7
Осы тараулардың әрқайсысына «Математика», «Алгебра» және
«Геометрия» пәндері бойынша тоқталайық.
1-
тарау.
Оқу бағдарламалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23
тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш,
негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына
сәйкес әзірленген.
Осы тарауда пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері көрсетілген.
Негізгі орта білім беру деңгейінде «Математика», «Алгебра»,
«Геометрия» пәндерін оқытудың мақсаты – пән мазмұнын сапалы игеруді
қамтамасыз ету, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру,
сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, ғылыми-жаратылыстану пәндерін игеруге
қажетті математикалық білім мен дағдылардың негіздерін игеру, оқу пәні
материалдары негізінде оқушылардың интеллектуалдық деңгейін дамыту.
Оқу пәнін оқытудың мақсатына сәйкес келесі міндеттер анықталған:
−
«Сандар», «Алгебра», «Геометрия», «Статистика және ықтималдықтар
теориясы», «Математикалық модельдеу және анализ» бөлімдері бойынша
математикалық білім, білік және дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға
жағдай жасау;
−
әртүрлі мәнмәтінді есептерді шешуде математикалық тілді және негізгі
математикалық заңдарды қолдануға, санды қатынастар мен кеңістіктік
формаларды оқып білуге мүмкіндік беру;
−
есептерді шешу мақсатында оқушылардың білімдерін математикалық
модельдерді құруға және керісінше, шынайы процестерді сипаттайтын
математикалық модельдерді түсіндіруге бағыттау;
−
өздігінен оқуға және болашақ таңдаған мамандығы бойынша білімін
жалғастыруға қажетті физика, химия, биология және басқа да теориялық
облыстарда зерттеулер мен есептерді шешу үшін және практикалық іс-
әрекеттерінде математикалық әдістерді қолданудың қарапайым дағдыларын
қалыптастыру;
−
практикалық есептерді шешуде, алынған нәтижелерді бағалау мен
анықтылығын орнатуда лайықты математикалық әдістерді таңдап алу үшін
логикалық және сыни тұрғыдан ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
−
коммуникативтік дағдыларын, оның ішінде, ақпаратты дұрыс және
сауатты түрде беру, сонымен қатар әртүрлі ақпарат көздерінен, басылымдар
мен электрондық құралдардан алынған ақпаратты қолдану қабілетін дамыту;
−
өздігінен және топта жұмыс істеуде қажетті тәуелсіздік,
жауапкершілік,
бастамашылдық,
табандылық,
шыдамдылық
пен
толеранттылық сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту;
−
математиканың даму тарихымен, математикалық ұғымдардың пайда
болу тарихымен таныстыру;
−
математиканы оқыту процесінде ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды қолдану дағдыларын дамыту.
8
2-
тарау.
Екінші тарауда алдымен негізгі білім беру деңгейінің үлгілік оқу
жоспарына сәйкес 5-6 сыныптарда «Математика», 7-9 сыныптарда «Алгебра»
және «Геометрия» пәндерін оқытуға бөлінген оқу жүктемелерінің көлемі
көрсетілген.
«Қазақстан Республикасын,дағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім
берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына
толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2016 жылғы 7 шілдедегі №432 бұйрыгына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 18 тамыз
№422 бұйрығы бойынша 5-6 сыныптарда «Математика» пәніне бөлінген оқу
жүктемесі 2012 жылғы Үлгілік оқу жоспарымен салыстырғанда 1сағатқа кеміді,
ал 7-9-сыныптарда «Алгебра» және «Геометрия» пәндеріне бөлінген оқу
жүктемесі өзгеріссіз қалды (1.1-кесте) [3].
1.1-
кесте – Оқу жүктемесінің көлемі
Сынып
Оқу пәнінің
аталуы
Жалпы жүктеме, сағат
Апталық
Жылдық
5
Математика
5
170
6
Математика
5
170
7
Алгебра
3
102
Геометрия
2
68
8
Алгебра
3
102
Геометрия
2
68
9
Алгебра
3
102
Геометрия
2
68
1.1.-
кестесінен көріп отырғандай, жаңартылған білім мазмұнын енгізу
аясында негізгі орта білім беру деңгейінде «Математика және информатика»
білім саласы бойынша 7-9 -сыныптарда «Алгебра» және «Геометрия» пәндерін
оқытуға бөлінген сағат сандары өзгеріссіз қалған. Ал 5-6 сыныптарда
«Математика» пәнін оқытуға бөлінген сағат саны 2012 жылғы Үлгілік оқу
жоспарымен салыстырғанда сағат саны бір сағатқа кеміген.
9
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемінен кейін пәннің базалық мазмұны
берілген. Әр сыныпқа қатысты өзгерістерге тоқталайық.
5-
сынып.
1-
кестеден көріп отырғанымыздай, 2012 жылғы Үлгілік оқу жоспарымен
салыстырғанда 5-6-сыныптарда математика пәнін оқытуға 5 сағат бөлінген.
Жоғарыда айтылғандай 5-сыныпта «Математика» оқу пәнінің базалық
мазмұнында шамалы ғана өзгерістер. Сағат санына байланысты өзгерістер
«Натурал сандар және нөл саны» тарауына қатысты. Қолданыстаға
бағдарламада осы тарауға 48 сағат бөлінген болса, жаңартылған оқу
бағдарламасына берілген ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес игеруге шамамен 15
сағат бөлінген.
Қалған тарауларды игеруге бөлінген сағат сандары өзгеріссіз.
«Математикалық моделдеу және анализ» бөліміне баса назар аударылған.
Осы сыныптағы үлгілік оқу бағдарламасындағы шамалы өзгерістерге
тоқталайық.
Үлгілік оқу бағдарламасына «Жиын» тарауы және «шиыршық»
принципін сақтау мақсатында «Кеңістік фигураларының жазбалары» тарауы
қосылды, ал оның есесіне сандардың арифметикалық ортасы, мода, медиана,
ауытқу ұғымдары 6-сыныпта қарастырылады.
6-
сынып.
Қолданыстағы оқу бағдарламасы бойынша 6-сыныпта қарастырылатын
«
Функция. Сызықтық функция» тарауының кейбір тақырыптары 7-сыныпқа
көшіріліп, аталған тараудың қалған тақырыптары «Шамалар арасындағы
тәуелділіктер» тарауы болып берілді.
«Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен олардың жүйелері»
тарауындағы «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік
тәсілмен шешу» тақырыбы 7-сыныпқа көшірілді.
7-
9 сыныптар.
Осы сыныптардағы өзгерістер практикаға бағытталған есептерді
қарастыруға байланысты «Статистика элементтері», «Комбинаторика
элементтері», «Ықтималдықтар теориясы» тарауларының тақырыптарына ғана
қатысты. Ол өзгерістерді төменде қарастыратын боламыз.
Сонымен қатар, екінші тарауда оқу пәніне байланысты базалық мазмұн
қандай бөлімдерді қамтитыны, әр бөлім қандай бөлімшелерден тұратыны
көрсетілген.
Яғни, жаңартылған білім мазмұны аясында 5-6-сыныптарға арналған
«
Математика», 7-9-сыныптарға арналған «Алгебра», 7-9-сыныптарға арналған
«
Геометрия» оқу пәндерінің мазмұны оқыту бөлімдері бойынша
ұйымдастырылған.
Әр сынып бойынша осы бөлімдер мен бөлімшелерді қарастырайық.
Атап айтқанда жаңартылған білім мазмұны аясында 5-6-сыныптардағы
«Математика» оқу пәнінің мазмұны бес бөлімнен тұрады (1.3-сызба).
Достарыңызбен бөлісу: |