Сабақтың тақырыбы: Бөкей ордасының құрылуы. Сабақтың мақсаты



жүктеу 52,21 Kb.
Дата08.03.2018
өлшемі52,21 Kb.
#11867
түріСабақ

Сабақ жоспары

Пән оқытушысы: Н.Т.Бегалиева

Пән аты: Қазақстан тарихы

Өтілетін күні:

Оқу тобы:

Сабақтың тақырыбы: Бөкей ордасының құрылуы.

Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: Шаруалар көтерілісінің негізгі себептері мен қозғаушы күші, көтерілістің барысы, жеңілуі, тарихи маңызы және көтеріліске басшылық жасаған батырлармен танысу.

б) Дамытушылық: Тарихи фактілерді саралай білу, шығармашылықпен жұмыс істеу, ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәдениеттерін дамыту.

в) Тәрбиелік: Мәдени, адамгершілік тәрбие бере отырып, басқа көзқрастады сайлауға, өз білімі мен жолдастарының біліміне сынкөзбен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: лекция

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру.

Сабақтың техналогиясы: ДОТ

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ жауап, жеке жұмыс, топпен жұмыс, венн диаграммасы, пікір-сайыс.

Сабақтың көрнекілік: оқулық, карта, көтерілістің кезеңдері жазылған плакат, М.Өтемісұлы мен И. Тайманұлы, Жәңгір ханның портреттері.

Пәнаралық байлапныс: тарих, география.
Пайдаланатын оқулық: 1. М. Б. Мухаметов, Б. Сарымбетұлы «Қазақстан тарихы»

Алматы 2007ж. 120-122 бет.

2. Мусин Чапай « Қазақстан тарихы» Алматы 2008ж.

200-204 бет.


Сабақтың құрылымы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

3. Жаңа сабақ түсіндіру.

4. Жаңа сабақты бекіту.

5. Кері байланыс.

6. Бағалау.

7. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

I .Ұйымдастыру кезеңі :

- Оқушылармен амандасып, журналға белгі соғу.

- Сынып тазалығына мән беру(тексеру).

- Оқушылар назарын сабаққа аудару.



II .Үй тапсырмасын тексеру.

1. Өзіндік жұмыс : Сырым Датұлының өмірбаяны мен тарихына жазылған реферат тексеру.

2. Жазбаша жұмыс: Мусин Чапайдың оқулығынан «Қазақстанның Ресейге қосылу

Кезіндегі ұлт-азаттық күрес» конспектіні тексеру, мазмұнын сұрау.



3. Іздену жұмысы : Тақырып бойынша жаңа сөздерді сұрау.


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Тақырыбы: «Бөкей ордасының құрылуы.»

Жоспары: 1. Бөкей ордасының құрылуы.

2. Ішкі (Бөкей) ордасындағы шаруалар көтерілісі.


  1. 1801 жылы Ресей патшасы І Павелдің жарлығы бойынша Еділ мен Жайық өзендерінің төменгі аралындағы Ішкі Орда құрылды. Орданың алғашқы ханы Бөкейдің атымен ол кейіннен Бөкей хандығы деп аталды. Алғашқы кезде бұл аймаққа 5мың шаңырақ көшіп келді. Бұдан кейінгі жылдарда хандықтың халқы Жайық сыртынан көшіп келушілердің есебінен көбейіп, ол 1828 жылы Орынбор шекаралық комиссияның есебі бойынша 10235 үі, 1845 жылы 30 мыңнан астам үй болған. Бастапқыда жер мәселесін шешу үшін құрылған Ішкі орда хандығында жер дағдарысы бұрынғыдан шиеленісе түсті. Жер мен мал жайылымдары дұрыс бөлінбеді, мұндағы жер мәселесінің күрделілігі Кіші жүздегідей де кем болған жоқ.


Патша үкіметінің отарлау саясаты.

Көтерілістің себептері.

Қалыптасқан жер иеленудің бұзылуы.

Салық мәселелерінің көбеюі.

Феодалдардың озбырлығы.

Отарлау саясатының тереңдеуі, Кіші жүзбен Орта Жүздегі хандық биліктің жойылуы, жер дағдарысының күшеюі, салықтың көбнюі, жерді әртүрлі сылтаумен кесіп алу және тыйым салу Бөкей Ордасындағы қазақ шаруаларының көтерілісінің басталуына негізгі себеп болды. Көтерілісті беріш руының старшындары Исатай батыр мен ақын Махамбет Өтемісұлы басқарды. 1836 жылы ақпанда Бөкей Ордасындағы қазақ шаруаларының көтерілісі бастарды. Көтерілісбасшысы Исатайды бұқараны басқару тәжірибесі, батырлық пен өжеттілік және әскери басшылық қасиеттер бұрыннан да бар еді. Исатай ауылдарды аралап қазақтар мен Жәңгір хан туыстарының жерлерін тартып алуға шақырды. Осындай жағдайда Исатай хан Ордасына шақырылды, бірақ ол оған барудан бас тартып көтерісшілер отрядын жинақтады.



IV. Жаңа сабақты бекіту.

Карточкамен жұмыс. Оқушыларға көтерілістің негізгі кезеңдері жазылған карточкалар беріледі. Тірек сызба мен оқулықты пайдалана отырып оқиғаларды карточкадағы әр кезеңге бөліп жазу тапсырылады.


Көтерілітің басталу кезеңі.

Көтерілістің шешуші кезеңі.

Көтерілістің аяқталу кезеңі.

Топпен жұмыс. Венн диограммасын толықтыру. Оқушылар 3 топқа бөлініп әр топқа Венн диограммасын толтыру тапсырылады.



1783 – 1797 жылдардағы С.датұлы бастаған көтерілістің ерекшеліктері.

Көтерілістің ортақ белгілері.

1837 – 1838 жылдардағы Ішкі Ордадағы шаруалар көерілісінің ерекшеліктері.

V. Кері байланыс.

Көтеріліс кезеңдері бойынша викториналық сұрақтар. Көтерілістің негізгі себептері қандай. Махамбер Өтемісұлы қай жылдары өмір сүрді? Көтерілістің себептері қандай? Махамбеттің қай өлеңін көтерілістің бағдарламасы деп айтуға болады? Көтерілістің тарихи маңызы неде? т.б.



Көтерістің себептері

Қозғаушы күші

Барысы (негізгі оқиғалар)

Жеңілу себептері

Тарихи мағызы.


















VI. Бағалау. Үй тапсырмасын орындаған, өзіндік жұмыс жасап, белсенді араласып отырған, берген тапсырмалар мен қамтылған сұрақтарға жауап берген оқушылар берген жауаптарына қарай бағаланады.

VII. Үйге тапсырма беру.

1. Ішкі Ордадағы шаруалар көтерілісі туралы тарихи зерттеулер. Бұл кезеңде оқушылар мұғалімнің алдын – ала берген әдебиеттер тізімі бойынша зерттеулердің негізгі мазмұны туралы айтады. Г. Сербариневтың «Исатай Тайманов» атты тарихи очеркі: Халел Досмұхамедұлы шығармаларындағы көтерілісіне сипаттама: А.Ф. Рязановтың «40 лет борьбы за независимостьказахского народа», «Восстание Исатая Тайманова» монографиялары; С. Асфендияровтың «Қазақстанның өткендегі тарихы жайындағы деректер мен материалдар» еңбегі: Исатай Махамбет көтерілісі әдебиет саласының зерттеулері м. Әуезов, І. Жансүгіров еңбектерінде.

2. Махамбеттің түр – тұлғасы. Қазақ ғалымы НоғалыШаяхметовтың еңбегіне сүйене отырып м. Өтемісұлының портіретіне сипаттама беру.

Қазақстан мемлекеттік телеарнас жариялаған жүлденің жеңімпазы Әбубәкір Қайрамның «Қоржындағы бас» өлеңі оқылады.

3.Махамбет өлеңдері және көтеріліс. Махамбет өлеңдері көтерілістің Себептері мен мақсаттарын көрсететін азаттық жолындағы күрестің жаршысы екендігін оқушылар айтады.

4. Пікірсайыс. Оқушылар екі топқа бөлінеді, жақтау не даттау тобы жеребе арқылы анықталады.



Пікірсайыстың тақырыбы: «Жәңгір хан» патшасының сойылын соғып, қара басын ойлаған қанаушы – феодал ма, әлде халқының қамын ойлағані елі үшін еңбек еткен халқының ұлы, мақтанышы ма?
жүктеу 52,21 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау