Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет49/57
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12938
түріКодекс
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   57

      
Ескерту. 298-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 
      299-бап. Ереуiлдiң басталуы туралы жариялау 
 
      1. Осы Кодекстiң 298-бабының 3-тармағында көрсетiлген уәкiлеттi орган 
ереуiлдiң басталуы мен болжамды ұзақтығы туралы жұмыс берушiге, жұмыс 
берушiлердiң бiрлестiгiне (олардың өкiлдерiне) оны жариялағанға дейiн бес 
жұмыс күнiнен кешiктiрмей жазбаша түрде ескертуге тиiс.  
      2. Ереуiл жариялау туралы шешiмде:  
      1) тараптардың ереуiл өткiзуге негiз болған келiспеушiлiктерiнiң 
тiзбесi;  
      2) ереуiл өткiзiлетiн күн, орын мен уақыт қатысушылардың болжамды саны;  
      3) ереуiлдi басқаратын органның атауы, бiтiмгерлiк рәсiмдерге қатысуға 
уәкiлеттiк берiлген қызметкерлер өкiлдерiнiң құрамы;  
      4) ереуiл өткiзу кезеңiнде орындалатын қажеттi жұмыстардың (қызмет 
көрсетулердiң) ең төменгi көлемi жөнiндегi ұсыныстар көрсетiледi. 
      
Ескерту. 299-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 
      300-бап. Ереуiлдi басқаратын органның өкiлеттiктерi 
 
      1. Ереуiлдi басқаратын орган өзiне осы Кодекспен берiлген құқықтар 
шегiнде және қызметкерлер (олардың өкiлдерi) берген өкiлеттiктер негiзiнде 
әрекет етедi.  
      2. Ереуiлдi басқаратын органның:  
      1) қойылған талаптарды шешу мәселелерi бойынша жұмыс берушiмен, жұмыс 
берушiлердiң бiрлестiгiмен (олардың өкiлдерiмен), мемлекеттiк, кәсiподақ, 
өзге де заңды және лауазымды тұлғалармен өзара қарым-қатынастарда 
қызметкерлер мүдделерiн бiлдiруге;  
      2) жұмыс берушiден, жұмыс берушiлер бiрлестiгiнен (олардың өкiлдерiнен) 
қызметкерлердiң мүдделерiн қозғайтын мәселелер бойынша ақпарат алуға;  
      3) қызметкерлердiң талаптарын қарау барысын бұқаралық ақпарат 
құралдарында жариялап отыруға;  
      4) даулы мәселелер бойынша қорытындылар шығару үшiн мамандарды тартуға;  
      5) қызметкерлердiң (олардың өкiлдерiнiң) келiсiмiмен ереуiлдi тоқтата 
тұруға құқығы бар.  
      3. Бұрын тоқтата тұрған ереуiлдi қайта бастау үшiн бiтiмгерлiк 
комиссиясының, делдалдың немесе еңбек арбитражында дауды қайта қарауы талап 
етiлмейдi. Жұмыс берушi, жұмыс берушiлер бiрлестiгi (олардың өкiлдерi) және 
еңбек дауларын реттеу жөнiндегi орган ереуiлдiң қайта басталуы туралы үш 
жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей ескертiлуге тиiс.  
      4. Ұжымдық еңбек дауының тараптары оны реттеу жөнiндегi келiсiмге қол 
қойған, сондай-ақ ереуiл заңсыз деп танылған жағдайларда, ереуiлдi басқаратын 
органның өкiлеттiктерi тоқтатылады.  
      5. Ереуiлдi басқаратын органның өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiнде 
жұмыс берушiнiң, мемлекеттiк органдардың және қоғамдық бiрлестiктердiң 
құзыретiне жататын шешiмдердi қабылдауға құқығы жоқ.  
      301-бап. Ұжымдық еңбек дауы тараптарының ереуiл 
 
                барысындағы мiндеттерi 
 
      Ереуiл өткiзу кезеңiнде ұжымдық еңбек дауының тараптары осы дауды 
келiссөздер жүргiзу жолымен шешудi жалғастыруға мiндеттi.  
      Жұмыс берушi, мемлекеттiк органдар және ереуiлдi басқаратын орган 
ереуiл кезеңiнде қоғамдық тәртiптi, ұйымның мүлкiн және қызметкерлердiң 
қауiпсiздiгiн сақтау, сондай-ақ тоқтап қалуы адамдардың өмiрi мен 
денсаулығына тiкелей қатер төндiретiн машиналардың және жабдықтардың жұмысын 
қамтамасыз ету жөнiндегi өздерiне байланысты шараларды қабылдауға мiндеттi. 
      
Ескерту. 301-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 


ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 
      302-бап. Қызметкерлерге ереуiл өткiзуге байланысты 
 
                берiлетiн кепiлдiктер 
 
      1. Ереуiлдi ұйымдастыру немесе оған қатысу (осы Кодекстiң 303-бабының 
1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда) қызметкердiң еңбек тәртiбiн 
бұзуы деп қаралмайды және осы Кодексте көзделген тәртiптiк ықпал ету 
шараларының қолданылуына әкеп соқпайды.  
      2. Ереуiл кезiнде қызметкердiң жұмыс орны (лауазымы), әлеуметтiк 
сақтандыру бойынша жәрдемақы төлемiне құқығы, еңбек өтiлi сақталады, сондай-
ақ еңбек қатынастарынан туындайтын өзге де құқықтарына кепiлдiк берiледi.  
      Ереуiлдi жалақының төленбеуiне немесе уақтылы төленбеуiне байланысты 
өткiзуден басқа жағдайларда, ереуiлге қатысушы қызметкерлердiң ереуiл 
кезiндегi жалақысы сақталмайды.  
      303-бап. Заңсыз ереуiлдер 
 
      1. Ереуiлдер:  
      1) соғыс жағдайы немесе төтенше жағдай не төтенше жағдай туралы 
 заңнамаға сәйкес айрықша шаралар енгiзiлген кезеңде; Қазақстан Республикасы 
Қарулы Күштерiнiң органдары мен ұйымдарында, елдiң қорғанысын, мемлекеттiң 
қауiпсiздiгiн, авариялық-құтқару, iздестiру-құтқару, өртке қарсы жұмыстарды 
қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу немесе оларды жою 
мәселелерiмен айналысатын басқа да әскери құралымдар мен ұйымдарда; арнаулы 
мемлекеттiк және құқық қорғау органдарында; қауiптi өндiрiстiк объектiлер 
болып табылатын ұйымдарда; жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету 
станцияларында; 
      2) осы баптың 2-тармағында көрсетiлген шарттар сақталмаған жағдайда, 
темiр жол көлiгi, азаматтық авиация, денсаулық сақтау ұйымдарында, халықтың 
тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдарда (қоғамдық көлiк, сумен, электр 
энергиясымен, жылумен, байланыспен қамтамасыз ету), жұмысының тоқтатыла тұруы 
ауыр және қауiптi зардаптарға әкеп соғуы мүмкiн үздiксiз жұмыс iстейтiн 
өндiрiстерде;  
      3) осы Кодексте көзделген мерзiмдер, рәсiмдер және талаптар ескерiлмей 
жарияланған жағдайда;  
      4) адамдардың өмiрi мен денсаулығына нақты қатер төндiретiн 
жағдайларда;  
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда 
заңсыз болып танылады.  
      Осы тармақта көрсетiлген негiздердiң бiреуi болғанда, сот тиiстi шешiм 
шығарғанға дейiн прокурор ереуiлдi тоқтата тұруға құқылы.  
      2. Темiр жол көлiгi, азаматтық авиация, денсаулық сақтау ұйымдарында, 
халықтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдарда (қоғамдық көлiк, сумен, 
электр энергиясымен, жылумен, байланыспен қамтамасыз ету) ереуiл жергiлiктi 
атқарушы органмен алдын ала келiсу  
негiзiнде айқындалатын халыққа қажеттi тиiстi қызмет көрсетулердiң тiзбесi 
мен көлемi сақталған жағдайда өткiзiледi.  
      Үздiксiз жұмыс iстейтiн өндiрiстерде ереуiл негiзгi жабдықтардың, 
тетiктердiң iркiлiссiз жұмысы қамтамасыз етiлген жағдайда ғана өткiзiлуi 
мүмкiн.  
      3. Ереуiлдi заңсыз деп тану туралы шешiмдi сот Қазақстан 
Республикасының заңдарына сәйкес қабылдайды.  
      4. Ереуiлдi заңсыз деп тану туралы шешiмдi сот жұмыс берушiнiң немесе 
прокурордың өтiнiшi бойынша қабылдайды. 
      Сот шешiмi қызметкерлерге ереуiлдi басқаратын орган арқылы жеткiзiледi, 
ол ереуiлге қатысушыларды сот шешiмi туралы дереу хабардар етуге мiндеттi, ал 
ереуiлдi басқаратын орган болмаған кезде – тiкелей жұмыс берушi жеткiзедi. 
      Жұмыс берушi сот шешiмiнiң мәтiнiн көпшiлiкке көрiнетiндей қолжетiмдi 
жерлерде орналастыруды қамтамасыз етедi. 
      Ереуiлдi заңсыз деп тану туралы сот шешiмi дереу орындалуға, ал ереуiл 
тоқтатылуға тиiс. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау