Оспанбеков ербол анарбекович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет15/43
Дата09.03.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12037
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43

36 
 
Еліміздегі нәтижеге бағдарланған білім беру бағдарламасының жобасында 
«Оқытудың  басты  мақсаты  оқушының  ғылыми  дүниетанымын  қалыптастыру 
және оларды жаратылыстану пәндері бойынша алған білімдері негізінде қазіргі 
ӛндірістік  технологияларды  игеруге,  практикалық  дағдылар  мен  түйінді 
құзырларды меңгеруге үйрету болып табылады» делінген. Міне, сондықтан да 
жалпы  орта  білім  беретін  мектепте  жаратылыстану  пәндері  бойынша  білім 
беруді дамыту үшiн білім беру стандартында ұсынылған негiзгi қағидалардың, 
пәнаралық  байланыстардың,  интеграцияның,  үздiксiздiк  пен  сабақтастықтың, 
материалды  тереңiрек  зерделеуге  себептесетiн  ғылымилық  пен  жүйелілік 
аспектiлерінiң ескерiлуi қажет. 
Білім  алушылардың  жаратылыстану-математика  пәндері  бойынша 
дайындық  деңгейіне  қойылатын  талаптарды  нақтылаудан,  жаратылыстану- 
математика  пәндері  бойынша  бағдарламалар  мазмұнын  жаңарту  ғылым 
негіздерін  игеру  парадигмасынан  құзырларды  игеру  парадигмасына  кӛшуден 
тұрады.  Мұнда  білім  алушылардың  дайындық  деңгейіне  қойылатын 
талаптардағы  идеологияны  ӛзгертудің  үлкен  маңызы  бар.  Мәселен,  білім 
алушылар  жетістігіне  қойылатын  талаптар  бағдарламаларда  іс-әрекеттік  түрде 
тұжырымдалады.  Олар  әрбір  деңгейлер  бойынша  күрделенуіне  орай  білім 
алушылар  іске  асыруы  тиіс  іс-әрекеттер  негізінде  беріледі.  Кӛрсетілген 
талаптар шеңберінде білім алушылар: сипаттау, түсіндіру, негіздеу, қолдану, ой 
елегінен  ӛткізу,  логикалық  ой  қорыту,  ӛлшеу,  есептеу,  талдау,  салыстыру, 
анықтау  және  т.с.с.  біліктерді  игеруі  тиіс.  Білім  алушылардың  дайындық 
деңгейіне  қойылатын  талаптарды  анықтаудың  осы  тәсілі  бағдарламаларды 
жаңартудағы соңғы процесс болып табылады. 
10-11  сыныптарға  арналған  физика  курсының  мазмұны  пәнді  оқытудың 
жалпы  мақсаттарын  ескере  отырып,  оқушылардың  қабiлетiмен  және 
қызығушылығымен  тығыз  байланысты  арнайы  мақсаттарға  жетудi  кӛздейдi. 
Курстың  мазмұнын  таңдау  барысында  әлеуметтiк  тәжiрибе  (ғылым  ретiндегi 
физиканың  мазмұны),  оқу-танымдық  iс-әрекеттiң  жалпы  заңдылықтары  және 
оқыту  процесi  жайлы  бiлiмдер  негiзге  алынған,  сондай-ақ  оқытудың 
мақсаттары,  оқушылардың  танымдық  қызығушылығы,  олардың  қабiлеттерi, 
дидактикалық және жеке әдiстемелiк принциптер мен оқу пәнi деңгейiнде бiлiм 
мазмұнын түзу критерийлерi басшылыққа алынған. 
Педагогикалық  және  психологиялық  зерттеулерге  сүйене  отырып, 
тӛмендегідей  тұжырымдар  жасалды:  оқушылар  физикалық  түсініктерді  бірден 
меңгермейді,  оның  белгілері  мен  қасиеттеріне  жайлап  жақындайды.  Бір 
жағдайда  оқушы  ұғымның  мағынасын  түсінеді,  бірақ  ол  ұғымды  практикада 
қолдана  алмайды,  бірақ  есте  сақтайды.  Басқа  жағдайда  ұғымды  практикада 
қолдана  біледі,  бірақ  оның  анықтамасын  бере  алмайды.  Оқушы  ұғымның 
барлық қасиеттерін білсе, оны практикада қолдана алса, онда білім алушының 
ұғымды терең меңгерген болып табылады. 
Оқыту  үдерісін  ұйымдастырудың  маңызды  ерекшелігі  оқытудағы  іс- 
әрекеттік  тәсілді  жүзеге  асыруда  болып  табылады.  Мәселенің  осылайша 
қойылуы мемлекеттік жалпыға міндетті орта жалпы білім беру стандартының 


37 
 
оқушыларға  білім  мен  тәрбие  беру  сапасын  кӛтерудің  маңызына  қатысты 
талаптарымен толық сәйкес келеді. 
Орта  мектептегі  оқушылардың  білім  деңгейін  игеруінің  сапасын 
қарастырамыз.  2014  жылдан бастап  Алматы  қаласындағы Қожа  Ахмет  Яссауи 
атындағы  №123  мектеп-гимназиясында,  №172  мектеп-гимназиясында  9,  11 
сынып оқушыларының «Атомдық және ядролық физика» бӛлімінің түсініктерін 
меңгеру  сапасы  зерттелді.  Онда  50-ден  астам  оқушы  қамтылып,  бақылау 
жұмыстары  және  сауалнама  жүргізілді.  Бақылау  жұмыстарына  оқушылардың 
меңгеру  деңгейлеріне  байланысты  ӛз  пікірін  айта  алатын  мынадай  түсініктер 
берілді: «атом», «электрон», «лазер», «ядро», «нуклон» және т.б. Осы бақылау 
сұрақтары мен оқушылардың жауаптарын талдау нәтижелерін келтірейік. 
 
Тапсырма 1. 
1.  «Атомдық  және  ядролық  физика»  бӛлімдері  бойынша  қандай 
терминдермен таныссыңдар және олардың мағынасы қандай? 
2.  Классикалық теория тұрғысынан алғанда атомның ядролық үлгісі 
орнықсыздығы не білесің? 
3.  Атомдық және ядролық физика бӛлімінде қандай тәжірибелермен 
таныссыңдар. 
4. Резерфорд тәжірибесін сипаттап, түсіндіріп беріңіз. 
5. 
де  Брoйль  тoлқындарының  классикалық  тoлқыннан  қандай 
айырмашылығы бар? 
 
XI сынып оқушыларының (55 оқушы) сұрақтарға берген жауаптарын 
талдау нәтижелері 3-6 кестелерде ұсынылды. 
 
Кесте  3  –  «Атомдық  және  ядролық  физика  бӛлімдері  бойынша  негізгі 
терминдерді  атаңыз»  деген  сұраққа  білім  алушылардың  берген  жауаптарын 
талдау нәтижелері 
 
Термин 
Оқушылардың 
%, осы ұғымды 
түсіндіруі 
Термин 
Оқушылардың %, 
осы ұғымды 
түсіндіруі 
Атом 
80,0 
Ядроның байланыс 
энергиясы 
30,0 
Электрон 
76,6 
Массалар ақауы 
50,0 
Лазер 
50,0 
Жартылай ыдырау 
периоды 
56,6 
Ядро 
76,6 
Ядролық реакция 
16,6 
Нуклон 
50,0 
Ядролық реактор 
10,0 
Протон 
73,3 
Термоядролық реакция 
6,0 
Нейтрон 
60,0 
Массалар ақауы 
33,3 
Ядролық 
күштер 
68,3 
Фотон 
59,0 


38 
 
Кесте  4  –  «Классикалық  теория  тұрғысынан  алғанда  атомның  ядролық  үлгісі 
неге орнықсыз?» деген сұраққа білім алушылардың берген жауаптарын талдау 
нәтижелері 
 
Дұрыс жауап 
бергендер, % 
Толық емес жауап 
бергендер, % 
Жауап бермегендер, % 
50 
48 

 
Кесте  5  –  «Атомдық  және  ядролық  физика  бӛліміндегі  тәжірибелерді  атаңыз» 
деген сұраққа білім алушылардың берген жауаптарын талдау нәтижелері 
 
Білім алушылардың атағандары, 
әдістері 
Оқушылардың %, осы тәжірибені 
атауы 
Резерфорд тәжірибесі 
50,0 
Франк-Герц тәжірибесі 
26,6 
Дэвиссон-Джермер тәжірибелері 
3,3 
В. Крукстың тәжірибесі 
3,3 
Дж. Томсон тәжірибесі 
33,3 
Р. Милликен тәжірибесі 
3,3 
Чедвик тәжірибесі 
1,0 
Г. Флеров пен К. Петржак 
тәжірибелері 
1,0 
 
Кесте 6 – «Резерфорд тәжірибесін сипаттап, түсіндіріп беріңдер» деген сұраққа 
білім алушылардың берген жауаптарын талдау нәтижелері 
 
Дұрыс жауап 
бергендер, % 
Толық емес 
жауап бергендер, 

Дұрыс емес 
жауап бергендер, 

Жауап 
бермегендер, % 
26,7 
63,3 
6,7 
3,3 
 
Кесте  7  –  «де  Брoйль  тoлқындарының  классикалық  тoлқыннан  қандай 
айырмашылығы  бар?»  деген  сұраққа  білім  алушылардың  берген  жауаптарын 
талдау нәтижелері 
 
Дұрыс жауап 
бергендер, % 
Толық емес жауап 
бергендер, % 
Дұрыс емес жауап 
бергендер, % 
Жауап 
бермегендер, % 
16,7 
66,7 
6,6 
10,0 
 
Бірінші  тапсырманың  жауабын  талдау  барысында  білім  алушылардың 
барлығы атомдық және ядролық физика тараулары бойынша жалпы ұғымдарды 
атап  бере  алмады.  ХІ  сыныптың  білім  алушыларының  жартысына  дерлік 
атомдық  және  ядролық  физика  курсындағы  тәжірибелерді  қолмен  жасап 
кӛрмегендіктен жауап беру қиындық туғызды. Атомдық және ядролық физика 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау