6. Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру мерзiмi комиссия құрылған күннен
бастап он жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
7. Өндiрiстiк практикадан өтiп жүрген, жалпы бiлiм беретiн, кәсiптiк
мектептерде және жоғары оқу орындарында оқитын адамдар ұшыраған жазатайым
оқиғаны тергеп-тексерудi жұмыс берушiнiң және зардап шеккен адам өкiлiнiң
қатысуымен өз аумағында оқиға болған ұйымның басшысы құратын комиссия
жүргiзедi.
8. Басқа ұйымның аумағында орналасып, жұмыс жүргiзiп жатқан ұйымның
қызметкерi немесе өндiрiстiк тапсырманы (қызметтiк немесе шарттық
мiндеттердi) орындау үшiн басқа ұйымға жiберiлген қызметкер ұшыраған
жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудi аумағында жазатайым оқиға болған ұйымның
жауапты өкiлiнiң қатысуымен жұмыс берушiнiң өзi жүргiзедi.
9. Қызметкер қоса атқаратын жұмысын орындау кезiнде ұшыраған жазатайым
оқиғаны жұмыс өз аумағында немесе соның тапсырмасы бойынша жүргiзiлген жұмыс
берушi тергеп-тексередi және есепке алады.
10. Көлiк құралдарының авариясы салдарынан болған жазатайым оқиғаларды
тергеп-тексеру жол полициясының тергеп-тексеру материалдары негiзiнде
жүргiзiледi.
Жол полициясы жазатайым, оқиғаларды тергеп-тексеру жөнiндегi комиссия
төрағасының талабы бойынша көлiк оқиғасы болған күннен бастап бес күн
мерзiмде тергеп-тексеру материалдарының көшiрмелерiн беруге мiндеттi.
11. Әрбiр өндiрiстегi жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезiнде комиссия
оқиға куәгерлерiн, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi
талаптардың бұзылуына жол берген адамдарды анықтайды және олардан жауап
алады, жұмыс берушiден қажеттi ақпарат және мүмкiн болса, зардап шеккен
адамнан түсiнiктеме алады.
12. Жұмыс берушiге уақтылы хабарланбаған немесе нәтижесiнде еңбекке
қабiлетсiздiгi бiрден туындамаған (талап ету мерзiмiне қарамастан) жазатайым
оқиғалар зардап шеккен адамның (оның өкiлiнiң) өтiнiшi бойынша немесе
мемлекеттiк еңбек инспекторының нұсқамасы бойынша өтiнiш тiркелген, нұсқама
алынған күннен бастап он күн iшiнде тергеп-тексерiледi.
13. Жиналған құжаттар мен материалдар негiзiнде комиссия жазатайым
оқиғаның мән-жайлары мен себептерiн анықтайды, жазатайым оқиғаның жұмыс
берушiнiң өндiрiстiк қызметiмен байланысын және тиiсiнше, зардап шеккен
адамға оқиға орнында өзiнiң еңбек мiндеттерiн орындауына байланысты болуы
түсiндiрiлгенiн анықтайды, жазатайым оқиғаны өндiрiстегi жазатайым оқиға
ретiнде немесе өндiрiспен байланысты емес жазатайым оқиға ретiнде саралайды,
еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарының бұзылуына жол берген
адамдарды анықтап, өндiрiстегi жазатайым оқиғалардың себептерiн жою және
алдын алу жөнiндегi шараларды белгiлейдi.
14. Режимдi объектiлердегi жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру
жөнiндегi комиссияның жұмыс жағдайлары осы объектiлерге кiру, соларда болу
ерекшелiктерi ескерiлiп айқындалады.
15. Қызметкердiң (қызметкерлердiң) еңбекке қабiлеттiлiгiн жоғалтуына
әкеп соққан өндiрiспен байланысты әрбiр жазатайым оқиға медициналық
қорытындыға (ұсынымға) сәйкес еңбек жөнiндегi уәкiлеттi орган
белгiлеген нысан бойынша жазатайым оқиға туралы актiмен қажеттi данасы
жасалып (әрбiр зардап шеккен адамға жеке-жеке) ресiмделедi.
Денсаулық сақтау ұйымы белгiленген тәртiппен растаған улану жағдайлары
да еңбекке қабiлеттiлiктiң жоғалғанына немесе жоғалмағанына
қарамастан, жазатайым оқиға туралы актiмен ресiмделедi.
325-бап. Өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды арнайы
тергеп-тексеру ерекшелiктерi
1. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексерудi мемлекеттiк еңбек
инспекциясы органының аумақтық бөлiмшесi құрған комиссия мына құрамда
жүргiзедi:
төраға - мемлекеттiк еңбек инспекторы;
мүшелерi - жұмыс берушi және қызметкерлердiң өкiлi.
2. Екi адам қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудi
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттiк еңбек инспекторы
басқаратын комиссия жүргiзедi.
3. Қауiптi өнеркәсiп объектiлерiнде болған жазатайым оқиғалар кезiнде
комиссия құрамына төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi
мемлекеттiк инспектор кiредi.
Техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде болған жазатайым
оқиғалар кезiнде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi
мемлекеттiк инспектор арнайы тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның төрағасы
болып тағайындалады. Бұл жағдайда мемлекеттiк еңбек инспекторы комиссия
мүшесi болып табылады.
4. Қайтыс болған адамдар саны үш адамнан бес адамға дейiн болса, топтық
жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудi еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк
орган, ал бес және одан да көп адам қайтыс болғанда - Қазақстан
Республикасының Үкiметi құрған комиссия жүргiзедi.
5. Сараптамалық қорытындыны талап ететiн мәселелердi шешу үшiн арнайы
тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның төрағасы ұйымдардың мамандары, ғалымдар
және бақылау-қадағалау органдары қатарынан сараптамалық кiшi комиссиялар
құруға құқылы.
6. Ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе кiсi өлiмiмен аяқталған
жазатайым оқиғаны, қызметкерлердiң топтық жазатайым оқиғасын және топтық
қатерлi улану жағдайын тергеп-тексеру еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк
орган белгiлеген нысандағы арнайы тергеп-тексеру актiсiмен ресiмделедi.
7. Арнайы тергеп-тексеру жөнiндегi комиссия төрағасының келiсiмiнсiз
куәлерден, куәгерлерден жауап алуды, сондай-ақ ресми тағайындалған
комиссияның жұмыс күндерiнде кез келген бiреудiң немесе өзге де комиссияның
осы жазатайым оқиғаға қатысты қатар тергеп-тексерулер жүргiзуiне үзiлдi-
кесiлдi тыйым салынады.
8. Ұйым объектiлерiндегi жарылыстың, аварияның, қираудың, өрттiң және
басқа да жағдайлардың нәтижесiнде зардап шеккен адамды (зардап шеккен
адамдарды), жоғалған адамды (жоғалған адамдарды) iздеудiң тоқтатылуын арнайы
тергеп-тексеру жөнiндегi комиссия авариялық-құтқару бөлiмшесi басшысының және
сарапшы мамандардың қорытындысы негiзiнде айқындайды.
Ескерту. 325-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
326-бап. Өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру
материалдарын ресiмдеу және оларды есепке алу
1. Жазатайым оқиға туралы акт толтырылып, оған еңбек қауiпсiздiгi және
еңбектi қорғау қызметiнiң және ұйым бөлiмшесiнiң басшылары, сондай-ақ ұйым
қызметкерлерiнiң өкiлдерi қол қояды және оны жұмыс берушi бекiтiп, ұйымның
мөрiмен расталады.
2. Улану жағдайларында жазатайым оқиға туралы актiге халықтың
санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органның
өкiлi де қол қояды.
Егер жұмыс берушi жеке тұлға болса, жазатайым оқиға туралы акт
толтырылып, оған жұмыс берушi қол қояды және нотариалды түрде расталады.
3. Акт тергеп-тексеру материалдарына сәйкес ресiмделуге тиiс.
Егер өндiрiстегi жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезiнде комиссия
зиянның туындауына немесе ұлғаюына өрескел абайсыздық себеп болғанын
анықтаса, онда комиссия тараптардың аралас жауапкершiлiгiн қолданып,
қызметкер мен жұмыс берушiнiң кiнәсiн процентпен айқындайды.
Егер жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның бiр мүшесi
комиссияның (көпшiлiктiң) қорытындысымен келiспейтiн болса, ол өзiнiң дәлелдi
пiкiрiн тергеп-тексеру материалына қосу үшiн жазбаша түрде ұсынады. Ол арнайы
тергеп-тексеру актiсiне "ерекше пiкiрге қара" деген сiлтеме жаза отырып, қол
қояды.
4. Әрбiр жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейiн жұмыс
берушi үш күннен кешiктiрмей зардап шеккен адамға немесе оның сенiмдi
адамына жазатайым оқиға туралы актiнi беруге мiндеттi, актiнiң бiр данасы
жұмыс берушiмен тиiстi шарттық қатынастары бар сақтандыру ұйымына, ал
екiншiсi - мемлекеттiк еңбек инспекциясына қағаз және электронды жеткiзгiште
жiберiледi.
Улану жағдайында актiнiң көшiрмесi халықтың санитарлық-эпидемиологиялық
Достарыңызбен бөлісу: |