi талаптары қызметкерлердiң жалпы жиналысында
(конференциясында) қалыптастырылады және бекiтiледi.
Қызметкерлер жиналысы, егер оған ұйым қызметкерлерiнiң жалпы санының
жартысынан астамы қатысса заңды деп танылады.
Конференция, егер оған хаттамалық шешiмдерге сәйкес қызметкерлер
сайлаған делегаттардың кемiнде үштен екiсi қатысса, заңды деп танылады.
Қызметкерлер жиналысының (конференциясының) шешiмi дауыс берушiлердiң
көпшiлiк дауысымен қабылданды деп есептеледi. Қызметкерлер жиналысын
(конференциясын) өткiзуге мүмкiндiк болмаған кезде, қызметкерлердiң өкiлдi
органы өздерi ұсынған талаптарын қолдайтын қызметкерлердiң жартысынан
астамының қолын жинап, өз шешiмiн бекiтуге құқығы бар.
2. Қызметкерлердiң талаптары жазбаша түрде жазылады және жұмыс
берушiлерге, жұмыс берушiлердiң бiрлестiктерiне күнтiзбелiк үш күн мерзiмде
жiберiледi.
3. Аталған талаптарды әртүрлi жұмыс берушiлердiң қызметкерлерi қойған
жағдайда, бұл талаптарды кәсiптiк одақтардың салалық немесе өңiрлiк
бiрлестiктерi не қызметкерлер уәкiлеттiк берген өзге де жеке және (немесе)
заңды тұлғалар ұсынуы мүмкiн.
4. Жұмыс берушi, жұмыс берушiлердiң бiрлестiгi қызметкерлердiң талаптар
қою жөнiнде жиналыс (конференция) өткiзуiне кедергi келтiруге әсер ететiн
қандай да болмасын араласудан қалыс қалуға мiндеттi.
Ескерту. 289-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
290-бап. Қызметкерлердiң талаптарын қарау
Жұмыс берушi қызметкерлердiң қойған талаптарын оларды алған күннен
бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, жұмыс берушiлердiң бiрлестiгi бес жұмыс
күнiнен кешiктiрмей қарауға және оларды шешу үшiн шаралар қолдануға, ал
көрсетiлген мерзiмде шешуге мүмкiндiк болмаған кезде туындаған
келiспеушiлiктердi одан әрi қарау үшiн өз өкiлдерiн көрсете отырып, өздерiнiң
шешiмдерi мен ұсыныстарын қызметкерлерге жазбаша түрде жеткiзуге мiндеттi.
Ескерту. 290-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
291-бап. Бiтiмгерлiк рәсiмдер
1. Қызметкерлердiң талаптарын осы Кодекстiң 290-бабында көзделген
тәртiппен шешу мүмкiн болмаған кезде олар бiтiмгерлiк рәсiмдер тәртiбiмен
қаралады.
Жұмыс берушi, жұмыс берушiлердiң бiрлестiгi (олардың өкiлдерi)
қабылдамаған немесе олардың iшiнара қанағаттандырған талаптары алдымен
бiтiмгерлiк комиссиясында, ал онда келiсiмге қол жеткiзiлмесе - еңбек
арбитражында қаралады.
2. Тараптар ұжымдық еңбек дауын қараудың кез келген сатысында делдалға
жүгiне алады. Делдалдық рәсiм бiтiмгерлiк комиссиясындағы, еңбек
арбитражындағы бiтiмгерлiк рәсiмдерге қарағанда дербес рәсiм болып табылады
және солармен қатар жүргiзiлуi мүмкiн.
292-бап. Бiтiмгерлiк комиссиясы
1. Бiтiмгерлiк комиссиясын тараптар жұмыс берушi, жұмыс берушiлердiң
бiрлестiгi (олардың өкiлдерi) өз шешiмiн қызметкерлерге (олардың өкiлдерiне)
хабарлаған не хабарламаған күннен бастап не ұжымдық келiссөздер барысында
келiспеушiлiктер хаттамасы жасалған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде
құрады.
2. Бiтiмгерлiк комиссиясы ұжымдық еңбек дауы тараптары өкiлдерiнен
тепе-тең негiзде құрылады. Бiтiмгерлiк комиссиясын құру туралы шешiм жұмыс
берушiнiң актiсiмен және қызметкерлер өкiлдерiнiң шешiмiмен ресiмделедi.
3. Бiтiмгерлiк комиссиясы құрылған күнiнен бастап үш жұмыс күнiнен
кешiктiрмей қызметкерлердiң (олардың өкiлдерiнiң) талаптарын қарайды.
Бiтiмгерлiк комиссиясының талаптарды қарау, көрсетiлген мерзiмдi ұзарту
тәртiбi тараптардың келiсiмiмен жүзеге асырылады және хаттамамен ресiмделедi.
4. Бiтiмгерлiк комиссиясы бiтiмгерлiк рәсiм барысында, қызметкерлермен
(олардың өкiлдерiмен), жұмыс берушiмен, жұмыс берушiлер бiрлестiгiмен
(олардың өкiлдерiмен), мемлекеттiк органдармен және өзге де мүдделi
тұлғалармен консультациялар жүргiзедi.
5. Комиссияның шешiмi тараптар келiсiмiнiң негiзiнде қабылданады,
Достарыңызбен бөлісу: |