Электрондық ОҚулық негізінде ағылшын тілі сабағын өткізуге болашақ МҰҒалімдерді оқыту



жүктеу 342,67 Kb.
Pdf просмотр
бет4/11
Дата13.05.2018
өлшемі342,67 Kb.
#12212
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

бағытталады. 

2. 


Сабақта  электрондық  оқулықтарды  пайдалануға  болашақ 

ағылшын  тілі  мұғалімдерін  ін  әдістемелік  білімдері  мен  іскерліктерінің 

критерийлері  мен  көрсеткіштері-электрондық  курстың  мазмұнын 

кұрастыру  және    шетел  тілін  оқыту  әдістемесін  үйрету  процесінің 

әдістемелік мақсаты мен міндеттерінін жиынтығы болып табылады. 

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі. Зерттеу жұмысы 

автордың  теориялық  ұстанымдарының  әдіснамалық  дәлелділігінен; 

зерттеудің  ғылыми  аппаратының  жүйелі  кұрылуымен;  зерттеу  әдістерінің 

кешенді  қолданылуымен,  зерттеудің  бірегей  міндеттерімен,  эксперимент 

мәліметтерінің тиянақты талдануымен қамтамасыз етіледі. 

Зерттеу  нәтижелерін  сынақтан  өткізу  және  ендіру.  Жұмыстың 

мазмұнын 

кұрайтын 

негізгі 


нәтижелері 

және 


қорытындылары 

халықаралық  ғылыми-практикалық  конференцияларда,  шетел  тілі 

кафедрасынын  отырыстарында  ғылыми  баяндама  ретінде  тыңдалды, 

арнайы басылымдарда, оқу-әдістемелік құралдарда көрініс тапты. 



Жарық  көрген  ғылыми  еңбектер:  Диссертацияның  тақырыбы 

бойынша  орталық  ғылыми  басылымдар  мен  ғылыми  жинақтарда 

басылымнан шыққан еңбектер саны - 9. 

Диссертацняның құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш 

бөлімнен,  қорытындылар  мен  пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі  және 

қосымшалардан тұрады. 

Кіріспеде  зерттеудің  көкейкестілігі  негізделіп,  мақсаты  мен 

міндеттері, зерттеудің объектісі мен пәні, болжамы, әдіснамалық негіздері, 

әдістері  мен  негізгі  кезеңдері  беріліп,  теориялық  және  практикалық 

маңыздылығы, ғылыми жаңалығы анықталады және қорғауға ұсынылатын 

тұжырымдар мен қағидалар айкындалып, зерттеу барысында қолданылған 

әдіс-тәсілдер сипатталады. 



Бірінші  бөлім  "Педагогика  ғылымы  мен  практикасында  сабақ 

теориясын  дамыту"  деп  аталады.  Мұнда  сабақ  беру  әдісін  жетілдіруге 

қатысты  тарихи-педагогикалык  зерттеулер  талданады;  шетел  тілдерін 

окыту теориясы мен әдістемесінің негізгі ұйымдастыру формасы ретінде 

сабақты жетілдіру жолдары қарастырылады. 

Екінші  "Шетел  тілін  оқыту  әдістемесі  оқу  курсының  сабақ  бөлімі 

бойынша  мазмұнын  сұрыптау"  деп  аталатын  бөлімде  сабақ  теориясы 

негізінде  электрондық  оқулықтың  мазмұны  және  студенттердің  сабақ 

типтері  мен  түрлерше  байланысты  сабақты  ұйымдастыру  білімдері  мен 

қабілетін  меңгеруге  бағытталған  электрондық  окытудың  жолдары 

сипатталады;  электрондық  оқулық  негіздерін  меңгеруге  бағытталған 

интерактивтік  тапсырмалар  беріледі,  студенттердің  әдістемелік  білімдері 

тексеріледі. 

"Болашақ  ағылшын  тілі  мұғалімдерінің  электрондық  оқулықтарды 

қолдануға әдістемелік даярлығының қалыптасуына электрондық курстын 

әсері"  атты  үшінші  бөлімде  электрондық  оқулық  негізінде  ағылшын  тілі 

сабағын  өткізуге  болашақ  мұғалімдерді  оқыту  әдістемесі  жайлы 




баяндалады,  педагогикалық  эксперимент  нәтижелері  көрсеткен  болашақ 

ағылшын  тілі  мұғалімдерінің  әдістемелік  даярлығынын  критерийлері  мен 

көрсеткіштерінің динамикасы туралы баяндалады 

Қорытындыда 

зерттеу 


барысында 

алынған 


жұмыстардың 

қорытындысы  бойынша  тұжырымдар  мен  нәтижелері  берілген;  олардың 

ғылыми жаңалығы мен дәлелділігі көрсетіледі. 

Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімінде  зерттеу  барысында  талданған 

философиялық,  психологиялық,  педагогикалық,  лингвистикалық, 

әдістемелік және арнайы әдебиеттер берілген. 

Қосымшада  зерттеу  барысында  пайдаланылған  оқу  материалдар 

жиынтығы беріледі. 




Негізгі бөлім 

Қазіргі  кезеңде  жалпыға  білім  беру  барысында  ақпараттық-

коммуникациялық  технологияларды  тиімді  пайдалануға  негізделген 

ақпараттандыру  жағдайында  педагогика  ғылымы  өкілдері  мен  жалпы 

педагогтар  қауымын  «Сабақ  проблемасы - сабақ  мектептегі  білім  беру 

түрдісін  ұйымдастырудың  негізгі  формасы  болып  қала  бере  ме;  дәрісте 

электрондық  оқулықтарды  пайдалану  арқылы  сабақты  калай  өткізуге 

болады;  сабақта  электрондық  оқулықтарды  пайдалану  барысында  мұғалім 

қандай  міндеттерді  шешуі  қажет?» - деген  тәрізді  күрделі  де  көкейкесті 

мәселелер толғандырып келеді.

 

Зерттеу  жұмысындағы  біздің  алға  қойған  мақсатымыз-"Шетел 



тілдерін  оқытудың  əдістемесі"  пəні  бойынша  сабақ  теориясын  үйрену 

жағдайында  болашақ  ағылшын  тілі  мұғалімдерінің  мектепте  электрондық 

оқулықтарды пайдалану арқылы сабақ өткізу əдістемесін ғылыми тұрғыда 

негіздеу,  шетел  тілін  оқытудың  жаңа  жүйесін  -

 

окыту  үрдісін  ақпараттық 



технологиялармен  қамтамасыз  етудегі  электрондық  оқулыктарды 

пайдалануда  болашақ  ағылшын  тілі  мұғалімдерін  олармен  жұмыс  істеуге 

баулу,  білім  алудың  әр  түрлі  дерек  көздерін  пайдалану  арқылы 

педагогикалық-әдістемелік 

тұрғыдан 

даярлау 


болып 

табылады. 

Электрондық окулықтарды пайдалану арқылы ағылшын тілі сабағын өткізу 

мәселесі алғаш рет арнайы карастырылып отыр. 

Біздің  ойымызша,  электрондық  оқулыктар  мен  магниттік  негіздегі 

басқа  да  оқу  басылымдарын  пайдаланған  кездегі  сабақтардың  тиімді  өтуі 

үшін,  оларды  сабақ  өткізудің  теориясы  мен  практикасы  саласындағы 

педагогика  ғылымы  жетістіктерін  пайдалану  арқылы  құрастырған  кезде 

ғана  мектеп  практикасында  толық  ақпараттық  білім  беру  ортасы 

қалыптасады. 

Диссертациялық  зерттеу  жұмысында  сабақты  ұйымдастыру,  өткізу 

және  т.б.  мәселелерді  қамтитын  тарихи-педагогикалық  ғылыми 

зерттеулерге, сабақты сатылап дамыту жолдарына кеңірек тоқталамыз. 

Сыныптық-сабактық  жүйенің  өзіндік  тарихы  бар.  Сабақ  өзінің 300 

жылдық  тарихында  күрделі  қайшылықтар  даму  жолынан  өтті.  Я.А. 

Коменский педагогика тарихында тұңғыш рет мектептік оқу жылы ұғымын 

енгізіп, теория жүзінде сабақ түріндегі оқытуды ұйымдастыруды негіздеді. 

Неміс  педагогі  және  философы  И.Ф.Гербард,  Англияда  діндар 

А.Белль мен мұғалім Д. Ланкастер сабақты жоспарлау, сабақ кұрылымын, 

оқыту  теориясын  практикаға  енгізді,  орыс  педагогы  К.Д.Ушинский 

сабақтың дамуы мен жетілдіру жолдарына көп нұсқау берді. 

1931-1932  ж.ж.  бастап  сабақ  Кеңес  мектептерінде  оқытуды 

ұйымдастырудың  жетекші  түрі  ретінде  орнықты.  Сабақ-оқытуды 

ұйымдастырудың негізгі түрі ретінде орныға бастасымен-ақ, оны ғылыми 

зерттеу және ой елегінен өткізу жұмыстары колға алына бастады. Әдетте, 

сабақ  құрылымындағы  негізгі  өзгерістер  оқытудың  дамытушы  және 

тәрбиелеуші  қызметін  көтеру  қажеттілігінен  туындайды.  Алайда  бұл 

міндетті шешу үшін, ең алдымен, сабақ-оқыту үрдісінің ұйымдастырылуы 




жүктеу 342,67 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау