Абай атындағы ЖББМ
Қызық екен
Өткізген: Хадалхан К. М.
2020-2021 оқу жылы
Білімділік: Білімді жүйелеп, ойлау және есте сақтау қабілеттерін арттыра отырып, танымды қызығуын дамыту мақсатында оқушылардың ұжымдасып жұмыс жасауы, белсенділіктері артуы, жылдам қимылға, ұшқыр ойлауға дағдылануы
Дамытушылық: Оқушылардың жаратылыстану пәніне деген қызығуын арттыру, қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілетін, тілбайлығын дамыту
Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, оның байлығы мен берекелі тіршілігін қорғауға, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Ойынның толық сипаттамасы: Әр топтың топ басшысы болады. Залда ойыншыларды қолдап келген жанкүйерлер болады. Ойын барысында екі топқа 12 тақырып бойынша сұрақ қойылады. Сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар. Дұрыс жауап презентация арқылы беріледі..Сұрақтар әрқилы болуы мүмкін.
Негізгі 12 тақырыптан соң, финал ойнатылады, яғни 13 сұрақ қойылады. Финал кезінде әр топ жинаған ұпайын сұраққа тігеді. Екі топқа ортақ сұрақ қойылады. Сұраққа жауап беру үшін 20 секунд беріледі. Егер топ дұрыс жауап берсе, бәс ретінде тігілген ұпайы негізгі ұпай санына қосылады. Қате жауап берсе, жинаған ұпайы күйіп кетеді. Қай топтың жинаған ұпайы көп болса, сол топ жеңіске жетеді.
Ендеше, ойынға қатысушы топтармен танысайық.
I топ. Білгірлер тобы
II топ . Алғырлар тобы
Кеңестер. Бананды қалай сақтауға болады?
1. Сабағынан іліп қою
2. Оны сабағынан бөліп алып, фальгамен орап қою
3. Қараңғы салқындау жерде сақтау
Генетика. Саусақтың генетикалық таңбалары арқылы анықтауға болады....
1. Ата-аналар тұлғасын анықтауда
2. Ептілігін білуде
3. Жұқпалы аурумен ауыратындығына сараптама жасауда
Міне қызық.“Қыз Жібек” фильмінде көлге аққуларды қалай қондырған?
1. Жануарлар саябағынан аққулар әкелген
2. Бұл сәтті басқа фильмнен алған
3. Күй тарту арқылы қондырған
Ойлан тап.Сникерс өнімі 1930 жылы АҚШ-ғы Чикагода Mars Incorporated компониясы негізінде фабрикада шығарылған. Бұл шоколад фабрикасының иесі АҚШ-ғы кондитер Франк Марс есімді адам болған. Кондитер Ф.Марс шоколадқа өзінің сүйікті үй жануарының атауын берген. Ол қандай жануар?
1. Жылқы
2. Мысық
3. Ит
???. Адам ағзасындағы ең үлкен асқорыту безі?
1. Ұйқы без
2 Ұлтабар
3.Бауыр
Жұмбақ. Сіздер бұл материкте оқымысты ғылым қызметкерлерінен басқа адамды кездестірмейсіздер. Бірақ ешқайсысы зәулім ғылыми институттарға жұмысқа бармайды және қарапайым вагон-үйлерде тұрады. Бұл қай материк және қай халық?
Африка материгі және адамдар
2. Антарктида материгі және зерттеушілер
3. Австралия материгі және тұрғындары
Табиғат ғажайыбы. Мұхит түбіндегі жер сілкінуден пайда болатын сұрапыл толқын
Цунами
Жер сілкінісі
Торнада
Тәжірибе. Жоғарғы қысым үстіндегі магманы лава түрінде сыртқа атқылайтын Жер бетіндегі нүкте.
Тау
Жанартау
Литосфералық тақталар
Атақты адамдар. Екеуі де қазақтан шыққан ғарышкерлер. Екеуі де Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесінің түлектері. Екеуінің де туған күндері – 27 шілде.
Олар кімдер?
1.Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев
2.Тоқтар Әубәкіров пен Айдын Айымбетов
3. Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетов
Тарихи оқиғалар.Қазақ халқының өте ерте заманынан келе жатқан ішекті шертіпелі музыка аспабы. Аспап ағаштан құрастырылып жасалады. Аспаптың үні өте нәзік, құлаққа жағымды. Ел арасында аспаптың шығуы жайында көптеген аңыздар айтылады. Сол бір аңыздың бірінде: өткен заманда өмір сүрген бір қарияның балаларынан айырылған қасіретті қайғысынан туындаған әуен - деседі. Бұл қандай аспап?
1. Домбыра
2. Жетіген
3. Қобыз
Сен білесің бе? Балалар ағзасына ерекше зиянды заттар
1. Шөлді қандыратын балмұздақтар
2. Шөлді қандыратын газдалған сусындар
3. Шөлді қандыратын сулар
Жануар әлемі.Өзін айнадан тани алатын жалғыз жануар?
Арыстан
Ит
Шипанзе
Білгірлер тобы
Жеген сайын жылататын нәрсе?( таяқ)
Еліміздегі ең ұзын ағаш қайда өседі?( Ұзынағашта)
Үйдің ең суық жері?( сырты)
Елімізде талдармен жасалған қорған қай қалада?( Талдықорғанда)
Есікті ашу үшін не қажет?( Ж:Есіктің жабық болуы қажет)
Бір кісі төсегінің айналасында жүгіріп жүр екен, себебі не?
(Ұйқысы қашып кетіпті, соны қуалап жүр екен)
Балықтар неліктен сөйлемейді?( Ж:Су жұтып қоймау үшін)
Қазақстан мен Өзбекстанның ортасында не бар?(Жауабы:Мен)
Алғырлар тобы
Достарыңызбен бөлісу: |