Білім мазмұнын жаңарту аясында (5-9 сыныптарда)



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет2/75
Дата08.03.2018
өлшемі5,01 Kb.
#11964
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75


 
Жаңартылған  білім  мазмұнын  жүзеге  асыру  аясында  сабақты  
жоспарлауда  оқытудың  жаңа  тәсілдерін  қолдану  ұсынылады.  Яғни,  озық 
тәжірибелерді,  оқыту  мен  оқудағы,  бағалау  жүйесіндегі  жаңа  технологиялар 
мен әдістерді енгізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізудің 
тиімді жолдарын күшейту, оқытудағы әртүрлі сандық білім беру ресурстарын, 
мектепаралық  желілік  өзара  іс-қимылды,  мектепаралық  оқу  жоспарлары  мен 
бағдарламаларын,  «мұғалімдермен  алмасуды»,  мектептегі  пәндер  бойынша 
оқытуда жаңа технологияларды қолданудың шеберлік сабақтарын пайдалануды 
кеңейту қажет.  
Негізгі орта білім деңгейі үшін үлгілік оқу жоспарын әзірлеу кезінде 5-9-
сыныптарда,  7-9-сыныптарда  алгебра  және  геометрияның  материалдарынан 
кіріктірілген  пән  ретінде  қарастырылатын  «Математика»  пәні  ұйғарылады. 
Педагогикалық  қауымдастықпен  талқыланғаннан  кейін,  7-9-сыныптарда 
«Математика»  атты  кіріктірілген  пәнін  екі  сараланған:  «Алгебра»  және 
«Геометрия»  пәндеріне  бөлу  ұсынылды,  әрі  «Алгебра»  және  «Геометрия» 
пәндерін  дәстүрлі  түрде  оқыту  қалдырылды.  Қазақстан  Республикасы 
Үкметінің  2017  жылғы  15-  тамыздағы  №  485  қаулысымен  «Тиісті  білім  беру 
деңгейлерінің  мемлекеттік  жалпығы  міндетті  білім  беру  стандартын  бекіту 
туралы» Қазақстан Республикасы Үкметінің 2012 жылғы 23- тамыздағы № 1080 
қаулысына  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  Қазақстан 
Республикасы Үкметінің 2016 жылғы 13-мамырдағы № 292 қаулысына, негізгі 
орта білім беру деңгейінің үлгілік оқу жоспарларына өзгерістер енгізілді және 
сәйкесінше 5-9-сыныптарға арналған «Математика» үлгілік оқу бағдарламасы, 
5-6-
сыныптарға  арналған  «Математика»,  7-9-сыныптарға  арналған  «Алгебра», 
7-9-
сыныптарға арналған «Геометрия» сияқты үш оқу бағдарламасына бөлінген 
[2, 3, 4, 5, 6]
.  Бұл  арада  5-6-сыныптарға  арналған  «Математика»  оқу  пәнінің 
базалық мазмұны өзгеріссіз қалды; ал 7-8-9 -сныптарға арналған «Математика» 
оқу пәнінің базалық мазмұны «Алгебра» және «Геометрия» пәндеріне бөлінді.   
Әдістемелік ұсыныстар жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне көмек 
көрсету мақсатымен ұсынылып отыр.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



 
1  Білім  мазмұнын  жаңарту  аясында  «Математика»  пәні  оқу 
бағдарламасының ерекшеліктері (5-9 сыныптар)  
 
Жаңартылған  білім  мазмұнын  енгізу  аясында  негізгі  орта  білім  беру 
деңгейінің  «Математика  және  информатика»  білім  саласы  бойынша  5-6 
сыныптарда «Математика» пәні, 7-9 сыныптарда «Алгебра» және «Геометрия» 
пәндері оқытылады [2].  
Осыған  орай  негізгі  орта  білім  беру  деңгейінде    «Математика  және 
информатика»  білім  саласы  бойынша  жаңартылған  мазмұндағы  үлгілік  оқу 
бағдарламалары әзірленді (1.1-сызба)  [4, 5, 6]. 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
1.1-
сызба  – Үлгілік оқу бағдарламаларының атаулары 
 
Негізгі орта білім беру деңгейінің «Математика және информатика» білім 
саласы  бойынша    5-9  сыныптарда  оқытылатын    оқу  пәндерінің  мазмұнын 
анықтау  кезінде    2017-2018  оқу  жылы    4-сынып  пен  6-сыныптарды 
қолданыстағы  оқу  бағдарламалары  бойынша  оқыған  білім  алушылар  келетіні 
ескерілген. Сондықтан негізгі білім беру деңгейінде оқытылатын «Математика» 
және  «Алгебра»  пәндерінің  жаңартылған  білім  мазмұны  қолданыстағы  осы 
пәндері  бойынша  оқу  бағдарламаларымен  салыстырғанда  шамалы  ғана 
өзгерістер  бар.  Ол  өзгерістер  стастистика  және  ықтималдықтар  теориясының 
материалдарына қатысты. «Геометрия» пәнінің базалық мазмұнында өзгерістер 
жоқ.   
Сонымен  қатар,  5-6-сыныптарға  арналған  «Математика»  оқу 
бағдарламасын  әзірлеу  барысында,  яғни  пәндердің  мақсаты  мен  міндетін 
анықтауда, білім мазмұнын құрастыруда 1-4 сыныптардағы «Математика» пәні, 
7-9-
сыныптардағы  «Алгебра»  және  «Геометрия»  пәндерінінің  оқу 
бағдарламаларын әзірлеу барысында 5-6 сыныптардағы «Математика» пәні оқу 
бағдарламаларында берілген мазмұны ескерілген. 
Негізгі орта білім 
беру деңгейінің 5-
6-
сыныптарына 
арналған 
«Математика» 
пәнінен 
жаңартылған 
мазмұндағы үлгілік 
оқу бағдарламасы 
 
Негізгі орта білім 
беру деңгейінің 7-
9-
сыныптарына 
арналған 
«
Алгебра»  
пәнінен 
жаңартылған 
мазмұндағы үлгілік 
оқу бағдарламасы 
 
Негізгі орта білім 
беру деңгейінің 7-
9-
сыныптарына 
арналған 
«
Геометрия» 
пәнінен 
жаңартылған 
мазмұндағы үлгілік 
оқу бағдарламасы 
 
Үлгілік оқу бағдарламаларының атаулары 
 



 
Жаңартылған  мазмұндағы  5-6-сыныптарға  арналған  «Математика», 7-9-
сыныптарға  арналған  «Алгебра»  және  «Геометрия»  пәндерінен  үлгілік  оқу 
бағдарламаларының  құрылымына,  пәндер  бойынша  базалық  мазмұнының 
ерекшеліктерін қарастырайық. 
І. Үлгілік оқу бағдарламаларының құрылымы  
Жаңартылған  мазмұндағы  үлгілік  оқу  бағдарламалары  үш  тараудан 
тұрады. Сонымен қатар оқу бағдарламаларына қосымша ретінде Ұзақ мерзімді 
жоспар берілген.  
Жаңартылған  мазмұндағы  үлгілік  оқу  бағдарламалары  тарауларының 
атаулары 1.2-сызбамен көрсетілген. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1.2-
сызба – Үлгілік оқу бағдарламасының құрылымы 
 
 
1-
тарау – Жалпы ережелер
 
 
2-
тарау – Оқу пәнінің 
мазмұнын ұйымдастыру
 
 
3-
тарау – Оқыту 
мақсаттарының жүйесі 
 
 
Үлгілік оқу бағдарламасының құрылымы
 
 
Жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге 
асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау