Оқулық ретінде ұсынған Алматы 2013



жүктеу 3,67 Mb.
Pdf просмотр
бет49/135
Дата16.02.2018
өлшемі3,67 Mb.
#9902
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   135

Қазақ тілі 

 

 



147 

балға − ұсталардың, шеберлердің ұстанатын ұрғыш темірі 

кескіш – темір кесетін бір басы жүзді жұмыр шапқы 

қадау – үшкір темір, шүй, қашау 

қадаубас – темір тесетін құрал, асыл тескіш 

қазиек – пышқы, темір ара 

масатемір – қысқаш темір 

пәрбі(бәрбі) – шойын тесетін үскі 

теміртек – жасық, жай темірден соққан пышақ 

тескіш – темір тесетін, ұшының асылы бар қадау тас темір 

тістеуіш −  араның тістерін оңдайтын кілт сияқты  темір 

үңгуір – қуыстап жонатын пышақ 

шақпы (шапқы) – темір кесетін асыл жүзді темір 

іскеңже – қысқа темір (тиска) 

 

330-тапсырма. Термин сөздерді жазып, жаттап алыңыздар. 

 

темір қалақша – металлический шпатель  



темір сылақ – металлический сокол 

темір тотияйын – железный купорос  

темір тісті қырғыш – зубастый металлический сиребок 

темірбетон тақта – железобетонная плита 

темірбетон тақтай – железобетонная доска 

темірбетон жүгіртпесі – железобетонная прогон 

темірбетондық аражабын – железобетонное прекрытие 

темірбөлгіш – железоделитель 

темірсүрткі жақпа – железосуриковая замазка 

 

331-тапсырма.  Мәтін  бойынша  сөз  тіркестерінің  сыңарын 

табыңыздар. 

Тұрғын ______, құрылыс_______, солардың аралас ______, 

өңдейтін_______, қиыншылық_______, табыну________, 

табиғи_______, негізгі_______, өрескел______, қола______, 

тас өндеу________, жонып________, жауып_________. 

 

332-тапсырма.  Мәтінмен танысыңыздар.  

 

Қазақ жеріндегі  архитектуралық  құрылыс қаңлы, үйсін өз 



дәуірінде    де  дамиды,  оны  біз  жазба  деректерінен  білеміз. 

Мәселен,  үйсін  тайпасының  орталығы  Жетісуда  Қытай 




Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

 

148 



деректерінде Чигу-чэн  каласы болса, ал қаңлылардың орталығы 

– Сырдарияның бойында Битен қаласы болған. Бұл қалалардың 

орындары  табылған  жоқ.  Бірақ  олардың  аттарының  сақталуы  

қаланың  болғандығына  күмән  келтіруге  болмайды.  Қалалардың 

мүлдем  жоғалып  кетуіне  басты  себеп,  олардың  құрылыс 

материалдарының  күйдірілмеген    кірпіштен  жасалуы  болса, 

екіншіден,  сол  кездегі  тайпалар  арасындағы    үздіксіз  талас-

тартыстың  нәтижесі.  Археологиялық  зерттеулерге    қарағанда, 

сондай  қиын  жағдайға  карамастан,  қаңлы-үйсін    тайпаларының 

кезінде салынған  құрылыс жайлардың  орындары да болған. 

 

333-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер. 

 

Жазба деректерден біз нені білеміз? 



Қытай деректеріндегі үйсін тайпасының орталығы қай қала 

болған? 


Қытай  деректерінде  қаңлы  тайпасының  орталығы қай  қала 

болған? 


Қалаларда ненің болғандығына күмән келтіруге болмайды? 

Қалалардың мүлдем жоғалып кеткендеріне не себеп болды? 

Қаңлы,  үйсін  тайпаларының  кезінде  салынған  ненің 

орындары болған? 

 

334-тапсырма.  Мәтіндегі  сөйлемдерді  сұраулы  сөйлемдерге  

айналдырыңыздар. 

 

Сақтардың шаруашылығында  мал өсіру және егіншілікпен 



қатар  темір  қорыту  да  үлкен  рөл  атқарды.  Олар  темір  қорыту 

әдісімен    бір  шама  ерте  кезде  танысқан.  Б.з.б.  мыңжылдықтың  

бас  кезінде-ақ  сақтар  қызыл,  қоңыр  және  магнитті  темір 

рудасын  пайдалана    білді.  Орталық  Қазақстан,  Жетісу  және 

Арал  маңынан  б.з.б  VII  ғасырда  сақтардың  темірден  жасаған 

көптеген 

бұйымдары 

табылған, 

сондай-ақ 

ертедегі  

кенорындары, металлургиялық өндірістің қалдықтары белгілі. 

Қола  құю  ісі  және  түсті  металдарды  өңдеу  жоғары 

дәрежеде  болды.  Зергерлік  бұйымдар    жасау  жұмысы    жақсы  

жолға  қойылған.  Мұнда  дәнекерлеу,  соғу  және  алтын  жалату, 

алтыннан  сым  созу,  ойып  өрнектеу  жұмыстары,  т.б.  әдістер 

қолданылған. Қыш пен ағаштан ыдыс жасай білген. Тасты өңдеп 




Қазақ тілі 

 

 



149 

іске  жаратқан,  сүйектен    ойып  түрлі  бұйымдар  істеген,  тері  

илеу және тоқымашылықпен  де шұғылданған. 

 

335-тапсырма.  Термин  сөздерді  сөздік  дәптерлеріңізге 

жазып алыңыздар. 

 

тас төсем – каменная брусчатка 



тас үгінді – каменная крышка 

тас үймелі іргетас – каменно-набросный фундамент 

таскесте – мозайка 

таскөмір шайыры – каменноугольная смола 

таспен қаптау – обшивка тесом 

таспен толтыру, таспен шегендеу – забутовка 

тасты жыныс – скальная порода 

тастемір – железняк 

тастескіш  −  приколка камня 

таскескіш, тасшеге – шлямбур 

тасты сыналастыру – приколка камня 

тастақ, тасты – каменистый 

тас-топырақ  − каменное-земляная 

 

336-тапсырма.  Мәтінге  жоспар  құрып,  жоспар  бойынша 

әңгімелеп беріңіздер. 

 

Алтын адам 

 

Тарих  атасы  Геродоттың  мәліметтері 

бойынша, жыл санауымыздан бес ғасыр бұрын 

қазіргі  қазақ  жерінің  оңтүстік  батыс  бөлігін 

исседондар  Әму  мен  Сыр  өзендері  арасын 

массагеттер  мекендесе,  бүгінгі  Өзбекстан  

иелігінің  батыс  жақ  өңірінде    соғдылар,  ал 

шығыста    осы  күнгі  Оңтүстік  Қазақстан  мен 

Қырғызстан 

территориясына 

дейін 

сақ 


тайпалары өмір сүрген. 

Парсы  патшасы  Дарии  I  жазбаларында 

сақталған  үш тобы аталды: хаомаварга сақтары 

(хаом  сусынын  жақсы  көретіндер),  тиграхауда 




жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау