7 7
« А Ш Ы Қ Қ О Ғ А М » Қ О Р Ы Н Ы Ң Е С Е П Т Е М Е С І 2 0 1 3
ақпарат тұтынушылармен интербелсенді қарым-қатынас та тиісті рөл атқарды. Оқырман
ақпаратты енжар пайдаланушы болса да, енді журналистік контентті айқындық пен жеделдік
бойынша бағалайтын ақпарат беруші бола отырып, пікірсайысқа белсенді тартылатын болды.
Асырапайдаланушылықтар мен əшкерелеулер қандай да бір шамада жария етілетін ақпараттық
ресурстардың саны артты. Блогтар мен əлеуметтік желілерде жарияланған көптеген материалдар,
журналистік зерттеулер деп атауға келмесе де, үкіметке құлықты БАҚ-тардың балама
жарияланымдары бола алады. Күнібұрын анықталмаған, болжаммен жүргізілген журналистік
зерттеулердің сот арқылы қудалану жəне жала жабылды деп айыпталу қаупі бар.
Екінші жағынан, жаңа ақпараттық технологиялар ақпаратты ұрлап алу қаупін де айтарлықтай
көтеріп отыр. Жаңалықтар редакцияларының өздерінің тұтынушыларының «барлығы туралы дəл
қазір» дейтін сұраныстарын орындауы телефон жəне электрондық пошта арқылы дереккөздермен
жеке байланыстар орнатуына келтірді. Енді журналистерден ақпаратты көбірек өңдеу жəне тіпті
кейде материалдың тереңдігі мен сапасын құрбан етіп, күн сайын бірнеше материал əзірлеу талап
етіледі.
Коммуникациялар арналарының өздерінің жəне олардың қоғамдық пікірге ықпалының кеңеюімен
бірге, журналистерге қатысты саяси қысым ауқымы енді онлайн-кеңістікке де көшті.
Саяси қайраткерлер интернетті өздерінің сайлаушылар топтарымен (электорат) қарым-қатынас
орнатудың ақпараттық алаңы ретінде пайдалана бастады. Мемлекеттік БАҚ-тар мультимедиалық
журналистика жағынан өздерінің саяси бəсекелестерінен артта қалған. Сол сияқты, билеуші
партия, ұсағырақ саяси ойыншылармен салыстырғанда, цифрлық құралдарды пайдалануға аса
шебер емес.
Дəстүрлі БАҚ көбінесе көзге ілмейтін ЛГБТ-қоғамдастықты қоса алғанда, интернет əлеуметтік
азшылықтарға өздерін көрсетуге жəне байланыстар жасауға мүмкіндіктер ашып берді.
Ц И Ф Р Л Ы Қ М Е Д И А Л А Р К А Р Т А С Ы Қ А З А Қ С Т А Н
7 8
5. Цифрлық медиа жəне технологиялар
5.1. Жиіліктік хабар тарату шоғыры (спектрі)
5.1.1. Жиілік шоғырын бөлу саласындағы саясат
Қазақстанда хабар таратудың цифрлық əдісіне көшу үдерісі бастапқы кезеңнен асқан жоқ: оның
заңдық ауқымдары ғана белгіленген, ал арнаулы реттеу əзірлену үстінде. Цифрлық тəсілмен
жерүсті хабар таратуды іске қосу 2012 жылдың шілдесінде бес қалада: Алматы, Астана,
Қарағанды, Жезқазған жəне Жаңаөзенде басталды. 2011 жылдың желтоқсанында адам өліміне
жеткізген тəртіпсіздіктер жəне полициямен қақтығыстар орын алған (3.2.1-тармақты қараңыз)
Жаңаөзен бастама жобаға 2012 жылдың мамырында енгізілді.
Хабар таратудың аналог жүйесі заманында жиілік шоғырын бөлуге жауапты уəкілетті орган
Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің Ақпарат жəне мұрағаттар комитеті (ары қарай – Комитет)
болған-ды. Ол Жерүсті теле-радио хабарларын таратуға құқық алу конкурстарын өткізу жөніндегі
комиссияның (ары қарай – Комиссия) қызметін қадағалау міндеттерін атқарды. Аталған Комиссия
хабар тарату компанияларына лицензиялар беретін. Алғаш рет Комиссия 2002 жылғы ақпанның
11-інде ҚР Үкіметінің қаулысымен құрылған-ды.
166
Бұл органның құрамы мен құрылымы сол
уақыттан бері қарай көп рет өзгерді, бірақ жұмысының басынан-ақ оның мүшелерін сайлауда
күнібұрын кесіп-пішіп қойған əлдебір қате түсінік сақталды. Комиссияны басқару жəне оның
мүшелерін тағайындау – министрдің құзырындағы іс. Комиссия мүшелерінің белгіленген
саны жоқ, бірақ ол 16 мен 23 адам арасында өзгеріп тұрған-ды. Комиссияның құрамында
азаматтық қоғамның екі өкілі – «Қазақстанның Ұлттық теле-радио хабарларын таратушылар
қауымдастығының» (ары қарай – «Қазақстан ҰТҚ-ы») атқарушы директоры Шолпан Жақсыбаева
мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Намазалы Омашев
болған. Кейіннен үкімет Комиссия мүшелерінің санын 23-ке дейін көбейтуге шешім қабылдап,
үкіметтік емес ұйымдар үшін жеті орын бөлген.
166 Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында жерүсті теле-радио хабарларын тарату құқын алуға конкурстар
өткізу бойынша комиссия құру туралы» 2002 жылғы ақпанның 11-індегі № 203-Қаулысы, http://medialawca.org/document/2409
(қолжетімді күн: 2013 жылғы сəуірдің 24-і).
7 9
« А Ш Ы Қ Қ О Ғ А М » Қ О Р Ы Н Ы Ң Е С Е П Т Е М Е С І 2 0 1 3
2011 жылы аталған Комиссия «Теле-радио хабарларын таратуды дамыту мəселелері жөніндегі
комиссия» болып өзгертілді. Оның құрамына үміткерлерді Мəдениет жəне ақпарат министрлігі
(2012 жылғы қаңтарға дейін – Байланыс жəне ақпарат министрлігі) ұсынып, үкімет бекітті.
Медиалық үкіметтік емес ұйымдар Комиссияда азаматтық қоғам өкілдерінің санын арттыруды
талап етті: бұл Комиссияның тəуелсіз мəртебесін қамтамасыз ететін-ді.
Алайда бұл ұсыныс Қазақстан Республикасының 2012 жылғы қаңтардың 18-інде шыққан «Теле-
радио хабарларын тарату туралы» № 545-IV Заңының (ары қарай – «Теле-радио хабарларын
тарату туралы» ҚР Заңы) ережелерінде ескерілмеді.
167
Қазіргі таңда Комиссия жиілік шоғырын бөлу бойынша ұсыныстар əзірлеп, мемлекетке тиесілі
цифрлық мультиплекстерді анықтау үстінде. Комиссияның шешімі үкіметтің түбегейлі бекітуіне
жатады.
Қазақстанда аналог хабар тарату заманында «жерүсті теле-радио хабарларын тарату бойынша
қызметті іске асыру құқын» алу іс-шарасы екі кезеңді қамтитын. Жиілік алу конкурсына қатысу
үшін, үміткер заңды тұлғаның тіркелуі туралы құжаттарды, барша техникалық, қаржылық
жəне шығармашылық ерекшеліктерімен қоса, жиілікті пайдалану жоспарын, сондай-ақ бизнес-
жоспарын табыс ететін. Келесі кезеңде «теле-радио хабарларын тарату қызметін жүзеге асыруға»
жеке лицензия жеңімпаздарға ғана берілетін.
Аналог хабар тарату заманында мерзімсіз лицензиялар берілетін. 1990 жылдары жеке хабар
таратушылар белгілі бір елді мекенде хабар тарату құқын беретін лицензия алу үшін 50 мыңнан
80 мыңға дейін АҚШ долларын (7,5 млн. теңгеден 12 млн. теңгеге дейін) төлейтін.
168
Нақты
белгіленген кесімді баға да, оны есептеудің айқын əдістемесі мен ашық механизмі де болмады.
Бағалар бір станция мен екінші станция арасында өзгеріп, жұртшылық үшін қолжетімді болмады.
Қарағандыдағы жекеменшік «Новое ТВ» станциясының бастығы, 90 жылдардың соңында
лицензиялау үдерісінен өткен Руслан Никонович: «Белгілі бір жарна төлеген соң, бізге жиілікті
белгілі бір мерзімде пайдалану құқына құжаттар беретін-ді. Бірақ бұл жарналардың қалай
есептеліп шығарылғанын мен білмеймін», – деді.
169
2011 жылдың соңына қарай хабар таратушылардың аналог жиіліктерден айырылып қалу
ықтималдығы биліктегілер мен жетекші медиалық ҮЕҰ («Қазақстан ҰТҚ-ы», «Əділ сөз»
қоғамдық қоры, «Internews Kazakhstan») мен пікірсайыстарға қатысқан жеке хабар таратушылар
арасындағы негізгі қарама-қайшылықтардың біріне айналды.
167 Қазақстан Республикасының 2012 жылғы қаңтардың 18-інде шыққан «Теле-радио хабарларын тарату туралы» № 545-IV Заңы,
http://online/zakone/kz/Document/?doc_id=31114820 (қолжетімді күн: 2013 жылғы қаңтардың 8-і).
168 «Қазақстан ҰТҚ-ы» атқарушы директоры Ш.Жақсыбаевамен сұхбат, Алматы қ., 2012 жылғы қаңтардың 8-і.
169 «Новое ТВ-нің» бас директоры Р.Никоновичпен электрондық пошта арқылы сұхбат, 2013 жылғы қаңтардың 9-ы.
Достарыңызбен бөлісу: |