110
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
берiлмейдi. Қазақстанда мемлекеттiк тiлдiң жəне басқа да тiлдердiң қолда-
нылуына жəне оларды үйренуге кедергi келтiретiн лауазымды адамдардың
iс-əрекеттерi Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауаптылыққа
əкеп соқтыратындығы» ескертіледі (қар.
Ана тілі, Тілдік идеология, Тіл сая-
саты, Тілдік заңнама, Тілді жоспарлау, Тілдік құқық).
ТІЛДІК РЕФОРМА (ор.
языковая реформа, ағыл.
language reform, лат.
reformare өзгерту, қайта құру) - тілді жетілдіру мен дамыту жолындағы мақ-
сатпен əлеуметтік-тілдік шаралар жасау (жаңалықтар енгізу), мыс., емлені
реформалау, жазуды реформалау т.с.с.
(қар. Тіл саясаты,
Тілді жоспарлау,
Тілдік ахуал).
ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ТІЛ (ор.
коренной язык, ағыл.
native language) – дəстүр-
лі тұрғылықты аумағымен мызғымас тарихи байланысы бар, өсіп келе жатқан
ұрпақ үшін
Мəдениетін, Салт-дəстүрін, Тілін сақтап қалуға, дамытуға, қал-
дыруға талпынатын Тұрғылықты этностың тілі. Т.т. –
Тұрғылықты этнос-
тардың этностық бірдейлестігі мен Тілдік бірдейлестігінің негізгі белгісі
болып табылатын, Халық санағында негізгі тіл ретінде көрсетілетін тіл. Т.т.
ұғымы
Титулды этнос тілі ұғымынан гөрі танымал. Финляндияда фин жəне
швед тілдері –
Ресми тілдер, ал саам (3000 сөйлеушісі бар), цыган тілдері
(10000 сөйлеуші бар), сонымен бірге ым тілі (керең адамдардың тілі, 10000
адам) Т.т. болып жарияланған, бірақ орыс тілі (31000 адам) мұндай мəрте-
бе алған жоқ (А.Мустайоки). Т.т. құқықтарын тұрғылықты халықтікі сияқты
Тұрғылықты халықтардың құқықтары туралы декларация, Азаматтық жəне
саяси құқықтар туралы халықаралық пакт жəне т.б., қорғайды (қар.
Автох-
тонды тіл, Жергілікті тіл, Халық, Этностық тіл, Тіл, Диаспора тілі, Қа-
зақстан тілдері, Тілдік құқық).
«ТІЛДЕРДІҢ ҮШТҰҒЫРЛЫЛЫҒЫ» МƏДЕНИ ЖОБАСЫ (ор.
Куль-
турный проект «
Триединство языков», ағыл.
cultural project «trinity of
languages»)– Қазақстан Республикасының ішкі саясаты бағыттарының бірі,
оның негізі үш тілдің басымдылықпен даму идеясынан тұрады: қазақ тілі –
Мемлекеттік тіл, орыс тілі –
Əлем тілдерінің бірі жəне ұлтаралық қатынас
тілі, ағылшын тілі – əлем тілдерінің бірі жəне жаһанданған экономикаға ой-
дағыдай қосатын тіл. Т.ү.м.ж. идеясы мынадай қысқаша тұжырымнан келіп
шыққан: «мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз жəне ағыл-
шын тілін меңгереміз». Тілдер мен мəдениеттердің алуан түрлілігі жағ-
дайында өзге тілдер мен мəдениетке қысымшылық жасамай жəне қоғам-
дық келісімді күшейте отырып, Т.ү.м.ж. барлық Қазақстан халықтарының
Тілдік құқығын сақтауын, қарым-қатынас, оқу жəне өнер тілін еркін таңдау-
ды қамтамасыз етеді. Елімізде жексенбілік мектептер мен этноағартушылық
орталықтардың ауқымды торабы құрылып, табысты қызмет етіп жатыр.