119
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Ұлттық қауіпсіздіктің нысандары: тұлға, оның құқықтары мен еркіндік-
тері; қоғам, ондағы материалдық жəне рухани құндылықтар; мемлекет, оның
конституциялық құрылымы, егемендігі мен аумақтық тұтастығы.
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі принциптері: заңдылық,
тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүдделерінің тең-
герілімін сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тұлғаның қоғам мен
мемлекеттің өзара жауапкершілігі, қауіпсіздіктің халықаралық жүйелерімен
ықпалдасу.
Ұлттық қауіпсіздіктің түрлері: қоғамдық, əскери, саяси, экономикалық,
ақпараттық, экологиялық қауіпсіздік. Қазақстанда 2012 жылғы 6 қаңтар-
да №527-IV «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қа-
зақстан Республикасының Заңы қабылданды, онда қауіпсіздіктің принцип-
тері, қауіп-қатерлер, қызметтері, оны қамтамасыз ету жүйелері, мемлекеттік
органдардың өкілеттіктері т.б. көрсетілген (қар.
Мемлекет, Қазақстан халқы
Ассамблеясы, ҚР Конституциясы).
ҰЛТТЫҚ-МƏДЕНИ АВТОНОМИЯ (ор.
Автономия национально-куль-
турная, ағыл.
Autonomy national and cultural)
– ұлттың өз өмірін өзі ұйымдас-
тыру формасы, мұнда тұрмыс, дəстүр, мəдениет, тіл, білім т.б. мəселелерін
этнос өзі дербес əрі ұлттық-аумақтық бірліктер (автономиялық құрылымдар)
құрмай-ақ шешеді.
Өзін-өзі басқару жəне тіл ортақтығы негізінде этностық топ өз мектебін,
газетін, радиохабарларын, қоғамдық бірлестіктерін т.б. ұйымдастырады.
Финляндияда, Швецияда жəне Норвегияда саамдардың парламенттері бар,
сондай-ақ үш елдің – Норвегия, Швеция жəне Финляндия саамдарының
скандинавтық кеңесі жұмыс істейді. Түрлі аз ұлттардың кеңестері Австрия
мен Венгрия үкіметтерінің жанында да бар. Македонияда парламенттің жұ-
мыс органы Ұлтаралық қатынастар жөніндегі кеңес болып табылады, оған
македондықтардан, албандықтардан, түріктерден, влахтардан, сығандардан
екі-екі өкілден кіреді. Кеңесті парламент төрағасы басқарады.
Кей жағдайда бытыраңқы аз этностар үшін парламенттерде өкілдік ету-
дің бекітілген нормалары белгіленуі, мемлекеттік басқа да органдардан алар
орындардың үлесі сақталуы, ал мұндай аудандарда жұмыс істейтін мемлекет-
тік қызметшілер жергілікті жұрттың тілін білуге міндетті.
Ұ-МА тұрпатын өзгертіп бірте-бірте ұлттық-аумақтық автономияға ай-
налатын немесе бірегей мемлекеттік құрылысты федеративтік құрылысқа
ауыстыратын (мысалы, Бельгия, Судан – бұл елде 2011 жылы жаңа тəуелсіз
Оңтүстік Судан мемлекеті бөлініп шықты) жайттар аз емес.
Қазақстан Республикасындағы ұлттық қатынастардың ұйымдастырылуы
Ұ-МА-мен жекелеген ұқсастықтары (мыс., аумақтық негіздің болмауы) бола
тұра одан едəуір өзгеше, ең алдымен, Қазақстанда этностың өз ішіндегі жəне