Білім мазмұнын жаңарту аясында (5-9 сыныптарда)



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет7/75
Дата08.03.2018
өлшемі5,01 Kb.
#11964
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   75

21 
 

нақты  байланысты  функцияның  көмегімен  суреттеу  және  зерттеу, 
оларды график түрінде беру; нақты үдерістерді графиктерін түсіндіру; 

геометриялық,  физикалық,  экономикалық  және  басқа  да  қолданбалы 
есептерді,  оның  ішінде  математикалық  анализ  аппаратында  қолданылатын  ең 
үлкен және ең кіші мәндерге арналған есептерді шешу;   

диаграмма,  графиктер,  статистикалық  сипаттағы  ақпараттарды  талдау 
түрінде берілген нақты сандық мәліметтерді талдау;  

оқып  игерілген  формулалар  мен  фигуралар  қасиеттері  негізінде 
қарапайым тәжірибелік жағдайларды зерттеу (модельдеу);  

қажет  болған  жағдайда  анықтамалықты  және  есептеуіш  құрылғыны 
пайдаланып,  тәжірибелік  есептерді  шешу  кезінде  нақты  объектілердің 
ұзындықтарын, аудандарын және көлемдерін есептеу; 

есептеу  үшін  белгілі  формулаларды  пайдаланып  амалдардың 
нәтижелерін дөңгелектеуді және бағалауды (шамалауды) қоса алғанда есептеу 
жүргізе білу; 

әр  түрлі  формада  берілген  (кесте,  диаграмма,  графиктер,  схема  және 
т.б.) ақпаратты алу және түсіндіре білу; 

практикалық  мазмұнды  есептерді  шешу  кезінде  нақты  объектілердің 
ұзындықтарын, аудандарын және көлемдерін есептей білуі; 

есепті  шешуде  математиканы  пайдалану  үшін,  мәнмәтіні  шынайы  
шарттарды  қамтамасыз  ететін,  оның  шешуіне  және  түсіндіруіне  әсер  ететін 
есептерді шешуге басты назар аударылады.  
Осы 
көрсетілген 
қызметтер 
қолданыстағы 
үлгілік 
оқу 
бағдарламаларындағы  сияқты  жаңартылған  мазмұндағы  типтік  оқу 
бағдарламаларында  да  математикалық  модельдеу  және  анализ  бастмаларымен 
байланысты.  
Сонымен, аталған қызметтер түрі 5-6 сыныптарға арналған «Математика» 
үлгілік оқу бағдарламасында көрсетілген бөлімдердің бесінші, 7-9 сыныптарға 
арналған  «Алгебра»  үлгілік  оқу  бағдарламасында  төрінші  «Математикалық 
модельдеу мен анализ» бөлімінің оқыту мақсаттарымен айқындалған.  
7-
9  сыныптарға  арналған  «Алгебра»  оқу  бағдарламасындағы 
«
Математикалық  модельдеу  мен  талдау»  бөлімінің  бөлімшелер  саны  5-6 
сыныптарға  арналған  «Математика»  оқу  бағдарламасындағы  осы  бөлімінің 
бөлшелер  санынан  артық.  Атап  айтқанд,  7-9  сыныптарда  дәстүрлі  түрде 
математикалық  анализ  бастамалары  материалдары  қарастырылады.  1.12,  1.13-
сызбаларда «Математикалық модельдеу мен анализ» бөлімінің сәйкесінше 5-6 
сыныптардағы және 7-9 сыныптардағы бөлімшелері көрсетілген. 
 
 
 
 
 
 
 


22 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1.12-
сызба – «Математикалық модельдеу мен анализ» бөлімі (5-6 
сыныптар) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1.13-
сызба – «Математикалық анализ бастамалары» бөлімі (7-9 сыныптар) 
 
Тілдік  мақсаттар  ғылыми  тілді  үйрену  үшін  маңызды  құрал  болып 
табылады.  Оқушылардың  өздерінен  не  күтілетіндігін  түсінуі  тілдік 
мақсаттардың  анық  құрылуына  тікелей  байланысты.  Сондай-ақ,  тілдік 
«
Математикалық 
модельдеу мен анализ» 
бөлімі
 
Математикалық 
тіл және 
математикалық 
модель 
 
Математикалық 
модельдеудің 
көмегімен есептер 
шығару
 
«
Математикалық 
модельдеу мен анализ» 
бөлімі
 
Математикалық 
тіл және 
математикалық 
модель 
 
Математикалық 
модельдеудің 
көмегімен есептер 
шығару
 
 
Математикалық анализ бастамалары
 


23 
 
мақсаттар  мұғалімдер  мен  оқушыларға  оқуға  деген  ынтаны  қалыптастыруға, 
өлшеуге  және  қолдауға  көмектеседі.  Пәндік  мазмұнды  оқытуға,  әрі  ғылыми 
тілді үйретуге тұрақты екі бағытты ұстанатын пән мұғалімдері оқушыларға үлгі 
көрсетіп, пән мен тілді қатар алып жүруге көмектеседі.  
Ғылыми тілді оқып үйренуді қолдау үшін мұғалімдерге оқу жоспарларына 
мынадай тілдік мақсаттарды қосу ұсынылады:  

оқушылардың  назарын  ғылыми  тілге  аудару  (мысалы,  пән  бойынша 
оқу мақсаттарына жету үшін қажетті терминология мен тіркестері бар лексика); 

сабақ  барысында  пән  мазмұнының  ұғымдарын  қолдануға  қажетті 
жұмыс  тілін  қалыптастыру  (мысалы,  топтық  жұмыстар,  сұрақты  дұрыс  қоя 
білу, жағдайды талдау және пікірталас жүргізу үшін қажетті тіркестер); 

сабақ  барысында  лексиканы,  оның  ішінде  терминология  мен 
тіркестерді орынды пайдалану үшін оларды алдын ала оқыту кезеңінде тиімді 
қолдану; 

оқушылардың тілдік дағдының төртеуін де түрлі әрекеттерде (мысалы, 
оқылым-тыңдалым,  оқылым-жазылым,  оқылым-айтылым,тыңдалым-жазылым 
және т.б.) әртүрлі мақсаттарға қол жеткізу үшін қолдану; 

оқушыларды  пікірталас,  диалогтарға  тарту  (мысалы,  оқушылардан 
қысқа  жауаптарды  қабылдамау  және  жауаптары  тек  білімді  ғана  көрсететін 
сұрақтар қоймау; оқушыларды өз білімін нәтижелі талқылау үшін пайдалануға 
ынталандыру, сондай-ақ оқушылар диалогқа қатыса алуы үшін қажет бай сөздік 
қормен қамтамасыз ету);  

белгілі  бір  тілге  тән  дағдыларды  дамыту  (мысалы,  қажетті  мәліметті 
алу  үшін  тыңдау,  түсіндіру,  металингвистикалық  және  метакогнитивтік 
танымды дамыту, басқа сөзбен айту, сөздікпен жұмыс істеу дағдылары); 

тіл  туралы  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту  (мысалы,  тілдерді 
салыстыру,  оқушылардың  тілді  барынша  нақты  пайдалануға  ынталандыру, 
тілді меңгерудегі жетістіктерін бағалау); 

сабақтың  басында  тілдік  мақсатты  белгілеу,  сабақтың  соңында  осы 
мақсат бойынша қол жеткізілген жетістіктерді талқылау. 
Тілдік  мақсат  үлгісі  сонымен  бірге  ғылыми  тілдің  құрамдас  бөліктерін 
қамтиды,  оны  пайдалану  мен  есте  сақтауға  оқушылардың  назарын  аудару 
маңызды.  Олар  келесі  тақырыпшалар  арқылы  көрсетілген:  пәнге  тән  арнайы 
лексика және терминология, диалог/жазылым үшін қажетті тіркестер. Берілген 
тіл оқушылар үшін түсінікті әрі анық болса, бұл олардың пәндік мақсаттар мен 
тілдік мақсаттарға қол жеткізулеріне көмектеседі. 
Тілдік  мақсаттарды  құру  үшін  келесі  етістіктерді  пайдалануға  болады: 
талдау,  санаттарға  бөлу,  таңдау,  жіктеу,  салыстыру,  байланыстыру, 
сәйкестендіру,  көшіру,  құру,  сынау,  анықтау,  сипаттау,  құрастыру,  бағалау, 
түсіндіру,  мысалдар  келтіру,  болжау,  негіздеу,  келіссөздер  жүргізу,  өндіру, 
балама шешімдер ұсыну, себептерді түсіндіру, пысықтау, қайта ұйымдастыру, 
басқа сөзбен айту, мазмұндау, қайта қарап шығу, көшіріп алу, рөлдік ойындар 
ойнау, қорытындылау, синтездеу және жазу, әртүрлі мақсаттар үшін пайдалану, 
өз сөзімен анықтама жазу, безендіру. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау