Этнос14. 12. indd



жүктеу 6,97 Kb.
Pdf просмотр
бет45/180
Дата17.02.2018
өлшемі6,97 Kb.
#10028
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   180

97
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
- С -
САНЫ АЗ ХАЛЫҚТАР (ор. малочисленные народы, ағыл. minority people) 
 Өкілдерінің аздығымен ерекшеленетін, бірақ белгілі бір шамада өздерінің 
Этностық бірдейлестігінТілін, Тілдік бірдейлестігін, өзіндік Мəдениетін
Дəстүрлері  мен  салттарын,  дəстүрлі  шаруашылығының  формасын,  дінін 
сақтап қалған Халықтар, Этностар, Этностық топтар. Мұндай халықтар-
дың қатары жер шарында жаһанданудың, Ассимиляцияның, Этностық фузия-
ның  жəне  т.б.  таралуына  байланысты  көбейіп  келеді.  Ресей  Федерациясы-
ның тұрғылықты С.а.х. соңғы Бірыңғай тізіміне (2010) абазин, алютор, вепс, 
долган, ижор, ительмен, манси, нанай, нганасан, негидал, ненец, нивх, орок, 
ороч, селькуп, тазы, ханты, чуван, чукча, эвенк, эвен, юкагир жəне т.б. кіреді. 
Ресейдің осы аталған жəне өзге де тұрғылықты С.а.х. Қазақстан Республика-
сында да С.а.х. қатарында (қар. Автохтон, Ассимиляция, Тұрғылықты этнос, 
Тұрғылықты тіл, Диаспора тілі, Тілдік ассимиляция).
СƏЙКЕСТЕНДІРУ  (лат.  identifi -со  –  теңестіремін,  ор.  идентификация, 
ағыл.  identi fi cation)  – 1. Бір  белгілердің  негізінде  нысандардың  теңдестігін 
анықтау. 2. Дара  адамның  бір  нысанмен,  адамдармен  я  топпен  оларға  тəн 
қасиеттерді, стандарттарды, құндылықтарды, əлеуметтік бағдарларды игеру
арқылы бірдейлестіру үдерісі. С. үдерісі əлеуметтендіру қызметін де, бейім-
деу  қызметін  де  атқаруға  арналған.  Бірдейлестік  матрицасынан  «түсіп  қа-
луы» адамның əлеуметтік өміріндегі мінез-құлығын өзгертеді, өйткені ол со-
дан былай бөтен ретінде, дұшпан ретінде санала бастайды. 
 С. құрылымынан, əдетте, үш негізгі компонент ажыратылады, олар – ког-
нитивтік (өз тобының ерекшеліктері жөніндегі білетіндері, түсініктері, белгілі 
бір сипаттарға сүйеніп өзін сол топтың мүшесі деп санамен сезіну), аффек-
тивтік (өз тобының сапаларын бағалау, ол топтың мүшелігіне қалай қарай-
тындығы, осы мүшеліктің маңыздылығы) жəне қылықтық (белгілі бір топтың 
мүшесі екендігін санамен сезінудің ғана емес, сол топтың мүшесі екендігін 
көрсетудің нақты механизмі, түрлі ауыс-түйістер кезіндегі əрекеттер мен қа-
рым-қатынастар жүйесін құру) компоненттер (қар. Этностық сəйкестендіру, 
Тілдік сəйкестендіру, Діни сəйкестендіру, Мəдени сəйкестендіру).
СЕГРЕГАТТАУ  (соңғы  лат.  Segregatio – бөліну,  ор.  сегрегация,  ағыл. 
segregation) – жұрттың қандай да бір тобын немесе бірнеше тобын мəжбүр-
леп бөлу саясаты. Əдетте, діни жəне нəсілдік кемсітушіліктің бір түрі ретін-
де ескеріледі (нəсілдік немесе этностық белгілеріне қарай топтың бөлінуі). 
С. заңмен жəне фактіге қарай бөлу болып бөлінеді. Заңды немесе əкімшілік 
жолмен сегрегаттау Орта ғасырларда жəне Жаңа заманда герман жəне англо-
саксондық елдерде, сондай-ақ олардың отарларында (Германия, АҚШ, Бри-


98
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
тан  империясы,  ОАР,  Ирландия,  Прибалтика  жəне  т.б.)  өте  кең  тараған.  С. 
бұл түрі нəсілдік жəне этностық азшылықтарды арнайы бөлінген жерлерге 
(резервацияларға, геттоларға, бантустандарға жəне т.б.) мəжбүрлі түрде ор-
наластырған жəне оларды еріксіз оқшаулап, жүріп-тұру бостандығын, маман-
дық таңдауын, мүліктік құқығын шектеген, əртүрлі нəсілдік жəне этностық 
топтарды оқыту мен қызмет көрсету бөлек жүрген. С. тұрақты түрде жүргізу 
тəжірибесі ОАР мен гитлерлік Германияда байқалды. С. бұл түрлері XX ға-
сырдың екінші жартысында адам құқығын қорғау қозғалысы жетістікке жет-
кеннен соң, іс жүзінде жойылды. Қазір өте сирек кездеседі.
Алайда бір уақыттарда заңды түрде болған көп елдерде С. осы күнге дейін 
факт ретінде орын алуы мүмкін. С. фактісі көпұлтты қауымдастықта спон-
танды түрде пайда болатын əртүрлі нəсілдік жəне этностық топтар өкілдерін 
бөлек  орналастыру,  белгілі  бір  кəсіби  бағыт  бойынша  тиісті  мамандыққа
оқыту деп ұғынылады. Қазір С., ең алдымен, ірі қалалар мен қалалық шоғыр-
ланған жерлерде көрініп жүр. Батыс елдерінде мигранттарды шағын этнос-
тық анклавтарға орналастыру кең таралған, бұлар мемлекеттік басқару тара-
пынан бақылаудан шығып барады.
Сарапшылар қоғамдастығы, этносаяси үдерістерді зерттеушілер С. негіз-
гі үш түрін атап жүр: бірінші деңгейі, шағын сегрегаттау – қоғамдық жəне 
жұрт баратын жерлерді бөлу; екінші деңгей, мезосегрегаттау – ақ түстілерді 
жəне басқа да халықтарды тұратын аудандары бойынша бөлу; үшінші деңгей, 
макросегрегациялау – тұтас бір халықты белгілі бір аумақтарға (бантустан-
дарға, резервацияларға жəне т.б.) оқшаулауды білдіреді. 
Сегрегаттап  кемсітушіліктің  қалдықтары  əлі  де  сақталғанымен,  сегрега-
цияға қарсы белсенді жəне заңды түрде күресушілердің ресегрегация жəне 
интеграция (бірігу) əрекеттері күш алып келеді.
Соңғы жылдары гиперсегрегаттау сияқты жаңа сегрегаттық феномен пай-
да болды. Кейбір ұлы державалардың ұлттық-мемлекеттік деңгейде, тіптен, 
планетаның  өңірлері  көлемінде  сегрегаттау  жүргізуінің  кесірінен  этностар 
ұлттық-мəдени  дəстүрлерін,  саяси  бағдарларын,  экономикалық  мүдделерін 
белсеніп қорғау мүмкіндігінен айырылуда. Бөлгендерге белгілі бір тыйымдар 
салынады (қызыл сызық практикасы), бұл тыйымдарды бұзу санкциялар мен 
басқа да жазаларға əкеп соқтырады (қар. Кемсітушілік, Апартеид, Мигран-
тофобия, Бөлінген халықтар, Этностық стереотиптер).
СЕПАРАТИЗМ /ЖІКШІЛДІК/ (лат. separatio – бөліну, ор. сепаратизм
ағыл. Separatism) – 1. Бөлінуге, оңашалануға ұмтылу. 2. Кейбір топтардың, 
ұйымдардың үлкен ассоциациядан бөлініп, дербестік алуға ұмтылған қозға-
лысы.  С.  себептері  биліктегі  элитаның  шовинистік  саясатына,  этностық 
көпшіліктің саяси қысымына, көрші мемлекеттің агрессиялық-ирреденталық 
саясатына қарсылық көрсетуінен болуы мүмкін (қар. Ирредента). С. конфес-


жүктеу 6,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   180




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау