8 3
« А Ш Ы Қ Қ О Ғ А М » Қ О Р Ы Н Ы Ң Е С Е П Т Е М Е С І 2 0 1 3
5.2.2. Цифрлық платформалардың гейткиперлері
Цифрлық форматта хабар тарату бастапқы сатысында тұрғандықтан жəне оның көптеген егжей-
тегжейлері анық болмағандықтан, мультиплекстерге қолжетімдік беретін ұйымдардың құрылымы,
олардың хабар таратушылармен өзара қарым-қатынастарының ұстанымдары, сондай-ақ бұл
тəжірибенің аналог заманында болғаннан айырмашылықтары қандай болатыны туралы айту қиын.
Алғашқы екі мультиплекстің құрамын үкіметтің бақылауына жататын комиссияның ұсыныстары
негізінде үкімет əзірлейтін болғандықтан, сірə, міндетті пакеттің құрамын (ағылшынша – must-
carry) жəне еркін қолжетімдік мультиплексін (ағылшынша – FTA-package) техникалық мəселелерге
жауапты «Қазтелерадио» АҚ-ымен бірге үкімет бақылауға алатын болар. Бүгінгі күні, егер жеке
меншіктегі хабар таратушылар өздерінің мультиплекстерін іске қосуды ойластырса, үкіметтің сол
жеке хабар таратушылардың қызметіне қандай дəрежеде бақылау жасауға тартылатынын бағалау
қиын.
5.2.3. Дабыл беруші желілер
Аумағының үлкен көлемдері жəне жерүсті цифрлық хабар таратудың балама желісін құруға
жұмсалатын орасан көп шығын Қазақстанда жалпыұлттық деңгейде немесе елдің көпшілік
облыстарында жұмыс істейтін балама операторлардың пайда болуы ықтималдығын азайтады. Бұл
«Қазтелерадио» АҚ-ын дабылдар беру саласындағы табиғи монополиске айналдырады. Алайда
«Қазтелерадио» АҚ-ы басқармасының төрағасы Абай Қадыралиев Қазақстанның монополияға
қарсы заңнамасының дабыл беруші желілерге қолжетімдіктің жоғары тарифтерін белгілеуге жол
бермеу үшін пайдаланылатынын айтады.
185
Бүгінгі күні аймақтық хабар таратушылардың дабылдар берудің жергілікті желілерін құра
алатыны анық болмай отыр. «Қазтелерадио» АҚ-ының Стратегиялық даму департаментінің
төрағасы Валентина Ключникова толықтай мемлекет меншігіндегі «Қазтелерадио» АҚ-ының
конкурстық негізде өздерінің желілеріне мультиплекстің жеке операторына қолжетімдікті
«мемлекеттің ақпарат саясатына жəне заңнамасына қарсы келмейтін шартпен» бере алатынын
жоққа шығармайды.
186
Кабельдік жəне жерсеріктік хабар таратудың артып отырғанын ескере келгенде, жерүсті хабар
тарату желісі алдағы уақытта танымалдығынан айырылып қалуы ықтимал.
185 Internews
Kazakhstan, «Қазақстан хабар таратудың жаңа форматына көшуге дайындалуда. Бұның қалай іске асатыны жайында
С.Сəрсенов пен А.Қадыралиев айтып берді». 2012 жылғы мамырдың 11-і, http://www.internews.kz/newsitem/11-05-2012/18527
(қолжетімді күн: 2012 жылғы қазанның 19-ы).
186 «Қазтелерадио» АҚ-ының Стратегиялық даму департаментінің төрағасы В.Ключниковамен сұхбат, Алматы қ., 2013 жылғы
қаңтардың 10-ы.