102
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық мо-
делі, қазақстандық этносаясаттың қағидаттары).
ТІЛ (ор.
язык, ағыл.
language)
- 1. Адами қарым-қатынастың (коммуника-
цияның) халықтың ойлауымен, ділімен,
Мəдениетімен ажырағысыз байла-
ныста болатын маңызды да əлеуметтік шартты құралы. Т.
- адамдар арасын-
дағы əлеуметтік, тілдік, саналы əрекеттесудің негізі, олардың мінез-құлықта-
рын реттеудің, қоғам мен оның құрылымдық элементтерін басқарудың маңыз-
ды құралы. 2. Шартты, бірақ құрылымдық жағынан негізделген мəні бар
таңбалар мен нышандардың жүйесі (қар.
Автохтондық тіл, Мемлекеттік
тіл, Тұрғылықты тіл, Халықаралық тіл, Жергілікті тіл, Миноритарлық тіл,
Əлемдік тілдер, Ресми тіл, Ана тілі, Титулдық тіл, Этностық тіл, Білім
тілі, Қазақстан тілдері, Ұлтаралық қатынас тілі, Əлем тілдері, Тілдік қа-
уымдастық).
ТІЛДІК АССИМИЛЯЦИЯ (ор.
языковая ассимиляция, ағыл.
Assimilation,
лат.
аssimilation ұқсастыру) – 1. Əсері жағынан (
Этностық ассимиляция-
мен, Аккультурациямен қатар)
Ассимиляция түрлерінің бірі. 2. Бір
Этнос
өкілдерінің басқа
Этнос тілін меңгеру жəне Ана тілінен басқа тілге ауысу
үдерісі мен соның нəтижесі. 3. Көптілділік саясатының түрі, мұндайда жеке-
леген этностар басқа басым тілдің жəне/немесе
Мəдениеттің пайдасы үшін
өз тілінен жəне/немесе
Мəдениетінен ерікті я мəжбүрлі түрде бас тартады.
Тіл тілдік шовинизмнің, сегрегацияның, рухани-мəдени жəне
Тілдік экспан-
сияның қысымымен ерікті немесе мəжбүрлі түрде ассимиляциялануы мүм-
кін, бұл, əрине, шиеленіссіз (
Конфликт) болмайды. Т.а., əдеттегідей,
Билинг-
визмнің ұзақ кезеңінен кейін болады, салдарынан
Этностық бірегейліктің
жоғалуы (ауысуы),
Тілдің ауысуы, Тілдің өлуі мүмкін (қар.
Саны аз халықтар,
Тұрғылықты этнос, Этностық фузия, Этнотілдік ахуал, Тілдік идеология,
Тілдік саясат, Тілдік ахуал, Тілдік құқық).
ТІЛДІК АХУАЛ (лат.
situacio положение, ор.
языковая ситуация, ағыл.
lan guage situation) - қоғамда тілді/тілдерді шынайы пайдаланатын ортаның
жағдайы; белгілі бір тарихи кезеңде сол бір əкімшілік-аумақтық бірлестікте
(этностық қауымдастықта) қолданылатын тілдердің жиынтығы, тілдің, ау-
мақтық жəне əлеуметтік диалектілердің, койненің, жаргондардың тірлігінің
формасы. Т.а. бірнеше шендес түрлерге бөлінеді: эндоглостық (бір тілдің ішкі
жүйесінің жиынтығына тəн) жəне экзоглостық (əр түрлі тілдердің жиынтығы-
на тəн), теңдестірілген (коммуникативтік қуаты бірдей, жұмсалымдық мəні
əр түрлі тілдердің/тіл нұсқаларының жиынтығына тəн) жəне теңдестірілме-
ген (коммуникативтік қуаты əр түрлі, жұмсалымдық жағынан беделді жəне
беделсіз тілдер мен олардың нұсқаларының жиынтығына тəн), демография-
лық жағынан теңдес (демографиялық қуаты бірдей тілдердің жиынтығына