47
ортадағы ұғыммен түзу сызықтармен жалғанған ірі мағыналық бірліктер
белгіленеді. Бұл осы тақырыпқа қатысты сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер,
білдірілетін идеялар, ойлар, фактілер, бейнелер, қауымдастықтар болуы мүмкін.
Және ортадағы планетаның «спутниктерінің» жан жағында тақырыпты
неғұрлым толық ашатын және логикалық байланысты кеңейтетін,
маңыздылығы төмендеу мағналық бірліктер болуы мүмкін. Оқылатын
материалда бар фактілер мен пікірлер арқылы санаттарды негіздей отырып,
оларды нақтылай білу маңызды.
Сабақты ұйымдастыру тәсіліне байланысты кластер тақтада, жеке парақта
немесе жеке тапсырманы орындау кезінде әр оқушының дәптерінде рәсімделуі
мүмкін. Кластерді құрастыра отырып мүмкіндігінше түрлі-түсті борлар,
қарындаштар, қаламсаптар, фломастерлер пайдалану керек. Бұл кейбір нақты
сәттерін бөліп көрсетуге және бүкіл ақпаратты жүйелеу процесін жеңілдете
отырып, жалпы бейнесін көрнекілеу етіп көрсетуге мүмкіндік береді.
Кластер құру бойынша бірнеше ұсыныстар бар. Оны құру кезінде ақыл-
ойға келгеннің бәрін баяндаудан және жазудан қорқуға болмайды, тіпті егер
бұл қауымдастық немесе жорамалдар болса да. Жұмыс барысында дұрыс емес
немесе анық емес сөздер түзетілуі немесе толықтырылуы мүмкін. Оқушылар
барлық идеялар таусылғанға дейін жұмысын жалғастыра отырып, қиял мен
түйсікке батыл еркіндік бере алады. Мағналық бірліктердің айтарлықтай көп
санынан қорқуға болмайды, олардың арасында барынша көп байланыстар
жасауға тырысу керек. Талдау барысында барлығы жүйеленеді және өз
орындарына келеді.
Кластер әдісі әр түрлі тақырыптарды оқу кезінде, іс жүзінде барлық
сабақтарда қолданылуы мүмкін.
Бұл әдісті пайдалану кезінде жұмыс нысаны мүлдем кез келген болуы
мүмкін: жеке, топтық және ұжымдық. Ол қойылған мақсаттар мен міндеттерге,
мұғалім мен ұжымның мүмкіндіктеріне байланысты анықталады. Бір нысанның
екіншіге ауысуына жол беріледі. Мысалы, шақыру сатысында, бұл әр оқушы
дәптерінде өзінің кластерін жасайтын жеке жұмыс болады. Жаңа білімдердің
келіп түсуіне қарай, дербес суреттер
базасында және сабақта алған білімдерін
ескере отырып, өткен материалды
бірлесіп талқылау ретінде жалпы графикалық
схемасы жасалады. Кластер, сабақта жұмысты ұйымдастыру тәсілі ретінде және
үй тапсырмасы ретінде пайдаланылуы мүмкін. Соңғы жағдайда оқушылардың
кластер құруда белгілі бір тәжірибелері болуы маңызды.
Кластерді қолданудың келесідей ерекшеліктері бар:
-
ол ақпараттың үлкен көлемін қамтуға мүмкіндік береді;
-
оқыту процесіне ұжымның барлық қатысушыларын тартады, бұл оларға
қызық;
-
балалар белсенді және ашық, себебі оларда қателесеміз, дұрыс емес пікір
айтып қоямыз деген қорқыныш жоқ.
Осы жұмыстың барысында келесідей біліктер қалыптасады және дамиды:
-
сұрақтар қоя білу;
-
ең бастысын бөліп көрсету;
48
-
себеп-салдарлық байланыс орнату және ой тұжырымын жасау;
-
проблеманы тұтастай түсініп жекеліктен жалпыға көшу;
-
салыстыру және талдау;
-
ұқсастық жүргізу.
Кластер тәсілі жүйелі ойлауды дамытады, балаларды оқу материалын ғана
жүйелеуді емес, өзінің бағалау пайымдауларын да жүйелеуге үйретеді, жаңа
алған білімдері, тәжірибесі және бақылауы негізінде қалыптасқан өзінің пікірін
тудыруға және айтуға үйретеді, бірнеше көзқарастарды бір мезгілде қарау
дағдыларын, ақпаратты шығармашылықпен өңдеу қабілетін дамытады.
Кластер әдісін қолдана отырып өткізген сабақтар білім алушыларға өзін
танытуға, сұрақтан өзінің байқағанын айтуға, еркін шығармашылық әрекет
етуге мүмкіндік береді. Бүтіндей алғанда, білім беру процесінде
пайдаланылатын дәстүрлі емес технологиялар оқушылардың ынтасын
арттырады, ынтымақтастық жағдайын қалыптастырады және өз қадір-қасиетін
сезінуді балалардың бойына сіңіреді, оларға шығармашылық еркіндік сезім
сыйлайды.
49
3
Білім мазмұнын жаңарту аясында «Математика» оқу пәнін оқыту
бойынша әдістемелік ұсыныстар
Негізгі орта білім деңгейінде математиканы оқыту практикалық
жағдайларда қолдану және салалас пәндерді игеру үшін қажетті математикалық
білім мен біліктілік жүйесін меңгеру; математикалық білім беруді жалғастыру,
практикалық есептерді шығару құралы ретінде математикалық тілді меңгеру,
математикалық сауаттылықты дамытуды қамтамасыз етуі тиіс. Математиканы
оқыту барысында әртүрлі адами іс-әрекеттер саласында кездесетін кең
ауқымды өмірлік есептерді шешу үшін білім мен біліктерді пайдалану
дағдыларын кеңейтуге, яғни білім алушылардың функционалдық сауаттылығын
дамыту бойынша жұмыстарға аса көңіл аудару қажет.
Қазіргі заманның талабы – шығармашылықпен өз бетінше жұмыс істейтін,
өзгермелі өмірде бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған, құзіретті тұлға
тәрбиелеу.
Құзыреттілік тәсіл жағдайында оқу жетістіктерін бағалау – жеке, өте
маңызды әдістемелік проблема. Ғалымдардың пікірінше, адамның бойында өз
іс-әрекеті мен оның нәтижелерін өздігінен бағалай алу қалыптасса, дәл сол
уақытта ол құзыретті болып табылады. Мұндай мүмкіндік сабақта білім
алушыларды критериалды бағалау кезінде пайда болады.
Критериалды бағалау, ол – білім алушылардың оқу және дүниетанымдық
біліктерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін нақты анықталған, бір-біріне
сәйкес келетін білімнің мазмұны мен мақсаты, сонымен қатар білім
алушылардың оқу жетістіктерін бағалау үшін алдын ала анықталған
критерийлер.
Критерийлер – пәннен нақты тақырыпты меңгеру барысында білім
алушылардың орындайтын іс-әрекеттері, яғни оқу мақсатын жүзеге асыруға
арналған өлшемдер.
Критериалды бағалау, ол – білім алушылардың оқу-танымдық
құзыреттілігінің қалыптасуына ықпал ететін, тиісті білім беру мақсаты мен
мазмұны, барлық процеске қатысушыларға алдын-ала белгілі, ұжыммен
әзірленген, анық айқындалған критерийлері бар, білім алушылардың оқу
жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Критериалды бағалаудың қызметтері:
-
оқытушылық;
-
бақылаушылық;
-
дамытушылық;
-
тәрбиелеушілік;
-
диагностикалық;
-
уәждемелік.
Критериалды бағалаудың міндеттері:
-
оқу процесінің әрбір кезеңінде әр білім алушының дайындық деңгейін
анықтау;
Достарыңызбен бөлісу: |