Country report цифрлық медиалар картасы


 5 « А Ш Ы Қ   Қ О Ғ А М »   Қ О Р Ы Н Ы Ң   Е С Е П Т Е М Е С І           2 0 1 3



жүктеу 169,95 Kb.
Pdf просмотр
бет34/54
Дата13.02.2018
өлшемі169,95 Kb.
#9467
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   54

7 5
« А Ш Ы Қ   Қ О Ғ А М »   Қ О Р Ы Н Ы Ң   Е С Е П Т Е М Е С І           2 0 1 3
Прашкевич  ханымның  пікірі  бойынша,  түсіндірмелер  азшылықтардың  мəселелерін  талқылау 
үшін  маңызды  функционалдық  мүмкіндік  жəне  қоғамның  көзқарастарын  өлшеу    индикаторы 
болып табылады:
«Онлайн-БАҚ-тар бəрібір цензураға ұшырайды, олардың өздерінің редакциялық саясаты 
бар. Журналистер қалайтындай, толық сөз бостандығы жоқ. Мен қоғамның əлеуметтік 
азшылықтарға  қатысты  көзқарасына  интернет  пайдаланушылардың  түсіндірмелері 
бойынша  ғана  тұжырым  айта  аламын.  Тіпті    түсіндірмелердің  белгілі  бір  дəрежеде 
тежелгеніне  (модерация)  қарамастан,  олар  көп  нəрселер  туралы  айта  алады. 
Қырғызстанда ұйғыр ұлты өкілдерімен орын алған қақтығыстар туралы дəстүрлі жəне 
онлайн-БАҚ-тар жазғанда, түсіндірмелерден ол жағдайдың қазақстандықтарды қатты 
алаңдатқаны  байқалды.  Ондай  кезде    түсіндірмелерге    тек  дұрыс  талдау  жасалуы 
қажет».
163
ЛГБТ-қоғамдастықтарының «Амулет» атты тобы –  жыныстық ықылас-ниеттерге байланыссыз, 
құқықтардың  теңдігін  насихаттайтын,  сол  аттас  алматылық  үкіметтік  емес  ұйым.  Олар  «Мой 
Мир» (250-ден  астам  қатысушысы  бар  жабық  топ), Facebook, Twitter, Vkontakte   əлеуметтік 
желілеріндегі  аккаунттарға  жалғанған  өздерінің Amuletgbt.kz  сайтын  жүргізеді.  Прашкевич 
ханымның сөзі бойынша, ЛГБТ-қоғамдастық онлайн-кеңістікте тым белсенді, бұл, бір жағынан, 
олардың қоғамдағы тысқары жағдайының өтемі іспетті.
164
4.4.  Саяси əртүрлілік
4.4.1. Сайлаулар жəне саяси тақырыптардың жарыққа шығуы
Қазақстандағы  сайлауларды  реттейтін  негізгі  заң – ол 1995 жылы  қабылданған  «Қазақстан 
Республикасындағы  сайлау  туралы»  конституциялық  заң.  Соңғы  өзгертулер  оған 2007 жылы 
енгізілген.
165
  Цифрлық  тəсілмен  хабар  таратуға  көшу – өзгертулер  енгізудің  себебі  ретінде 
тікелей аталған жоқ, бірақ интернет құқықтық реттеудің маңызды түрі болып табылады. Зерттеу 
авторлары үкіметішілік талқылауларға қол жеткізе алмағанмен, бірақ ақпарат өрісінде де, саяси 
пікірсайыстарда да интернеттің бірегей рөлі жəне артып отырған маңызы айқын.
Біріншіден,  кейбір  танымал  үкіметтік  шенеуніктер  əлдеқашан  интернетті  саяси  мақсаттарға 
пайдаланудың  мүмкіндіктерін  қарастырып  қойған (4.4.2-тармақты  қараңыз).  Екіншіден, 
БАҚ-тарды  реттейтін  заңдардың  кейінгі  уақытта  қабылданған  топтамасы  интернеттің  рөлін 
мойындайды: бұл интернеттің тəуелсіздігін үкіметтің қатаң  бақылауға алынған дəстүрлі БАҚ-
тардың дəрежесіне дейін азайтуға бағытталған  əрекеттерін білдіреді. Ол заңдар бұрын қызметі 
163 «GOOD» 
жарнама агенттігінің PR-маманы,  Nur.kz-тің редакторы Ж.Прашкевичпен сұхбат, Алматы, 2011 жылғы наурыздың 14-і.
164 «GOOD» 
жарнама агенттігінің PR-маманы,  Nur.kz-тің редакторы Ж.Прашкевичпен сұхбат, Алматы, 2011 жылғы наурыздың 14-і.
165  Қазақстан  Республикасының 1995 жылғы  қыркүйектің 28-індегі  № 2464 «Қазақстан  Республикасындағы  сайлау  туралы» 
конституциялық заңы. http://www.akorda.kz/ru/page/440 қолжетімді күн: 2013 жылғы сəуірдің 28-і).


Ц И Ф Р Л Ы Қ   М Е Д И А Л А Р   К А Р Т А С Ы         Қ А З А Қ С Т А Н
7 6
журналистермен  жəне  БАҚ-тармен  қатар  ерекше  заңдық  реттеуге  ұшырамаған  блогерлерге  де 
құқықтық жауапкершілік жүктейді (7-тарауды қараңыз).
 
4.4.2. Саяси байланыс
Саяси  партиялардың  көпшілігінің  корпоративтік  веб-сайттары  бар,  ал  бірқатар  саясаткерлер 
əлеуметтік  желілерде  беттерін  жүргізіп, Twitter мен  блогтарды  тиімді  пайдаланады.  Кəрім 
Мəсімовтің Twitter аккаунттары ерекше назар аударуға тұрарлық. Оның орыстілді аккаунтында – 
69 895 фолловер,  ағылшын  тіліндегі  аккаунтында 6 308 фоллевер  бар  (бұл – 2013 жылғы 
ақпанның 4-індегі деректер). Өзінің танымалдығына қарамастан, Мəсімов мырзаның твиттері – 
ол көбінесе мерекелермен құттықтау болып келеді, ал маңызды твиттері аз. Мəсімов мырза 2012 
жылғы қыркүйекте премьер-министр лауазымынан босатылғаннан кейін оның аккаунттарының 
белсенділігі азайды.
Саяси онлайн-байланыстардың тиімділігі өзгеріп тұрады. Билеуші «Нұр Отан» партиясының веб-
сайты – Ndp-nurotan.kz, мысалы, мультимедиалық онлайн-қызметтерге аз көңіл аударады.  Сайттың 
жаңалықтар таспасы партия мен үкіметтің қызметі туралы ақпараттық хабарлармен жəне басқа 
да  оқиғаларды  баяндаумен  жаңартылып  тұрады.  Сонымен  қатар  сайтта  партияның  құрылымы,  
оған  қабылдану  ережелері  жəне  тағы  басқалар  жайындағы    ақпараттар  орналастырылады. 
Бұл  партияның  саясаттағы  биік  тұрған  жағдайы  бұлжымастай  болса,  тиісінше,  тиімді  онлайн-
байланыстарға деген ерекше ынтасы жоқ сияқты əсер қалдырады.
Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясы – Knpk.kz те инновациялық веб-дизайннің үлгісі 
емес, бірақ сайт əлеуметтік желілермен біріккен. Оның  сурет жəне бейне, RSS-жолдаулары бар.
Оппозициялық жастар ұйымының «Рух пен тіл» – Rukhpentil.org. сайты да осыған ұқсас түрде 
құрылған:  онда  соңғы  оқиғаларды  бейнелейтін  суреттердің  слайд-шоуы,  бейне-көріністері, 
пайдаланушылар  форумы  жəне Facebook-тағы, Yvision-дағы  беттерге  жəне  басқаларына 
сілтемелер бар.
Тысқары  немесе  оппозициялық  топтар  мен  ұйымдар,  өздерінің  қарсыластарына  қарағанда, 
мультимедиалық  қызметтерді  тиімді  пайдаланады.  Интернет-технологиялар  таңдамалы 
тұтынушылардың ауқымын елеулі түрде кеңейтуге мүмкіндік туғызғанмен, қазіргі қалыптасып 
отырған саяси ахуалда жаңа ойыншылардың пайда болуының ықтималдығы тым аз.
4.5.  Қорытынды
Қазақстанда  интернеттендіру  бірқатар  қарама-қайшы  нəтижелерге  келтірді.  Оң  нəтижелерге: 
оның журналистерге де, тұтынушылардың өздеріне де, үкіметтің  бақылауындағы дəстүрлі БАҚ-
тарға  қарағанда  еркіндеу  интернет-алаңдардың  көмегімен  ақпаратқа  қол  жеткізу  мүмкіндігінің 
кеңейгенін  жатқызуға  болады.  Ақпарат  жинаудың  жəне  таратудың  төмен  шығындылығы  да, 


жүктеу 169,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау