Қазақ тілі
141
Қырғы – ағашты, сүйекті, мүйізді қырнауға, қырып
тегістеуге арналған құрал.
Бұрғы − ұшы өткір, бұрандалы тескіш, бұрғылап тесетін
темір құрал.
Тез − үйшілердің ағашты түзетіп немесе иіп қалыптайтын
білдегі (станогы).
Қысқы − бір нәрсені қатты қысып ұстап тұратын құрал.
313-тапсырма. Мәтін бойынша көп нүктенің орнына тиісті
сөздермен сөз тіркестерін қойыңыздар.
Қазақтың ұлттық қолөнерінде .... заттар жасалады. ... ,
қайыңды, үйеңкіні пайдаланады, .... ағаш ояды, ... шыбық талды
пайдаланады. Балташылар ...... борайды, еден төсеп, ....., .....
сияқты ірі заттарды істеді.
.... сөре, орындық, кебеже, асадал жасайды. .... оны жонып
күйдіреді де, бояулап өрнектейді. ....., .... қамыстан, шиден
қорап, шарбақ сияқты заттарды өреді. …… балта, пышқы, сүргі,
бұрғы, тез, қысқы, үскі қашау сияқты аспаптарды пайдаланады.
314-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдерді пайдаланып,
сөйлемдер құрастырыңыздар.
1. Бұтақсыз ағаш июге жақсы,
Бұтақсыз сөз түюге жақсы.
2. Балам өнерлі болсын десең,
Аталық айтар ісің болсын.
3. Қанша жуан болса да,
Жалғыз ағаш үй болмас.
4. Қисық ағашты тез түзер,
Қисық сызықты көз түзер.
5. Өз үйінде ою оймаған,
Кісі үйінде сызу да сыза алмас.
6. Тас еккеш таста жонуға көнеді.
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
142
315-тапсырма. Қазақша-орысша, орысша-қазақша термино-
логиялық сөздіктен («Сәулет және құрылыс», – Алматы, 2000)
ағаштан жасалған бұйымдарды тізіп жазып, жаттап алыңыздар.
ағаш арқалық − деревянная балка
ағаш білеу − деревянный брус
ағаш жаққалы тақта − древесно-стружечная плита
ағаш қада − деревянная свая
ағаш қатарлағыш − деревянная порядовка
ағаш қатпарлы тақта −древесно-слоистая плита
ағаш сүйеніш білеу − деревянный упорный брус
ағаш табандық – деревянный поддон
ағаш үйіндісі – древесная опилка
316-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын айтып
беріңіздер.
Қазақстандағы
архитектуралық
құрылыс
жүйелерінің
дамуын сақ тайпаларының кезіндегі құрылыстардан байқау
қиын емес. Көрнекті кеңес археологы Қ. Ақышевтің Іле өзені
бойындағы Бесшатыр обаларына жүргізген зерттеу жұмыстары
кезінде, жерленген адамның үстінен ағаштан жасалған
төртбұрышты үй жасап, ішіне қойылғандығын тапқан. Бұл
үлкен ғылыми жаңалық болып отыр.
Мұндай құрылыс сақ тайпаларының өмір сүрген мерзіміне
сәйкес келетін, Қара теңіз жағалауындағы скифтерде Алтай,
Сібір жерінің темір дәуіріндегі тайпаларында мұндай құрылыс
жүйелері болмаған. Қазақстандағы сақ тайпаларының ағаштан
тамаша құрылыс жүйелерін салған деп санауға болады. Бірақ
олар сақталмаған.
317-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Қазақстандағы қай тайпалардың ағаштан құрылыс
жүйелерін салған деп санауға болады?
2. Қ. Ақышев қай өзеннің бойында зерттеу жұмыстарын
жүргізген?
3. Зерттеу барысында нені тапқан?
Қазақ тілі
143
4. Қай дәуірдің тайпаларында мұндай құрылыс жүйелері
болмаған?
5. Ағаштан жасалған бұйымдарды атаңыздар.
318-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсінуге
тырысыңыздар және оны одан ары жалғастырыңыздар.
Салауатты өмір және оның ғылыми негіздері
Салауатты өмір − қоғамның белгілі бір тарихи түріне
сәйкес келетін өмір сүру жағдайларының жиынтығы. Салауатты
өмір қоғамның материалдық түрлерінен құрылған бүтін жүйе.
Оның
құрамына
адамның
отбасы,
мәдениеті,
тіршілік
әрекеттері, және т.б. кіреді. Негізгі мәніне адамдардың қарым-
қатынастары мен өзара әсер етуі жатады. Бұдан салауатты өмір
деген түсініктің ғылыми құндылығын анықтау үшін адамды
сипаттау керек. Адамның сипаты мынадай: адам белгілі қоғамға
және белгілі әлеуметтік топқа жатады, қоғамның мүшесі ретінде
өмір
сүру
қасиеттерімен
ерекшеленеді.
Адамның
бұл
сипаттамасының психологиялық сипаттамасынан (адамның
мінез-құлқын, мәнерінің ұнатуы, жоғары бағалауы, назары,
көңілі,
қызығушылығы,
талабы
және
т.б.)
ерекше
айырмашылығы бар. Мұндай психологиялық сипаттама бір
адамды басқа адамнан ажыратуға мүмкіндік береді. Бірақ, оны
салауатты өмірінің мәнін көрсетпейді. Салауатты өмір деген
түсінік адамның тіршілік етуі мен өмір сүруінің барлық негізгі
салаларын − еңбек етуін, тұрмысын, қоғамдық-саяси іс-әрекетін
және бос уақытын қамтиды.
Салауатты өмірді екі бағытта қарауға болады.
1. Адамның күнделікті тіршілік әрекеті. Мұның
нәтижесінде адам өзіне қажетті жағдайларды ұйымдастырады.
Оның іс-әрекеті өзін сақтауға, қорғауға және өмірін ұзартуға, ал
мінез-құлқы адамдар арасында қарым-қатынас жасауға, оны
қалыптастыруға
бағытталады.
Осының
нәтижесінде
экономикалық жағдайларды жасайды. Осыдан өндіріс тәсілі,
еңбектің қоғамдық түрлері, идеология қалыптасады.
2. Тарихи кезеңдер. Адам өзінің қасиеттері (өмір сүре
алатын мүмкіндігі, қабілеті) арқылы өзінің тарихын жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |