Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет4/55
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12281
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55

10 
 
өткізуді  және  білікті  ұсынымды  тек  қана  маман  жасай  алады,  бірақ 
оқушы өзін-өзі тану мақсатында қандай да бір сауалнаманы толтырса, 
ешқандай зияны болмайды.     
Егер  материалдық-техникалық  базаның  мүмкіндігі  болса,  онда 
мүмкін  болар  кәсіби  жолды  анықтау  үшін  көптеген  компьютерлі 
бағдарламалардың біреуін орнатуға болады.    
Кеңес  беру  бағыты  оптантты  (мамандық  таңдау  қажеттілігі 
алдында  тұрған  адам)  таңдауда  көмек  көрсетуді  тұспалдайды.  Бұл 
көмек  көрсету  адамның  мотивін,  оның  қызығушылықтарын, 
бейімділігін, 
жеке 
тұлғалық 
мәселелері 
мен 
дүниетаным 
ерекшеліктерін 
есепке 
ала 
отырып 
негізделеді. 
Ол 
өзіне 
диагностикалық  немесе  ақпараттық  қырларды  енгізуі  мүмкін,  бірақ 
енгізбеуі де мүмкін.     
Қосымша  білім  беру  ұйымы  кеңес  беру  бағыты  шеңберінде 
балаға  тек  өзі  қызығатын  мамандық  бойынша  материалдарды  ұсынуы 
мүмкін: профессиограммасын, еңбек нарығында талап етілетін кәсіптер 
туралы  айтылатын  мерзімді  басылымдар  және  сол  кәсіп  бойынша 
дайындайтын білім беру ұйымдары туралы мәліметтер.  
Оқыту  (немесе  қалыптастыру).  Бұл  бағыттың  арнасында  бала 
икемділіктері  бар  нақты  қызмет  жасаушы  ретінде  қабылданады: 
мамандықтар  әлемін  талдау;  мамандық  таңдау  жағдайындағы  өзінің 
мүмкіндіктері  мен  шектеулерін  талдау;  кәсіби  өзін-өзі  іске  асыру 
жолдарын  іздеу  және  жұмыс  іздеу  стратегиясын  білу.  Яғни,  арнайы 
ұйымдастырылған  дәрістерде  қосымша  білім  беру  педагогі  балалар 
құзыретін  жалпы  әлеуметтік  құзырет  ретінде  кәсіп  таңдау  саласында 
үйретеді.  Бұл  бағыт  шеңберінде  қосымша  білім  беру  педагогі  кәсіби 
өзін  өзі  анықтау  саласында  балалардың  жеке  тұлғасын  белсендіруге 
бағытталған  арнайы  тұлғаға  бағдарланған  дәрістер  өткізуі,  сонымен 
қатар  оқушылардың  психологиялық  ерекшеліктері  туралы  білімді 
есепке ала отырып жұмыс құруы мүмкін.  
Қосымша  білім  беру  ұйымы  қызметіндегі  балаларды  кәсіби 
бағдарлау саласындағы негізгі бағыттар:  
мамандықтар нарығының маңызы және келешегімен танысу;  
кәсіби  біліктіктің  өсуінің  мүмкіндігі,  адамға  ұсынылатын  кәсіби 
талаптар, оларды игеру нысандары және жағдайлары;  
экономиканың 
білікті 
кадрларға 
мұқтаждығын, 
еңбек 
нарығындағы 
жағдайлар 
туралы 
балаларды 
ақпараттандыру, 
кәсібиграфикалық материалдар тарату;  
заманауи өндіріс түрлерімен танысу;  
балаларды 
кәсіптік 
бағдарлау, 
оларда 
кәсіпке 
деген 
қызығушылығын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізу;      
кәсіптік, өндірістік және әлеуметтік бейімделу бойынша шаралар 
іске асыру болып табылады.   


11 
 
Оқушыларды кәсіби бағдарлауды ұйымдастыру бойынша 
қосымша білім беру педагогінің қызметі. 
Қосымша білім беру педагогі және оның қызметінің 
сипаттамасы 
 
Қосымша білім беру педагогі –әр түрлі бағыттағы қосымша білім 
беру  бағдарламаларын  тікелей  жүзеге  асырушы  ең  маңызды 
мамандардың бірі. Ол оқушылардың қабілеттері мен дарындарын, оның 
ішінде  көркемөнер,  ғылыми-техникалық,  туристік-өлкетану  және  т.б. 
әрекеттерін дамытумен шұғылданады. Ол шығармашылық бірлестіктер 
құрамын  жинақтайды,  оқыту  бағдарламаларын  жүзеге  асыруға, 
оқушылар  контингентін  сақтауға  көмектеседі,  тиянақты  нысандар, 
әдістер,  әрекет  мазмұнын  таңдауды  қамтамасыз  ете  отырып, 
балалармен  нақты  шығармашылық  бірлестікте  тікелей  оқыту 
әрекеттерін жүргізеді. Авторлық білім беру бағдарламаларын әзірлеуге 
қатысады, олардың сапалы іске асырылуына жауапты болады. 
Қосымша  білім  беру  педагогы  балалардың  алуан-түрлі 
шығармашылық  әрекеттерін  дамыту  маманы  болып  табылады.  Ол  өз 
қызметі 
шеңберінде 
білім 
алушылардың 
шығармашылық 
ерекшеліктерін  анықтайды,  оларды  дамытуға  көмектеседі,  дарынды 
және  талантты  баллаларды  қолдайды,  ата-аналарға  кеңестік  көмек 
көрсетеді.         
Қазіргі уақытта қосымша білім беру педагогінің кәсіби бағдарлау 
жұмысының жүйесіне келесі бағыттар бойынша қызметтер енгізіледі.  
 


12 
 
 
 
 
Оқушыларды  кәсіби  бағдарлау  саласындағы  қосымша  білім 
беру педагогі: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Кәсіби  кеңес  беру  бойынша  қосымша  білім  беру  педагогының 
жұмысын үш кезеңге бөлуге болады: 
1. Кәсіби үгіттеуді және кәсіби насихаттауды, кәсіби ақпаратты енгізетін кәсіби
ағарту.
2. Белгілі бір мамандыққа немесе басқа кәсіпке тұлғаның қызығушылығы
мен
ерекшеліктерін
анықтауға
бағытталған
алдын
ала
кәсіптік
диагностика.
3. Кәсіби кеңесшілер-мамандар тарапынан мамандық таңдауға негізінен
жекеше көмек көрсетуге бағытталған кәсіби кеңес.
4. Ең үлкен мүмкіншілікпен сол кәсіпті табысты меңгере алатын және
оған байланысты еңбек міндеттерін орындай алатын тұлғаларды таңдау
мақсатында кәсіби іріктеу (таңдау).
5. Әлеуметтік-кәсіби бейімделу.
6. Балаларда кәсіби абырой мен құндылық, жауапкершілік, парыз сезімін
қалыптастыруды өз мақсатына қоятын кәсіби тәрбие.

  профессиографиялық 
материалдарды 
дайындауға қатысады; 

  кәсіби 
бағдарлау 
кабинеттерін 
жабдықтауға қатысады; 

  қала  және  өңірлік  еңбек  нарығындағы 
жағдай  туралы,  тұтас  алғанда  еңбек 
нарығында  сұранымға  ие  кәсіптер  және 
оларды  облыс  және  өңірлік  оқыту 
мекемелерінде,  оның  ішінде  мемлекеттік 
жұмыспен  қамту  қызметі  органдарының 
бағыты  бойынша  алу  мүмкіндігі  туралы 
ата-аналар  және  мұғалімдер,  жалпы  білім 
беру  мектептерінің  түлектері  мен  жоғары 
сынып 
оқушыларын 
кәсіби 
ақпараттандыруды жүзеге асырады; 
 

 
балаларға  топтық  және  жеке 
кәсіби кеңес беруді жүргізеді; 

 
білім  органдарымен,  жастар 
қоғамдық 
бірлестіктері 
және 
ұйымдарымен  бірлесе  бұқаралық 
және  тақырыптық  кәсіби  бағдарлау 
шараларын өткізуге қатысады

 
кәсіби 
бағдарлаудың 
мамандандырылған 
кабинеттерін 
құрады  және  білім  ұйымдарында 
олардың жұмысын ұйымдастырады.  
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау