Электрондық ОҚулық негізінде ағылшын тілі сабағын өткізуге болашақ МҰҒалімдерді оқыту



жүктеу 342,67 Kb.
Pdf просмотр
бет5/11
Дата13.05.2018
өлшемі342,67 Kb.
#12212
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ұғымын  анықтау  қажет  болды.  Осы  орайда    сабақ  туралы  негізінен 

мынадай анықтамалар тұжырымдалды: 

-  ғалым 

И.Н.Казанцев 

"Кеңес 

мектептеріндегі 



сабақ" 

атты 


монографиясында оқушылардың іс-әрекетін  ұйымдастырудың жеке және 

ұжымдық  тәсілдеріне,  педагогтің  жетекшілік  рөліне  көңіл  аудару 

керектігін, сонымен бірге сабақ кұрылымын окытудың мазмұны мен оқыту 

әдістерімен ұштастыруды ұсынады; 

-  ғалым 

С.В.Иванов 

"Сабақ 

құрылымының 



типтері" 

атты 


монографиясында сабақ түріне былайша сипаттама береді: «Сабактың түрі 

оның әр түрлі элементтерін бір күрделі де келісімді әрекеттер кешеніне 

үйлесімді      ұйымдастырумен      анықталады,   ал      сабақтың      құрылымы-

оның  жекелеген  элементтерін  белгілі  бір  уақыт  ішінде  нақты 

орналастыру  және  әрқилы  дидактикалық  кұралдарды  пайдалану 

техникасы болып табылады»; 

-  әдіскер    ғалым    А.Қ.Артықбаева  "Сабақ-мектептегі  оқу-тәрбие 

жұмысының  негізгі  формасы.  Өйткені,  мұғалім  сабақта  оқушыларға 

білім  береді,  оларды  тәрбиелейді  және  жан-жақты  дамытады.    

Сондықтан  шеберлікпен  ұйымдастырылған  сабақ  көп  табыстарға 

жеткізеді"-  деп,  шетел  тілі  сабағын  ұйымдастыруда  және  өткізуде 

мынадай негізгі ерекшеліктерді ескеру керектігін көрсетеді: 

1. Әрбір  сабактың  мақсаты  шетел  тілін  оқытудағы  негізгі  мақсатқа 

сай бағытталуы   керек.   Ондай   мақсат-шетел  тілін   іс   жүзінде   меңгеру,   

оны тіларалық қатынас ретінде пайдалану. 

2. Жоғарыдагы          мақсатты          білім          беру,     дамыту          және    

тәрбиелеу мақсаттарымен бірге іске асыру. 

Сабак құрылымы мәселесі түрліше шешілді, сабақтың құрылымдық 

негізі:  оқытудың  мазмұны,  оқыту  әдістері,  окыту  үрдісіндегі  негізгі 

кезеңдер  дидактикалық  мақсаттарга  байланысты  болды.  Педагогикада 

бұл  проблеманың  монографиялық  талдануы  З.И.Васильева  мен  Г.К. 

Нұргалиеваның "Педагогикадагы логикалық-кұрылымдық бағыт" атты оқу 

құралында көрініс тапты. 

Бұл  жағдайда  сабақ  түрін  анықтаудағы  басты  проблема  сабақтын 

құрылымдық  элементтерін  кезеңдерге  бөлу  және  орналастыра  білу. 

Сабақтын кұрылымы жекелеген сабақ элементтерінін карапайым реттілігі 

ғана емес, мұғалім мен оқушылардың оқу үрдісі қисынына сай жұмыс істеу 

тәртібі  болғандықтан,  бұл  мәселенің  сабақты  жетілдіру  жолдарын 

іздестіруде  маңызды  орын  алатындығы  белгілі.  Мұндағы  басты  мақсат- 

сабақ  құрылымының  түрі  мен  орындалар  жұмыс  мәнінің  бірлігіне  қол 

жеткізу. 

Ғалымдар  Г.В.Рогова,  И.Л.Бим  сабақтың  құрылымы-басталуы 

(таныстыру),  негізгі  бөлігі,  алдын-ала  жаттығу  және  оларды  тәжірибеде 

қолдану,  сабактың  аяқталуы  кезеңдерінен  тұратынын,  олардын 

әрқайсысының 

өздеріне 

тән 

пәннің 


ерекшелігін 

айқындайтын 

функцияларын  талдай  келе,  оның  құрылымының  іс-әрекеттік  бірлігі-

жаттығулар сериясынан тұратынын көрсетіп, сабақты әр қырынан толық 




көрсетуге тырысты. 

Сабақ  құрылымының  дәстүрлі  талдауын  пайдалана  отырып,  оны 

кұрудын  ерекшеліктерін  табу  мүмкін  болмағандықтан,  бұл  мәселені 

шешудің жаңаша көзқарастары ұсынылады, өйткені дәстүрлі оқыту казіргі 

уақыттың жаңаша талабының ерекшеліктеріне толық сәйкес келе бермейді. 

Тілді  екінші  тіл  ретінде  оқыту  мен  үйретудің  әр  жылдары  түрлі 

әдістемелік  ағымдары  көп  қолданылды  және  өріс  алды.  Соның  ішінде 

грамматикалық-аударма, қарым-қатынас әдістемесі, есту-тілдесу, табиғи, 

тура  әдістемелері,  Сократ  әдістемесі,  таңдаушы  әдістемесі,  жеделдетіп 

үйрету, "интенсивті  оқыту" ("жедел  оқыту")  белсенділікті  арттыру, 

драматизация,  оқытуға  коммуникативтік-іс  қимылдық  тұрғыдан  келу 

әдістемелерінде  тіл  қарым-қатынас  құралы  ретінде  әрбір  сабақта  алған 

білімді  күнделікті  коммуникативтік  қызметте  пайдалануға  бағытталған, 

яғни тіл үйренушінің күнделікті қарым-қатынаста, сөйлеу жағдаятында 

(ситуацияда)  қолданатын  лексикалық-грамматикалық  минимумына,  оның 

негізінде сөйлеу, оқу және жазу арқылы іске асыру мәселелеріне баса назар 

аударылады. 

Қазақстанда  қазір  интенсивті  оқыту  мемлекеттік  және  мемлекеттік 

емес  ұйымдарда,  ересектерге  арналған  формада,  кейбір  оқытушылардың 

өз калауымен, өз әдістемесімен жургізіліп жүр. Қазақстанның білім беру 

жүйесінде  интенсивті  оқыту  білім  беру  жуйесіне  міндетті  түрде  енетін 

шетел  тілін  оқытудың  бір  формасы  ретінде  мемлекеттік  стандартқа 

енгізілмеген.  Шын  мәнінде,  егер  дұрыс  әдістемесі  анықталып, 

оқулыктар  мен  аудиовизуалды  құралдармен  жабдықталған  болса, 

интенсивті оқыту тілді үйретуде жақсы нәтиже беретін әдістердің бірі. 

Жаңаша  жаңғырту  әдістемесінің (инновация) негізінде үйренушінің 

дербес  қабілеті  белсенділігін  қалыптастыру,  окыту  материалдарын  өзінше 

пайдалану аркылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады. 

Жаңаша  белсенділігін  жандандыру  әдістемесі  (интерактивтік) 

студенттерге  өзін-өзі  ыңғайлы  сезінетін  жағдайды  қалыптастырып, 

олардың  окуға  деген  қызығушылығын,  шетел  тілін  өз  қажеттілігі  үшін 

практикалық  тұрғыдан  қолдануға  деген  ынтасын  оятып,  тілді  оқып 

үйренуге  деген  талабын  арттырады  және  де  сабактың  нәтижесін 

жоғарылатады.  Интерактивтік  тәсіл  шетел  тілі  сабағындағы  субъект 

болып  табылатын  студенттің  жеке  тұлғасының  сезімін,  түйсігін  шынайы 

қажеттілігімен  сәйкестендіріп,  оның  тілдік,  танымдық,  шығармашылық 

қабілетін  оятумен,  шетел  тілі  сабағын  тілді  қарым-қатынас  құралы 

ретінде  қолданылуын  көздейді,  тілді  аутенттік  контексте  колданылуын 

қамтамасыз ететіндігімен сипатталады. 

Міне,  біз  осы  сияқты  тілді  шетел  тілі  ретінде  окытудың  көптеген 

әдістемелік  ағымдарын  және  олардың  тиімділігін  қарастырдық. 

Сондықтан да бүгінгі заман талабы дербес (индивид) білім алу (баска тілді 

үйрену)  жүйесінің  өркендеуімен  байланысты  (өзіндік  жеке  дара,  өз 

бетімен  білім  алуы  және  үйренуі,  танымдық  қызығушылығынын  әр  түрлі 

салалы  болуы)  мәселелерді  шешу  жолындағы  бағыттар  дәстүрлі  оқыту 



жүктеу 342,67 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау