22
қоя салмай, еңбек нарығындағы бос орындарды талдаған жақсы
болады. Сұранымда негізінде нақты маман, қызмет үшін қандай білім
қажет екені көрсетіледі. Мысалы, лингвистикалық білімі бар адам
(мектептегі «орыс тілі және әдебиеті», «шет ел тілі») оқытушы,
редактор, аудармашы және хатшы-референт болып та жұмыс істей
береді.
Сонымен бірге мектеп пәндеріне қарағанда мамандықтар көп
екенін де есепке алу керек. Заңгер, маркетолог, аппаратшы болуға
болады, онда әлеуметтік тәртіп және математика, әдебиет және
тарихты, не болмаса математика мен физика сияқты базалық білімді
білу керек болады. Таңдаған кәсібіңізге Сізге қызықты және ережеге
сай осы мамандыққа ЖОО-на түсу емтихандарын тапсыру керек
болатын бірнеше мектеп пәндері сәйкес келуі мүмкін. Айталық,
болашақ инженерге мектепте сызу мен математика бірдей ұнауы
мүмкін.
8. Мамандық таңдау барысында маңызы бар өзінің
физикалық ерекшеліктерін, кемшіліктерін білмеу/бағаламау.
Сіздің денсаулығыңызға кері әсерін тигізетіндей Сізге жақпауы
мүмкін мамандықтар бар.
Мұндай мамандықтар көп емес және оларға, негізінен, ағзаның
физиологиялық жүйесіне ұзақ уақыт ауырлық түсетіндер жатады.
Компьютершілердің көздеріне, ал ұшқыштардың жүрегіне көп күш
түседі.
9. Еңбек сипаты туралы ескірген пікірлер.
Осы күнде өте өзекті динамикалық техникалық прогресс туралы
ұмытпаңыз. Мамандықтарда, оның ішінде жұмысшы кәсіптерде бүгінгі
күні қиын және қызықты техника енгізілуде, еңбек мәдениеті де артуда.
Компьютер әрекеттің барлық салаларында, тіпті мал шаруашылығына
дейін қолданылады. Сондықтан да әрбір адам өз қызметі саласында
заманауи техниканы қолдануға дайын болуы керек. Бұл маңызды
мәселелерді шешу үшін тағы да маңызды міндеттердің бірі.
"Қалай табысты болуға болады?" тренинг-ойын
Кіріспе сөз. Білім беру жүйесінің негізгі міндеті білім
алушыларды заманауи қоғамда өмір мен еңбекке дайындау, үнемі
өзгеріп отыратын әлемде олардың әлеуметтануы және әлеуметтік
бейімделуі үшін жағдайлар жасау, жоғары
сынып оқушыларына өзін өзі
анықтауына,
олардың
икемділіктерін,
мүмкіншіліктері
мен
қабілеттеріне сәйкес өмірлік жолын таңдауда, түлектерді білімін
жалғастыруға ынталандыруға дайындау болып табылады.
23
Көпшілік мектеп оқушыларының таңдауы кездейсоқ болып
табылады, қиялшыл сипатқа ие, шынайы қабілеттіліктері мен
мүмкіндіктеріне мүлде сәйкес келмейді. Мектеп бағдарламасы
балаларға адамдар, оның қабілеттері туралы толық білім бермейді, яғни
кәсіп таңдауға үйретпейді және оған сай білім бермейді. Түлектердің
еңбек нарығы және сұранымға ие кәсіптер туралы, оларды алу
мүмкіндігі бар білімнің түрлері туралы құралдары жеткіліксіз.
Мектеп оқушылары өмірлік жоспар құру үшін қажетті білімдерге
ие емес. Оларда қоршаған әлеуметтік әлемнің толықтай ғылыми
суреттемесі жоқ, ол туралы білімі жеткіліксіз және қарапайым.
Көптеген оқушыларда өзін өзі әрі қарай дамыту қажеттілігі
қалыптастырылмаған, сапалы кәсіби білім алу үшін күш салуға тұрақты
уәждемесі жоқ. Осының барлығы оқушылардың кәсіби және өмірлік
жолын таңдау жағдайына аса назар аудару қажеттілігін анықтайды.
Көбіне болашақ студенттер ақпаратқа ие болмай тұрып, болашақ
мамандығын қате таңдайды. Біреулер өз таңдауын:
- отбасындағы дәстүр;
- қаржылық тарап;
- сол
кәсіптің танымалдығы;
- досым сол ЖОО-на оқуға барады, менде сонда барамын деген
сияқты уәждер жасайды.
Мамандық таңдаудың тағы көптеген өлшемдерін айтуға болады,
бірақ әрбір жас адамға (жас бала, қызға) мамандықтар әлемін білу
қажет екенін, әрі қарай дұрыс таңдау жасау үшін онда жақсы
бағдарлану керек екендігін нақты бекітіп айтуға болады.
Кәсіби
бағдарлау
деген не? – ол кәсіби әлемде
адамның
өз
орнын
анықтауы.
Кәсіби бағдарлаудың
мақсаты
–
оқушыларды
кәсіби қызмет таңдауды
өздігінен,
таразылап
жасауына келтіру, кәсіби
өзін өзі анықтауына психологиялық дайындықты қалыптастыру. Кәсіби
бағдарлаудың
мақсаттары
қоғаммен,
оның
міндеттерімен,
қажеттіліктерімен, сонымен қатар адамның өзінің қажеттіліктері және
қызығушылықтарымен, оның қандай да бір қызметте өзін өзі іске асыру
тілегімен айқындалған.
Тәжірибелік тапсырмалар.
1-тапсырма
Өз әлемін құру. Адамның белгілі әрекет саласындағы секторды
толтыру қажет: а) адам – табиғат; б) адам – адам; в) адам – техника; г)
24
адам – белгілеу жүйесі; д) адам – көркемөнер образы. Әр қатысушы
мамандықтар әлемін жасауға қатысуы керек.
2-тапсырма.
«Жасалған әлем» бөлімдерге бөліну. Әр командаға өз заңдары
бойынша істейтін әлемнің бір бөлшегі тиеді (өзінің кішкентай әлемін
таныстыру үшін дайындалуға уақыт беріледі). Тапсырманы орындау
уақыты: 20-25 минут.
Тапсырмаларды жазыңыздар:
Құрылған әлемнің тиген
бөлшегін суреттеңіз:
барлық
суреттерге
қажетті
атаулар беру;
сипаттық ерекшеліктерін
белгілеу;
бар
болса,
қандай
мемлкеттік құрылым екенін
көрсету;
импорт және экспорт
тауарлары;
барынша сұранысқа ие
мамандықтар;
мәдени дәстүрлер (әнұран, ту, аңыздар, ертегілер, мемлекетке
кіру үшін шет ел азаматының білуі және меңгеруі керек ережелер).
3-тапсырма. «Қолтырауын».
Әрбір команда адамның кез келген қызмет саласындағы қандай
да бір кәсіпті ойлайды. Әр командадан мимика және ымның көмегімен
сол кәсіпті көрсететін қатысушы шығады. Осыған сәйкес басқа
командалар кәсіп иесін анықтайды (әрекетте 2-3 кәсіп көрсетілгені
дұрыс, кішкене сахна көрсетілімі қажет). Дайындалу уақыты: 2-3 мин.
Кәсіби өзін өзі анықтау үдерісі шығармашылық, қоғамдық,
тұлғалық және адамның белгілі әрекетін кеңейту және тереңдетуге
байланысты.
4-тапсырма.
Әрбір команда қазір жалғастыру керек болатындай бірдей сөз
тіркестерін алады. Бұл жаттығудың мақсаты: бұл түсініктердің оңтайлы
анықтамасын табу. Жалғастырыңыз:
1. Кәсіби ағартушылық – ол…
2. Кәсіби диагностика – ол…
3. Кәсіби кеңес беру – ол… (мысал)
4. Кәсіби іріктеу (таңдау) – ол…
5. Кәсіби тәрбие – ол…
6. Кәсіби бейімдеу – ол…
Жауаптар: