критерийі ретінде авторлар таныстыру кезеңінін болу-болмауын алға қояды.
Осылайша әдіскерлер сабақтарды олардың негізгі мақсаттары бойынша
дағдыларды
қалыптастырушы
сабактарға
бөлуді
ұсынады:
грамматикалық, лексикалық және фонетикалық.
Педагогикалық
және
әдістемелік
зерттеулер
көрсеткендей,
критериялық негіздегі сабақтардың ерекшелігі сөйлеу арқылы әдет пен
дағдыны қалыптастыру: олар жазба жұмыстар, ойлау, оқу және сөйлесу
арқылы жүзеге асады.
Ал сабақтардың деңгейін көтерудің негізгі ерекшеліктері:
сабақтын жүйелілігі, көрнекілігі, ойлау жүйесінің негізділігі, сөйлесу мен
пікір алмасу түрлері. Бұл реттегі кешендік, әдістемелік, интеллектуалдық
сабақ жүйесін таңдау мен талдау, сабақтардын түрлерін жақсарту
негізгі мақсат коюға жеткізеді, сабактың сапасын көтереді.
Біз зерттеу жұмысымызда қазіргі шетел тілі сабақтарының
құрылымына, типтеріне, сабақ өткізу әдіс-тәсілдеріне талдау жүргізе
отырып, сабак ұғымына өз анықтамамызды беруге ұмтылдық: «қазіргі
заманғы сабақ дегеніміз—мұғалімнің оку-тәрбие үрдісінде дидактикалық
мақсаттарға сай оқытудың әдіс-тәсілдерін, жаңа технологияны пайдалана
отырып, шетел тілінде коммуникация жүйесін ұйымдастыруда жеке
тұлғалық-бағдарлық және ақпараттық жүйелік әдіс-тәсілдерді жүзеге
асыратын кешен».
Диссертациялық зерттеу жұмысымызда біз білім берудегі жеке
тұлганы тәрбиелеу мен дамытуда оқыту үрдісін ақпараттандыру мәселесіне
ғылыми -педагогикалық тұрғыдан талдау жасап, болашақ ағылшын
тілі мамандарының әдістемелік білім мен іскерліктерін қалыптастыру
мәселелерін қарастырдық.
Зерттеуімізде жеке тұлганы тәрбиелеу мен дамытудың критерийлері
мен көрсеткіштерін анықтаған бірқатар ғалымдар [Нұрғалиева Г. Қ.,
Жүсібалиева Д. М., Ахметов А. К., Түселбаева Ж. А. және т.б.] еңбектерін
негізге ала отырып, сабақта электрондық оқулықты пайдалануға болашақ
ағылшын тілі мұғалімдерінің әдістемелік білімдері мен іскерліктерін
қалыптастырудың критерийлері мен көрсеткіштерін анықтадық.
Электрондық оқулықты пайдалануға болашак ағылшын тілі
мұғалімдерінің әдістемелік білімдері мен іскерліктерін калыптастырудың
критерийлері мен көрсеткіштері оқытудың (білім, білік, іскерліктерінің)
жиынтыгы болып табылады, олар оның мазмұндылық және психологиялық
сипаттамаларын жасап, негіздеу аркылы жүзеге асырылады. Болашақ
ағылшын тілі мұгалімдерінің әдістемелік білімдері мен іскерліктерін
қалыптастырудың мазмұндылық бөлігі болашақ мұғалімнің педагогикалық
бағыт-бағдарына байланысты сабактың теориясы, типтері мен құрылымын
сипаттайды.
Болашақ ағылшын тілі мұгалімдерінін сабақта электрондық
окулықтарды пайдалануға даярлығының мынадай критерийлері анықталды:
1. Психологиялық даярлық.
2. Дидактикалық даярлық.
3. Әдістемелік даярлық.
Сабақта электрондық оқулықтарды пайдалануга болашақ ағылшын тілі
мұғалімдерінің әдістемелік білімдері мен іскерліктерін қалыптастырудын
критерийлері мен көрсеткіштері - бұл педагогикалық-психологиялық
күрделі жүйе. Бұл жуйе мазмұндылық сипатымен бірге, психологиялық
сипатымен де толықтырыла түседі. Мұнда біз жеке тұлга дамуының
теориялық негіздеріне сүйене отырып, дамудың негізгі үш саласын:
танымдық, мінез -кұлық және мотивацияны белгілейміз.
Танымдық саласының мазмұны төмендегідей білімдермен
анықталады: жеке тұлғаның жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану
аркылы ағылшын тілін оқыту әдістемесінің маңызы; оқытудын
педагогикалық заңдылықтары мен принциптері; оқытудың ғылыми-
әдістемелік жүйесі жайлы білім негіздерің меңгеру.
Дамудың мінез
-
қүлық саласы
:
жеке тұлғаның жаңа ақпараттық
технологияларды пайдалану арқылы ағылшын тілін окыту әдістемесі;
оқытудың педагогикалық зандылықтары мен принциптері; оқытудын
ғылыми-әдістемелік жүйесін қалыптастыруға қажетті мінез-құлық пен
дағдылардың болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің бойынан көрініс
табуымен аныкталады.
Мотивация саласының мазмұны: білім беру мазмұнының ғылыми
құрылымын меңгеруге; сабақтың әр кезеңінде оқыту тәсілдерін дұрыс
таңдауға; жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы ағылшын
тілін оқыту процесінің әдістемелік жүйесін меңгеруге, оны қалыптастыруға
деген қызығушылық пен ынта-ықыластың пайда болуымен анықталады.
Сабақта
электрондық
окулықты
пайдалануға
студенттердің
әдістемелік білімдері мен іскерліктерін қалыптастырудың анықталған
критерийлері мен көрсеткіштерін негізге ала отырып, біз М.Х.Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университетінің әлем тілдері факультетінің,
А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз
институтының шетел тілі кафедрасының, Семей мемлекеттік университеті
филология факультетінің студенттері арасында анықтау эспериментін
жүргіздік. Экспериментке 420 студент қатысты. Эксперимент нәтижесі
төмендегі кестеде пайыз есебімен көрсетілген [1 кесте],
Дамудың негізгі танымдық, мінез-құлық және мотивация салалары
арқылы болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің сабақта электрондық
оқулыкты пайдалануға даярлығының үш деңгейі анықталды: жоғары, орта,
төмен.
Төмен: ақпараттық технологиялар туралы тусінігі бар, бірақ олардың
түрлерін ажырата алмайды, жаңаша жаңғыртып оқыту әдістері бойынша
білімдері бар, алайда сабақты жоспарлауды білмейді, жаңа ақпараттық
технологияның жүйелі өсу заңдылықтары туралы білімі бар, бірақ
акпараттық-коммуникациялык технологияларды сабақ үрдісінде пайдалану
маңызын түсінбейді, сабақ типтері, сабақты ұйымдастыру жөңінде
білімдері бар, бірақ сабақты дұрыс өткізудің жүйелі тәсілдерін білмейді.