Этнос14. 12. indd



жүктеу 6,97 Kb.
Pdf просмотр
бет48/180
Дата17.02.2018
өлшемі6,97 Kb.
#10028
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   180

103
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
тəн) жəне демографиялық жағынан тең емес (демографиялық қуаты əр түрлі 
тілдердің жиынтығына тəн), диглосты жəне диглостық емес Т.а. Мыс., Вен-
гриядағы Т.а. эндоглосты, теңдестірілмеген жəне диглосты болып саналады 
(мажар  тілінде  жұрттың 99,4%-ы  сөйлейді, 8 диалектісі  жəне  кодификат-
талған əдеби тілі бар) (қар. Автохтондар, Тіл саясаты, Қазақстандағы тіл-
дік ахуал, Тілдік заңнама, Тілді жоспарлау, Тілді реттеу). 
ТІЛДІҢ АУЫСУЫ (ор. смена языка, ағыл. language shift) – Этностық 
қоғамдастықтың Ана тілінен, Этностық тілінен басқа, беделділеу немесе 
басымырақ тілге көшуі. Т.а. дара түрде (егер белгілі бір тілдің нақты бір иесі 
ана тілін басқа тілге ауыстырса) жəне ұжымдық түрде (егер белгілі бір Тіл-
дік қоғамдастық этностық тілін басқа тілмен ауыстырса) болуы мүмкін. Т.а. 
жол  бастайтын  негізгі  шарт – бұқаралық  Қостілділік.  Т.а.  үдерісінің  еркін 
түрде жүруі өте сирек кездеседі, бұл көбінесе саяси, экономикалық, мəдени 
т.с.с. қысымдардың салдарынан болады. Т.а. себептері: тілді пайдалану аясы-
ның (əуелі қалада, сонан соң ауылда) тарылуы мен жоғалуы; тілдердің түйі-
суінің  қарқындылығы;  біртілді  адамдардың  азаюы/жойылуы  жəне  қостіл-
ділер  (əсіресе,  балалар  арасында)  санының  молаюы;  Этностық  миграция
жаһандану, индустрияландыру, урбандану, демографиялық өзгерістер, білім 
саласындағы  Тілдік  саясат  т.б.  Мəселен,  Цин  əулеті  биліктен  тайған  соң 
(1911  ж.),  қытайлықтардың  Манчжурияға  жаппай  көшуі  мəнжүрлердің  ана 
тілін ханзу тіліне ауыстыруына алып келді; прусс тілінің (батыс Балтық то-
бына жатады) иелері XVIII ғасырдың басына қарай неміс тіліне көшті. 1989 
ж. халық санағының мəліметтері бойынша, Т.а. жоғары пайызы еврейлерден 
(86,62%),  ителмендерден (81,26%), нивхылардан (80,32%) байқалды.  Орыс 
тіліне  көшу  қазіргі  уақытта  Қазақстан  жəне  ТМД  корейлерінде  байқалады 
(қар. Аккультурация, Ассимиляция, Демография, Этностық фузия, Тілдік ас-
симиляция, Тілдік экспансия, Тілді жоспарлау).
ТІЛДІ ЖОСПАРЛАУ (фр. planer біртегістеу, ор. языковое планирование,
ағыл. language planning) - осымен бірдей: Тілдік құрылыс; Т.ж. белгілі бір су-
бъектілерінің тіл иелерінің (Т.ж. нысандарының) тілдік іс-əрекеттеріне ықпал 
етуі үшін жасалатын саналы да нақты іс-шаралар (талпыныстар). Мұндағы 
мақсаттар – тіл қолданысын өзгерту (Тілді мəртебе тұрғысынан жоспарлау), 
тіл  құрылымын  реттеу  (Тілді  корпустық  жоспарлау),  тілді  игеруге  жағдай 
туғызу (Тілді игеруді жоcпарлау) жəне/немесе саяси, біліми, экономикалық, 
қоғамдық, лингвистикалық институттар арқылы тілді мемлекет ішінде жəне 
мемлекеттік  шекарадан  тыс  жерлерге  тарату  (Тілді  таратуды  жоспарлау). 
Т.ж. мынадай істерді қамтиды: Тіл мен Тілдің дамуына осы үшін құрылған, 
осыған орай өкілеттігі бар саяси, біліми, лингвистикалық жəне басқа ұйымдар 
жоспарлаған өзгерістерді саналы түрде енгізу (Мыс., КСРО-дағы 20-30-жыл-
дардағы  Алфавит  комитеттері);  тиісті  Тілдік  қауымдастықтың  мүдделері, 


104
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
орынды əлеуметтік, экономикалық, саяси, демографиялық жəне психология-
лық  өзгермелі  шамаларды  ескеріп  тілді  қарастыру  жəне  реформалау.  Т.ж.
мынадай жолмен жүзеге асады: а) қабылданған тиісті саяси шешімдерді қоса 
отырып Тілдік идеология мен Тілдік саясатты қалыптастыру; ə) іс-əрекеттің 
егжей-тегжейлі бағдарламасын түзу (Тілді қолдану салаларын ұлғайту, Əліп-
би реформасы, еміле реформасы, Тілді нормалау, Тілді кодификаттау, Тілді 
стандарттау т.с. сияқты нақты істерді қамтиды); б) белгіленген бағдарла-
малардың тиімділігін бағалау, аралық жəне аяққы кезеңдерде істер мен мақ-
саттарға түзету жасау (қар. Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік 
бағдарламасы, Кириллица, Тілді кодификаттау, Тілдік реформа, Тілдік ахуал, 
Тілдік заңнама).
ТІЛ ЖƏНЕ ДІН (ор. язык и религия, ағыл. language and religion) –«адам 
феноменінің»  өзіндегі  психология  мен  мəдениеттің  ықпалды  механизмдері 
ретіндегі тіл мен діннің үлкен рөлімен байланысты қазіргі тіл білімінің не-
гізгі проблемаларының бірі. Тіл мен дін, семиотика тұрғысынан қарағанда, 
өзіндік мазмұны жəне осы мазмұнды жеткізетін тəсілдері бар таңбалық екі 
бөлек жүйе; философиялық тұрғыдан, қоғамдық сананың екі түрлі формасы 
(тіл – қарым-қатынастың əмбебап құралы, техникасы, ал дін – қарым-қаты-
нас үстінде жеткізілетін əмбебап мəністер, адам мен қоғам үшін ең маңызды 
да көкейтесті мəністер). Бұл тұрғыдан келгенде діни салт жораларын жүргізу 
барысында қолданылатын (мысалы, мұсылман мешітінде – араб тілі, право-
славие шіркеуінде – көне славян (шіркеулік славян) тілі) дін тілі жəне діни 
тіл термин тіркестері қарастырылады (қар. Тіл, Қазақстан тілдері). 
ТІЛ ЖƏНЕ ЖАЗУ (ор. язык и письменность, ағыл. language and written 
language) – таңбалық жүйе ретіндегі жазу адам Тілінің тірлік формаларының 
бірі болып табылады. Жазу сөздік ақпаратты, мəністік басқа да элементтерді 
пішіндеу  мен  тіркеуге  жəне  тілдік  пішініне  қарамастан  қашықтықтан  жет-
кізуге арналған. Қазіргі жазу қалыптасудың ұзақ кезеңінен өтті, соған орай 
мынадай маңызды белгілері орныққан: ұзақ уақыттық сипат; тұрақты шарт-
ты таңбаларды пайдаланатындығы; Мəтіндерді тіркейтіндігі, көрнекілігі (қа-
былдаудың терімен (тактильдік) сезіну арқылы қабылданатын Брайль əліп-
песін т.с.с. есептемегенде). Жазу дамуының бірнеше кезеңі бар, олар – пик-
тографиялық  жазу,  идеографиялық  жазу,  буындық  жазу,  əріптік-дыбыстық 
жазу кезеңдері. Жазу туралы ғылым грамматология деп аталады. Қай тілдің 
болсын  дамуындағы  маңызды  кезең  жазба  тілдің  шығуымен  байланысты, 
яғни,  жазуы  бар,  жазба  дəстүрі  бар  Тіл  дамыған  тіл  болып  саналады.  Жаз-
ба тіл Тілдің сөз бен оралымдарының жазба тілге тəн арнайы ерекшеліктері 
бар түрі. Жазба тіл мемлекет дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болады 
да ресми функция түгелдей соған көшеді. Мыс., Орта ғасырлардың ерте ке-
зеңінде латын сызбалық таңбаларының арқасында уақыт пен кеңістікке бел-


жүктеу 6,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   180




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау