Кәсіпорын мамандарының жұмыс орындарында практикадан өту кезінде практикадан өтуші міндетті:
кәсіпорынның ұйымдастыру-құқықтық нысанын және оның мәртебесін, кәсіпорынның жарғысын, оның қызметінің негізгі бағыттарын, жарғы қорын қалыптастыру тәртібін зерделеуге;
кәсіпорынның, оның бөліністерінің ұйымдастырушылық құрылымын, сондай-ақ кәсіпорында басқару құрылымын зерделеуге;
субъекті қызметінің құқықтық негіздері – оның бөліністерінің құқығы мен міндеттерін, сондай-ақ кәсіпорынның құрылымдық бөліністері қызметінің үйлестіру жүйесін зерделеуге;
кәсіпорын қаржысын басқаруды реттейтін нормативтік-заңнамалық актілерді жете зерделеуге;
кәсіпорынның құрылымдарын есепке ала отырып, практикадан өтудің күтізбелік жоспарына сәйкес кәсіпорынның әр бөлімінде практикадан өтуге;
өзіндік тәжірибелік жұмыс дағдыларын қалыптастырып, субъектінің барлық учаскелерде жұмыс істеуінің экономикалық әдістерін игеру.
Маркетинг бөлімінде студент-практикадан өтуші мыналарды зерделеуі қажет:
баға қалыптасу үрдісін және кәсіпорында қабылданған баға қалыптасу әдістерін;
сұраным пен ұсынымдарды бағалау әдісін;
клиенттерді тарту үшін сатуда шегерімдер беру және басқа да жеңілдіктер тәртібін;
жарнамалық-ақпараттық қызметті;
дайын өнімді есептеу және оны сату тәртібін.
Кәсіпорын бухгалтериясында практикадан өткенде практикант:
кәсіпорында қабылданған есеп саясаты және кәсіпорын қызметінің ерекше қасиетіне және басқа да себептеріне қарай (өтелім аудару әдістемесі, өндіріске кеткен шығынды есептеу әдісі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау, материалдық құндылықтарды, атап айтқанда өндірістік қорды бағалау әдісі) оның ерекшеліктерімен танысуы;
бухгалтерия құрылымымен (қаржы және басқару бухгалтериясына бөліну) танысуы;
кәсіпорынның қаржылық есеп берушілігін құру тәртібі және техникасы – активтер және олардың қалыптасу көздерінің құрылымымен, кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесін қалыптастыру тәртібімен (кіріс пен шығыстарды өлшеу), балансты қаржылық есеп берушіліктің басқа нысандарымен байланыстыруды зерделеуі;
субъектінің қаржылық есеп берушілігін, ақшалай қаражат айналымын (ақшалай қаражат қозғалысы туралы есеп негізінде) бағалаудың негізгі критерийлерін игеруі;
кәсіпорынның қаржылық есеп берушілігін пайдаланушылармен танысуы;
субъекті табысын бөлу тәртібімен және әдістерімен танысуы тиіс.
Кәсіпорынның қаржы-экономикалық бөлімінде студент кәсіпорыннның қаржыны ұстауы және оларды басқарудың негізгі принциптері мен элементтері туралы толық және анық түсінік алуы керек, атап айтқанда:
кәсіпорындағы қаржылық жоспарлау принциптері мен кезеңдерін зерделеу: шаруашылық (коммерциялық) есебі;
қаржылық қатынастардың құқықтық қамтамасыз етілуін зерделеу: реттеу әдістері және нормативтік, құқықтық актілері;
кәсіпорынның қаржылық жоспарын немесе негізгі бюджетін құрастыру және қамтамасыз ету тәртібі;
кәсіпорынның қаржы-шаруашылық бағалары, оның ақшалай қаражат ағымы негізінде кәсіпорынның қаржылық стратегиясының негізгі бағыттары мен әдістемелерін зерттеу;
кәсіпорын бюджетін құру, оның сыртқы қаржыландыруда дамуы мен шығынын, қажеттілігін болжау және болашағын бағалау үшін қаржылық көрсеткіштерді (пайдалылығық, беріктіктің қаржылық қоры, қаржылық және өндірістік иінтірек) есептеу әдістемесімен тәжірибеде танысу және игеру;
субъектінің инвестициялық саясатымен және инвестициялық шешім қабылдау критерийлерімен; инвестициялық жобаларды таңдаудың негізгі әдістерімен; құнды қағаздарды сатып алумен, сақтаумен және сатумен қаржылық тәуекелдікті бағалау әдістерімен танысу;
кәсіпорындағы қаржылық бақылаудың негізгі әдістерін, түрлерін және нысандарын игеру;
кәсіпорындағы қаржылық және кассалық жоспарларды орындауды қаржылық бақылауды қамтамасыз ету тәртібін зерделеу.
Кәсіпорынның қаржылық бөлімінде тәжірибеден өткенде студент қаржымен басқару саласы туралы анық мәлімет алуы керек және негізделген, таразыланған шешім қабылдауға тәжірибелік дағдылануы керек.
Есепте зерделенген материалдың жоғарыда санамаланған деректері көрсетіледі, есеп айырысулар мен талдаулар жасалады, сонымен қатар сәйкес құжаттар қоса беріледі.
Қазыналық органдар мамандарының жұмыс орындарында практикадан өту кезінде практикадан өтуші мыналарды зерделеуге және талдауға міндетті:
қазынашылық орган жүйесін, олардың міндеттері мен қызметін;
қазынашылық органдардың аумақтық құрылымдары, олардың сипаттамасын және бөлімдердің қызметтік сипаттамасын;
республикалық және жергілікті бюджеттердің (қазынашылық органдармен жергілікті және бөліп тұратын салықтарын түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында бөлінуін талдау; республикалық және жергілікті бюджетке кіріс түсімін талдау) кіріс бөліктерін орындау бойынша қазынашылық органдардың жұмыс істеу механизмі;
бюджеттердің шығыс бөлігін атқару бойынша қазынашылық органдардың жұмыс істеу механизмі;
қазынашылық органдардың бақылау қызметі (мемлекеттік бюджет қаражаттарының мақсатты жұмсалуын бақылау);
республикалық және жергілікті бюджет шығыстары мен кірістері туралы есеп және есеп жүргізу жүйесі;
қаржылық және қазынашылық аумақтық органдар есеп жүргізуіндегі айырмашылықтарды салыстыру және келісу түрлері.
Бюджет шығыстары мен кірістеріне есеп жүргізу бойынша операцияларды жүргізуді автоматтандыру.
Достарыңызбен бөлісу: |