- оқушылардың шетел тілдерін оқып-үйренуінің
аттестациялық талаптарын негіздеу [И.Л.Бим, Н.Д.Гальскова, Т.Е.Сахарова
және т. б.);
- сөйлеу жүйесін дамыту [Р.Д.Брехт, Д.Е.Дивидсон, Р.В.Гинсберг,
И.Н.Верещагина, И.В.Рахманов, Б.А.Бенедиктов және т.б.];
- оқытудың бағдарламалық негіздерін дамыту [И.Я.Пассов,
Л.И.Бим және т.б.];
- шетел тілдері сабақтарының әдістемелік талдауларын студенттерге
оқытуда оқу теледидары мен техникалық кұралдарды қолданудың әдіс -
тәсілін жасау [Л.А.Желтоватых, В.А.Поляков, А.Е.Карецкш және т.б.].
Шетел тілдерін оқыту әдісі мен теориясынын маңызды бағыттарынын
бірі - сабақ проблемасын шешудің негізі-оқытуды ұйымдастыру формасы
болып табылады. Бұл мәселенің негізіне тарихи тұрғыдан қарағанда, осы
саладағы қазіргі зерттеушілерді атап өтуге болады:
- шетел тілдері сабағы құрылымының әдістемесі [Л.З.Якушина,
О.Герменау, Г.Пальмер, Р.Ладо, Н.В.Елухина және т.б.];
- шетел
тілі
сабақтарын
кұру
әдістемесі
[Л.З.Якушина,
П.Я.Гальперин, А. И.Томсон, К.Флагстад];
- дыбыс жазбасын және техникалық құралдарды пайдаланудың
әдістемесі [М.В.Ляховицкий, И.М.Кошман];
- шетел тілдері сабақтарын типтік ерекшеліктері негізінде сабақ
типіне орай жоспарлаудың әдістемесі [Я.М.Колкер, Е.С.Устинова,
Т.М.Еналиева];
- шет елдерде шетел тілдерін оқыту әдістемесі [Д.Б.Кэрролл,
Б.А. Лапидус, Д.Обрехт, Д.Одлер, Е.Г.Полупанова және т.б.].
Сонымен бірге әдістеме ғылымын оқытудын болашағы мен дамуын
және онын бағдарламасын белгілеудің, бүкіл әлемдегі және
Қазақстандағы
оқытуды
акпараттандыру
үрдісінің
қазіргі
ақпараттандыру коммуникациялық практикасын енгізудің негізі жасалып
отыр. Соңғы кезде білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес, оқу
урдісінде электронды ақпараттық құралдардың пайдаланылуы және
бұған қоса отандық бағдарламалық құралдардың шетелдік үлгіде тиімді
қолданылуы біздің елімізде жалпы жұртшылықтың қызығушылығын
арттыруда.
Ғылыми әдістемелік мәселелер - бұл міндетті шешудің ақпараттық
білім берудегі маңызын, екіншіден, оқыту сипатының электрондық
өнімдерін жасаудың магниттік негізде орындалуын камтамасыз ету,
үшіншіден, болашақ мұғалімдерді осы мәселені білім беру үрдісінде
қолдануға даярлау. Аталмыш мәселе Қазақстан Республикасының
педагогика ғылымында бірнеше бағытта ғылыми мектептердің негізінде
зерттеліп келеді [С.С.Құнанбаева, Е.У.Медеуов, Б.К.Момынбаев,
Г.К.Нұргалиева Б.Б.Баймұқанов. Е.Ы.Бидайбеков, Ж.А.Қараев, Г.З.Қазиев
және т.б.].
Оқыту ұрдісінде де бұл мәселе оқу құралын әртұрлі бағдарламалау
негізінде жүзеге асырылуда. Олардың ішінде жиі қолданылып, тәжірибеде
мәні зор нәтижелерге ие болып жүргендері мыналар:
- электронды білім беру бағдарламалары: дәстүрлі көркем
мәдениетін қалыптастыру [М.Х.Балтабаев], жеке тұлғаны кәсіби-
экономикалық бағдарлау [А.К.Ахметов, А.Х.Нақпаева];
- дидактикалық қағидалар негізінде оқу үрдісін автоматтандырудың
технологиялық үлгісін жасау [А.І.Тәжіғұлова, Г.Б.Ахметова].
Шетел тілдерін оқытудың әдістемелік-теориялық саласында
С.С.Құнанбаеваның ғылыми жетекшілігімен төмендегідей арнаулы
зерттеулер жұргізілді:
- электронды оқулықтар негізінде ақпараттандырудың әдістемелі
даярлығын жасау [Д.Е.Сагымбаева];
- электронды оқулықтар негізінде елтану жүйелілігін калыптастыру
[Ж.Ә.Тұселбаева].
Біздің зерттеулеріміз электрондық оқулықтарды кең және жүйелі
түрде пайдаланудың негізгі бағыттарын логикалық жағынан жетілдіру
болып табылады. Біздің басты мәселеміз «Ағылшын тілі сабағы»
электрондық курсы бойынша «Шетел тілдерін оқытудың әдістемесі»
негізінде жалпы білім беретін мектептердегі ағылшын тілі сабағында
электрондық оқулықтарды пайдалану мәселелерін шешу және оның
стандарттық үлгісін жасау.
А.А.Абдуқадырова, Г.К.Бегаришева, М.М.Буняева, Е.Е.Дурноглазова,
В.А.Матросова, Н.К.Солопова, Б.К.Төлбасова сынды ғалымдардың
жұмыстары кәсіптік білім беруде компьютерлерді пайдалану және оған
мамандандырылған кызметкер даярлауға арналған. Демек, олардың
зерттеулері компьютерлік сауаттылыққа және алгоритмдік бағдарламалық
негіздегі жүйелілікпен танысуға бағытталған. Бұл зерттеулердің
нәтижелерінің
құндылылығы
өз
алдына,
бұлар
электрондық
окулықтардын оқу үрдісінде пайдаланылуын қалыптастыруды қамтамасыз
етіп отыр.
Ағылшын тіліндегі электрондық оқулықтар, әсіресе соңғы екі жылда
ауқымды пайдаланылып келеді [Э.Давыдова, И.Игнатова және т.б.].
Қазакстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің № 161
және 488 бұйрығымен 1 орыс және казақ сыныптарында С.С.Құнанбаева
мен М.Қ.Нұржанованың «Ағылшын тілі» электрондық оқулығын
қолдану ұйғарылды. Бұл электрондық оқулықты қазірдін өзінде Алматы,
Ақтау қалаларының мектептерімен қатар, Батыс Қазақстан, Атырау,
Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Қызылорда, Жамбыл облыстарының
мектептерінде пайдалануда.
Электрондық оқулықты мектеп практикасында жан-жақты пайдалану
мәселелерін карастыра отырып, біз электрондық оқулықтардың ағылшын
тілі сабағында қолданылуын арнайы зерттедік. Мұны Алматы каласының
мұғалімдерінін
тәжірибесін
анкеттеу
толық
дәлелдеп
берді.
Мұғалімдердін 82 пайызы электрондық оқулықтарды пайдаланудың
арнаулы әдістемелік даярлығын жүргізудің кажеттігін атап көрсетті.
Олардың көпшілігі электрондық оқулықтарды сабақта пайдаланудың,