107
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ТІЛДІК ҚҰҚЫҚ (ор.
языковое право, ағыл.
language right)-
жеке өмір-
де жəне қоғамдық өмірде белгілі бір тілді/тіл нұсқасын таңдау, үйрену жəне
пайдалану құқығы. Т.қ. əзірлеуге адам құқығы туралы халықаралық құжаттар
тірек болады. Ол құжаттарда Т.қ. БҰҰ Адам құқықтарының жалпыға ортақ
декларациясында (1948 ж.), Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы халық-
аралық пактіде (1966 ж. Пактіде «əр адам туған тілін пайдалануға құқылы»
екендігі көрсетілген /27-бап/), «Баршаға білім беру жөніндегі бүкілəлемдік
декларацияда» (1990 ж.), «Ұлттық азшылықты қорғау туралы шектік конвен-
цияда» (1996 ж.), «Адамның тілдік құқығының жалпыға ортақ декларация-
сында» (1992 ж.) т.б. мазмұндалған қағидалардың табиғи дамуы ретінде қа-
растырылады. Өңірлік тілдер мен азшылықтың тілдері жөніндегі еуропалық
Хартияда (1992 ж.) кейбірінің біржола жоғалу қаупі бар өңірлік тілдер мен
миноритарлық тілдерді қорғау Еуропаның мəдени байлығы мен дəстүрлерін
сақтап, дамытуға септесетіні атап көрсетілген. Т.қ. жөніндегі соңғы құжат-
тардың бірі – Ұлттық жəне этностық, діни жəне тілдік азшылыққа жататын
адамдардың құқығы туралы декларация (1992 ж.). Мұның 1-бабында «тиісті
аумақтарда ұлттық не этностық, мəдени, діни жəне тілдік азшылықтың тір-
шілік етуі мен дербестігін мемлекет қорғайды жəне осы дербестіктің дамуы-
на жағдай туғызуға ынталандырады» деген нұсқау бар (қар.
Автохтондар,
Мемлекеттік тіл, Ұлттық азшылық, Ана тілі, Адам құқықтары, Тілдік
ахуал, Тілдік заңнама, Тілдік конфликт).
ТІЛДІК ҚҰРЫЛЫС (ор.
языковое строительство, ағыл.
language
construction)
–
Тілді жоспарлаумен бірдей (қар.
Тілдік ахуал, Тілдік заңнама,
Тілді жоспарлау)
.
ТІЛ ЖƏНЕ ҚОҒАМ (ор.
язык и общество, ағыл.
languge and society -
қазіргі тіл білімінің негізгі проблемаларының бірі. Тілдің шығуының, дамуы-
ның, қолданылуының қоғаммен себептестігін, тілдің əлеуметтік стратифика-
циясын, қоғам мен қоғамдық институттардың тілдің құрылымы мен функция-
сына т.б. саналы ықпалын зерттеумен байланысты проблемалардың шешімі
ізделеді (қар.
Билингвизм, Мультилингвизм, Əлеуметтену, Тілді жоспарлау,
Тілді реттеу).
ТІЛ САЯСАТЫ (грек.
politike мемлекет басқару өнері,
ор.
языковая поли-
тика, ағыл.
language policy, language politics)
- мемлекеттік саясаттың ажы-
рамас бөлігі; тілді жоспарлаудың белгілі бір субъектілерінің (мемлекеттік
билік, əлеуметтік топтар, элиталар, халықаралық ұйымдар, партиялар, тап-
тар т.б.) тіл қызметіне, тіл дамуына саналы əрі мақсатты түрде ықпал етуінің
теориясы мен тəжірибесі; қолданыстағы тілдердің қызмет етуіне мақсатты
жəне ғылыми негізде басшылық ету жəне тілдік қатынас құралдарының жаңа
түрлерін жасау жəне жетілдіру. Т.с. елдегі тілдік ахуалдың дамуындағы стра-